Батыс Қазақстан инновациялық –
Технологиялық университеті, ағылшын тілі пәнінің мүғалімі,
Кусайнова А.К.
«Ағылшын және қазақ тіліндегі баяндауыш ұғымының салыстырмалы сипаты »
Мақаланың тақырыбы отандық тіл білімінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қазіргі таңда төл тілімізде ағылшын тілінің синтаксистік ерекшеліктерін анықтап, қазақ тілінің бай синтаксистік қорымен аудару мәселесіндегі ғылыми ізденістер жүргізіліп жатыр. Бұл ағылшын және қазақ тіліне қатысты көптеген мәселелердің ортақ заңдылықтары мен құбылыстарының, тілдік ерекшеліктердің әлі де болса айқындалмаған тұстарының молдығын көрсетеді. Демек, тіл мамандарына сан алуан ғылыми зерттеулерді жүргізу, өзекті және даулы мәселелерді шешу тәрізді күрделі, ауқымды міндеттер жүктеледі деген сөз. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеудің тіл білімінің әрбір саласы, оның ішінде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, елтану ғылымдары үшін маңызы зор. Сонымен қатар, ағылшын–қазақ тілдеріне қойылатын талаптарға сай, жүйелі түрде жасалған предикаттар сөздігінің осы кезеңге дейін жасалмауы мақала тақырыбының өзектілігін көрсетер бірден-бір фактор.
Мақалада әдебиеттерді талдау, авторлардың түрлі көзқарастарын қарастыру, материалды салыстырмалы зерделеу жүргізілді.
Мақаладағы негізгі мәселеміз баяндауыштардың салыстырмалы түрдегі көрінісі, яғни ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы мәселе болып табылады.
Бұл жұмыстың мазмұнын грамматика теориясы, ағылшын тілі практикумы, көркем аударма пәндерінде қолдануға болады.
Тұрлаулы мүшелер-сөйлем құрауға негіз болатын предикативтік бірлік. Тұрлаулы мүшелердің сөйлем құрауда атқаратын рөлі туралы ғалымдар арасындағы пікірталас бас мүшелерінің тығыз граматикалық байланысынан туындаса керек. Бастауыш-сөйлемдегі ұйымдастырушы бас мүшенің бірі, оған баяндауыш грамматикалық тұлғасы жағынан тәуелді. Алайда баяндауыштың қолданылуындағы дербестік, сөйлемдегі ойды тиянақтау мүмкіндігі-баяндауыш мүшенің сөйлемдегі доминанттық рөлін айқындайды.
Жүргізілген зерттеу етістіктердің дара, күрделі болып бөлінуі екі тілге де тән екендігі және есімнен және етістіктен жасалған баяндауыштар ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де дара, күрделі болып кездесетіндігі, сонымен қатар, екі тілде де құрама баяндауыштардың кездесуін көрсетті.
Ағылшын және қазақ тілі баяндауыштарының салыстырмалы сипаты.
Ағылшын және қазақ тілі баяндауыштарының салыстырмалы табиғатын төмендегі кестеден анық көруге болады.
Ағылшын тілінде
Етістікті дара баяндауыш
1) Синтактикалық немесе аналитикалық формадағы етістіктер:
John runs quickly.
I was sent in to get my tea.
Perhaps you will even remember that woman.
When did life begin on earth?
I didn’tcareabouttheconsequence.
Don’tcometoolate
2) Етістікті фраза
a) бір қимылды білдіретін етістіктер: to have a look, to have a smoke, to have a talk, to give a look, to give a laugh, to give a cry, to take a look, to make a move, to make a remark, to pay a visit.
Nurse Sharp gave him a look and walked out.
ә) Әр-түрлі қимылды білдіретін етістіктер: to change one's mind, to get rid (of), to get hold (of), to lose sight (of), to make fun (of), to make up
one's mind, to make use (of), to take care (of), to take leave (of), to take part (in),
I have never taken much interest in German songs .
Дара есімді баяндауыш (зат есім, сын есім немесе етістік)
1) зат есімMy son a clergyman!
2) сын есім My ideasobsolete!
3) тұйық етістік немесе тұйық етістікті фразаHerculePoirotto sleep while murder is committed!
4) есімше немесе есімшелі фразаMe trying to be funny!
|
Қазақ тілінде
Етістікті дара баяндауыш
1) Бір құрамды тиянақты сөйлем болып келетін етістіктер
Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. Тараңдар!.. Жүр.
2) Көп құрамды жетекші етістіктер
Тереңге мені сал, биікке мені жұмса.
3) Салт, сабақты етістіктер: Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты.
4) Райлық, шақтық тұлғаларында тұратын етістіктер
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын.
5) Етістіктер етіс тұлғаларына да баяндауыш қызметінде Өнер – білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды.
6) Көсемше тұлғалы етістіктер Жаңбыр жауып, жер көгерді.
Дара есімді баяндауыш ( зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер)
1) Зат есім Ердің сыншысы – елі.
2) Сын есім Мектебіміз биік, кең, таза.
3) Етістік Асқарға Бүркітбай Ботагөз жайлы айтты.
4) Сан есім Біз – төртеуміз.
5) Есімдік Әбілханның ағасы сонда.
6) Үстеу Біздің баратын ауылымыз әлі ілгері. .
|
Кестеде берілген ақпаратты саралай отырып, төмендегі байламдарға келдік:
1. Етістіктердің дара, күрделі болып бөлінуі екі тілге де тән.
Мысалы: дара етістік – 1) John runs quickly.
2) Түлкінің жүгірісін қыран байқар.
Күрделі етістік – 1) Andrew and he began to talk about the famous clinic.
2) Қалует Баршагүлге күле сөйлеп келеді.
2. Есімнен жасалған және етістіктен жасалған баяндауыштар ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де дара, күрделі болып кездеседі:
1) Есімнен жасалған дара баяндауыш.
Мысалы: 1) My son a clergyman.
2) Қой баласы қозыдан.
2) Етістіктен жасалған күрделі баяндауыш.
Мысалы: 1) This man is my father.
2) Екі ауданның арасы – бір жүз елу бес километр.
3. Ағылшын тілінде құрама баяндауыштар төрт түрге бөлінеді:
1) күрделі модальды етістікті есім баяндауыш. Jane must feel better pleased than ever.
2) күрделі модальды есім етістікті баяндауыш. We were anxious to cooperate.
3) күрделі кезеңді есім баяндауыш. He was beginning to look desperate.
4) Модальды кезеңді күрделі баяндауыш.
You ought to stop doing that.
5) Қос бағытты күрделі есім баяндауыш.
Mrs Bacon is said to be very ill.
Осы түрлерге сәйкестікті қазақ тілінен де табамыз: Қазақ тілінде құрама баяндауыштардың бірінші бөлігі таза есім, екінші бөлігі есімге шақтық, видтік, моральдық мағына беру мақсатында көмекші етістіктер жалғанады. Екі тілдің баяндауыштарын салыстыра отырып, келесі айырмашылықтарға көз жеткіздік:
1. Қазақ тілінде сөйлемді болымсыз немесе сұраулы формаға айналдырғанда, ағылшын тіліндегідей do, does, did, will көмекші етістіктері қолданылмайды. Мысалы: When did