Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына



бет8/15
Дата19.02.2023
өлшемі0,56 Mb.
#169335
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97

1. М- және Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар
• М -, Н-х олиномиметиктер
Ацетилхолин Карбахолин
• М -, Н-х олиноблокаторлар
Циклодол
2. Холинэстеразаға қарсы заттар
Физостигмин салицилаты Прозерин
Галантамин гидробромиді Армин
3. М-холинорецепторларга эсер ететін заттар
• М-х олиномиметиктер (мускариномиметикалық заттар)
Пилокарпин гидрохлориді Ацеклидин
• М-х олиноблокаторлар (антихолинергиялық, атропин
тәріздес заттар)
Атропин сульфаты Метацин
Платифиллин гидротартраты Ипратропий бромиді Скополамин гидробромиді
Г рек тілінен тітеsis - ұқсату.
69
4. Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар

  • Н-х олиномиметиктер (никотиномиметикалык заттар)
    Цититон Лобелин гидрохлориді

  • Н-холинорецепторлардың немесе олармен байланысқан
    иондық каналдардың тежегіштері
    Ганглиоблокаторлық заттар

Бензогексоний Пентамин Гигроний Пирилен Арфонад Кураре тәрізді заттар (шеткі әсерлі миорелаксанттар) Тубокурарин хлориді Панкуроний бромиді Пипекуроний бромиді
З.І.МУСКАРИНГЕ ЖӘНЕ НИКОТИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР
3.1.1. М- ЖӘНЕ Н- ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЬН ЗАТТАР (М-, Н-ХОЛИНОМИМЕТИКТЕР)
Бұл топтың заттарына ацетилхолин және оның аналогтары жатады. Холинергиялық синапстарда медиатор рөлін атқаратын ацетилхолин холин мен сірке қышкылының күрделі эфирі және моно-төртіншілік аммоний қосылыстарына жатады. Дәрілік препарат ретінде мүлде қолданылмайды, өйткені ол өте қыска уақыт әсер етеді (бірнеше минут). Сонымен қатар ацетилхолин (әдетте хлорид түрінде: Г=СІ) тәжірибелік физиология мен фармакологияда кеңінен қолданылады.

Ацетилхолин М- және Н-холинорецепторларға тікелей ынталандырғьш эсер көрсетеді. Ацетилхолиннің жүйелік әсерінде М-холиномиметикалық әсері басым болады: брадикардия, тамырлардың кеңеюі, бронхтың және асқазан-ішек жолдарының бұлшық еттерінің тонусы мен жиырылу белсендігінің жоғарылауы, бронхтың және ас қорыту жолдары бездерінің секрециясының жоғарылауы және т.б. Осы барлық әсерлер негізінен холинергиялык (парасимпатикалық) жүйкелерді қоздырғанда пайда болатын әсерлерге ұқсас (3.2. кестені қара). Ацетилхолиннің вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторларына (симпатикалық және
70
Ацетилхолин қаңка бұлшық еттерінің Н-холинорецепторларына ынталандырғыш әсер көрсетеді. ОЖЖ-сінде де ацетилхолинге сезімтал холинорецепторлар бар. Ацетилхолин өте жоғары концентрацияларда (физиологиялықтан тыс) холинергиялык берілулерді тежейтін мүмкіндігін ескеру қажет.
Медицина практикасында глаукомада сирек ацетилхолинніц аналогы карбахолин қолданылады. Карбахолиннің ацетилхолиннен айырмашылығы оның тұрақтылығында. Ол ацетилхолинэстеразамен гидролизге түспейді, сондықтан айтарлықтай ұзақ әсер көрсетеді (1-1,5 сағ шамасында). Карбахолин тек тікелей холиномиметикалық әсер ғана көрсетіп қоймай, пресинаптикалық ұштардан ацетилхолиннің шығуын ынталандырады. Карбахолиннің фармакологиялық әсерінің спектрі ацетилхолинмен бірдей. Ол М- және Н-холинорецепторларга әсер етуімен анықталады.
3.1.2. М- ЖӘНЕ Н-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ
ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР (М-, Н-ХОЛИНОБЛОКАТОРЛАР)
10 тарауды қара "Паркинсонға қарсы заттар" 3.2. ХОЛИНЭСТЕРАЗАҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР
Ацетилхолин медиаторы көбінесе ацетилхолинэстераза ферментімен ыдырауға ұшырайды. Соңғысы көп мөлшерде ацетилхолин бөлінетін жерде постсинаптикалық мембранада (постганглионарлық холинергиялық талшықтар ұштарында, қозғалтқыш жүйкелерінің ұштарында, ОЖЖ-де, вегетативті ганглийлерде және т.б.) шоғырланған. Бұл ацетилхолиннің холин мен сірке қышқылына айналатын жылдам энзиматикалық гидролизіне әкеледі.
Ацетилхолинэстераза1 ацетилхолин молекуласының 2 жерімен - анионды және эстеразды орталықтарымен байланысады. Анионды орталықпен электростатикалық күш арқылы ацетилхолиннің оң зарядталған төртіншілік азот атомымен, ал эстеразды орталығы - оның карбонилды тобының көміртегімен байланысады.
Холинергиялык берілулер айтарлықтай дәрежеде бөлінетін ацетилхолин мен ацетилхолинэстераза концентрациясының қатынасына тәуелді болуы мүмкін. Қозудың берілуін жеңілдету мүмкіншілігінің бірі
1 Адетилхолинэстераза тазартылған және кристалл түрінде бөлініп алынған белокты зат.
72
ацетилхолинэстеразаны тежеу болып табылады. Осы мақсатпен холинэстеразаға қарсы заттар қолданылады. Олардың негізгі әсерлері бұл заттардың ацетилхолинэстеразаны1 тежеуімен және ацетилхолиннің гидролизіне кедергі жасауымен байланысты. Бұл холинорецепторларға аса айкын және ұзақ әсерімен байқалады. Сонымен, бұл препараттардың әсері М- және Н-холиномиметиктерге ұқсас, бірақ холинэстеразаға қарсы заттардың әсері ацетилхолин арқылы жүзеге асады. Жеке препараттар (мысалы, прозерин) біраз тікелей холиномиметикалық әсер көрсетеді.
Холинэстеразаға қарсы препараттардың ацетилхолинмен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды 2 топқа бөлуге болады:
I. Әсері қайтымды препараттар
Физостигмин салицилаты Прозерин Галантамин гидробромиді
II. Әсері қайтымсыз препараттар2
Армин
Ацетилхолинэстеразаны тежеу ферменттің ацетилхолин байланысатын жерімен дәрілік заттардың да байланысуы аркылы жүреді. Кейбір препараттар аниондық және эстеразалык орталықтармен (прозерин), басқалары - тек аниондық (эдрофоний) немесе тек эстеразалық (көптеген фосфорорганикалық қосылыстар) орталықтармен байланысады. Сонымен қатар, холинэстеразаға қарсы заттар мен ацетилхолинэстеразаның өзара әсерлесуінде гидрофобты байланыстар маңызды рөл атқарады.
Холинэстеразаға қарсы заттар ацетилхолиннің гидролизіне кедергі жасай отырып, мускарин және никотин тәріздес әсерлерді күшейтеді және ұзартады. М-холиномиметикалық әсерлер бірқатар тегіс бұлшық еттердің (көздің қасаң қабағының айналма бұлшық еті мен кірпікшелі бұлшық еттері, бронх, асқазан-ішек жолдарының өт жолдарының және т.б. бұлшық еттері) тонусы мен жиырылу белсенділігінің жоғарылауымен байқалады. Холинэстеразаға қарсы заттар емдік мөлшерде әдетте брадикардия шақырады, жүректің жұмысы төмендейді, жүректің өткізгіш жолдарында қозудың берілу жылдамдығы баяулайды. Артериялық қысым төмендейді. Препаратты көп мөлшерде енгізгенде тахикардия (жүректің жиырылу жиілігіне әсері олардың тек М-
1 Холинэстеразаға қарсы заттар қанның сары суында, глиалды элементтерде,
бауырда және т.б. жерлерде орналаскан холинэстеразаны да (бутирилхолинэстеразаны,
псевдохолинэстеразаны) тежейді. Бутирилхолинэстеразаның кызметі белгісіз. Дегенмен,
ол жүйке ұштарымен бөлінетін ацетилхолиннің гидролизіне қатыспайтыны белгілі.
2 Әсері қайтымсыз заттарға, арминнен басқа ФОҚ тобынан басқа да
холинэстеразаға қарсы заттар жатады. «Қайтымсыз әсер» термині шартты түрде
қолданылады, өйткені бұл заттар ацетилхолинэстераза байланысынан өте баяу болса да
босап шығады.
73
холинорецепторларға әсерімен ғана емес, сонымен қатар симпатикалық ганглийлердің, бүйрек үсті безінің милы заттарының және сопақша ми орталықтарының холинорецепторларын ынталандыруына да байланысты) дамуы мүмкін.
Холинергиялык иннервациясы бар бездердің (бронхиалды, ас қорыту, тер және т.б.) секрециясын холинэстеразаға қарсы заттар күшейтеді.
Никотин тәріздес әсерлер жүйке-бұлшық еттік берілулерде де, вегетативті ганглийлерде де байқалады. Холинэстеразаға қарсы заттар аз мөлшерде қаңқа бұлшық еттеріне және вегетативті ганглийлерде қозудың берілуін жеңілдетеді, ал көп мөлшерде тежегіш әсер көрсетеді.
Холинэстеразаға қарсы заттар аз мөлшерде ОЖЖ-сін ынталандырады (электроэнцефалограмманың десинхронизациясы дамиды, бірқатар рефлекторлы реакциялардың уақыты азаяды). Жоғары, әсіресе уытты мөлшерлерде бұл заттар ОЖЖ-сін тежейді.
Холинэстеразаға қарсы препараттардың көздің қызметіне, асқазан-ішек жолдарының, қуықтың тонусы мен моторикасына, жүйке-бұлшық еттік берілулерге және ОЖЖ-не әсерлері практикалық қызығушылық тудыруда.
Холинэстеразаға қарсы заттар көзге келесі түрде әсер етеді:
а) нұрлы қабаттың (радужная оболочка) айналма бұлшық етіндегі (т.
Sphincter pupillae) М-холинорецепторлардың қозуына және осы бұлшық еттің
жиырылуына байланысты қарашықтың тарылуын (миоз1) шақырады;
б) көз іші қысымын төмендетеді. Соңғысы миоздың салдарынан болады.
Бұл кезде нұрлы қабат жұқалана түседі, көздің алдыңғы камерасының
бұрыштары барынша ашылады, осыған байланысты нұрлы-қасаң қабатты
бұрыштың (фонтанов) кеңістігі арқылы ақ қабақтың (склера) венозды
синусына (шлеммов каналы) көз іші сұйғының ағып өтуі жеңілдейді;
в) аккомодацияның спазмын шакырады. Берілген жағдайда заттар тек
холинергиялық иннервациясы бар кірпікшелі бұлшық еттерінің (т. сillaris)
М-холинорецепторларын ынталандырады. Соңғысының тарылуы кірпікшелі
белбеуінің (циннов байламы) босаңсытады, осыған байланысты көз
бұршағының (кривизна) дөңестігі үлкейеді. Көз жақын жерден көруге
бейімделеді.
Холинэстеразаға қарсы заттардың көз іші қысымын төмендету қабілеті глаукоманы емдеуде кеңінен қолданылады.
Асқазан-ішек жолдарының моторикасына холинэстеразаға қарсы заттар холинергиялық иннервацияның М- және Н-холинорецепторлары және бұлшық ет аралық (ауэрбахово) өрімдер (сплетение) арқылы ынталандырғыш әсер көрсетеді. Қуыктың тонусы мен жиырылу белсенділігі жоғарылайды. Бұл
1 Грек тілінен туоsis - жабу.
74
әсерлер ішек және қуықтьң атониясын жою үшін қолданылады.
Холинэстеразаға қарсы препараттар жүйке-бұлшық етінің берілуін жеңілдетуіне орай миастенияда, сонымсн қатар деполяризацияға қарсы (бәсекелес) әсері бар кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде қолданылады (3, 4 тарауды қара).
Препараттарды таңдау олардың белсенділігімен, тіндік тосқауылдардан өту қабілетімен, әсерінің ұзақтығымен, тітіркендіргіш қасиетімен, уыттылығымен анықталады. Глаукомада прозерин (неостигмин метилсульфаты), физостигмин, армин (бұлардың ерітінділерін конъюнктивалды қуысқа тамызады) қолданылады. Галантамин мұндай мақсатпен қолданылмайды, өйткені ол тітіркендіргіш қасиет көрсетіп, конъюнктиваның ісінуін шакырады.
Резорбтивті әсер үшін (миастенияда, ішек пен қуықтың атониясында, полиомиелиттен кейін, деполяризацияға қарсы әсері бар кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде) әдетте уыттығы төмен заттар прозерин және галантамин қолданылады, сирек - физостигмин.
Гематоэнцефалды тосқауылдан галантамин (нивалин) және физостигмин (үшіншілік аминдер) өтеді. Осыған байланысты полиомиелиттен кейін калған көріністерде холинергиялық берілулерді тек шетте ғана емес, сондай-ақ ОЖЖ-де де белсендіру үшін галантамин қолданылады.
Ересек және қарт жастағы адамдарда прогрессивті деменцияның бастапқы кезеңдерінде (Альцгеймер ауруы секілді) физостигмин есте сақтау қабілетін жақсартады. Осы мақсатпен галантаминді1 де қолдануға болады.
Физостигмин М-холиноблокаторлармен және әсер спектрінде айқын М-холиноблокаторлық компоненті бар орталық әсерлі заттармен (мысалы, кейбір психотропты заттармен) уланғанда қолданылады.
Резорбтивті әсер ету үшін прозеринге қарағанда әсерлері ұзағырақ пиридостигмин бромиді (местинон) және о к с а з и л (амбеноний хлориді) қолданылады.
Эдрофоний (тензилон) өте қысқа уақыт әсер етеді, сондықтан деполяризацияға қарсы әсері бар кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде қолданылады.
1 Альцгсймер ауруын емдеуде холинэстеразаға қарсы препарат ривастигмин (экселон) ұсынылған. Мидың ацетил- және бутирилхолинэстеразасы оның тежегіш әсерлерінің негізгі нысаналары. Тәжірибеде ривастигмин шеткі тіндерге (жүрсктін, қаңқа бұлшық еттерінің және т.б.) қарағанда гиппокамп пен бас ми қыртысының ацетилхолинэстсразасын белсенді түрде тежейтіні анықталды. Сонымен, ОЖЖ-де холинергиялық берілудің жүйкслік импульстері жаймсн қалпына кследі. Препаратты курспен қолдану Альцгеймер ауруының көріністерін төмендетіп, наукастың жағдайының жақсаруына әкеледі.
75
Холинэстеразаға қарсы препараттармен улану мүмкін. Бұл негізінде ағзада ацетилхолиннің көп мөлшерінің жиналуына және холинорецепторларды тікелей қоздыруына байланысты. Аса жиі уланулар ФОҚ-ды1 қолданғанда байқалады. Олар өздерінің айқын липофилділігіне байланысты кез-келген жолмен енгізгенде жақсы сіңеді (тері бетіне енгізгенде де) және ацетилхолинэстеразаны ұзақ уакытқа тежейді. ФОҚ-мен жедел улану кідірместен дәрігердің көмегін талап етеді. Ең бірінші енгізілген жерден ФОҚ-ты шығару керек. Егер бұл тері беті немесе шырышты қабаттар болса оларды натрий гидрокарбонатының 3-5% ерітіндісімен барынша шаю қажет. Заттардың ас корыту жолдарына түсуінде асқазанды шаяды, адсорбциялаушы және іш жүргізгіш заттар береді және жоғары сифонды клизмалар тағайындалады. Бұл шаралар интоксикация көрінісі жойылғанша көп рет қайталана береді. Егер ФОҚ қанға түссе олардың зәр арқылы шығуын (күшейтілген диурез кемегімен) жеделдету керек. Қанды ФОҚ-дан тазартудың тиімді әдістері гемосорбция, гемодиализ және перитонеалды диализ.
ФОҚ-мен жедел улануды емдеудің маңызды компоненттері - М-холиноблокаторларды (атропин, атропин тәрізді заттар 3; 3.3 тарауды қара), сонымен қатар холинэстераза реактиваторларын қолдану. Соңғысына молекуласында оксим (-NОН) топтары бар бір қатар қосылыстар жатады: дипироксим (тримедоксим бромиді, ТМВ-4), изонитрозин. Олар ацетилхолинэстеразамен байланысқан ФОҚ-дың қалдықтарымен байланысады да ферментті босатып, оның физиологиялық белсенділігін калпына келтіреді. ОЖЖ-не төртіншілік аммонилік қосылыс дипироксим нашар, ал үшіншілік аммонилік қосылыс изонитрозин жақсы енеді.
Холинэстераза реактиваторлары уланудан кейін тек бірінші сағаттарда тиімді екенін ескеру керек, ал кешіккен жағдайларда олар ацетилхолинэстеразаның тек аз мөлшерін калыпты жағдайға әкеледі. Бұл препараттардың әсерлерінін баяу дамуымен байланысты ФОҚ-мен улануларда холинэстераза реактиваторларымен М-холиноблокаторларды жұптастырып қолданған жөн. Холинэстераза реактиваторларын парентералды тағайындайды. Қажет болған жағдайларда бірнеше рет енгізеді.
Сонымен қатар симптоматикалык терапия жүргізу кажет. Науқастың тыныс алуын бақылау керек. ФОҚ бездердің гиперсекрециясын
1 ФОҚ-ға дәрілік препараттар қатарынан басқа, сондай-ақ жәндіктерді жоюға арналған инсектицидтердің (латын тілінен іпsесtит - жәндік, саеdrе - өлтіру) үлкен тобы және басқа да ауыл шаруашылығында қолданылатын препараттар (фунгидцидтер, гербицидтер, дефолианттар және т.б.) жатады. Хлорофос, карбофос, дихлофос сиякты және т.б. инсектицидтер кең таралған.
76
шақыратынын ескере отырып, ауыз қуысын шайып және кеңірдек пен бронхтардағы бөлінділерді шығарып отыру қажет. Керекті жағдайларда көмекші немесе жасанды тыныс беру қолданылады. Психомоторлық қозуларда аминазин, сибазон (диазепам), натрий оксибутираты және тағы басқа тежегіш қасиеті бар препараттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет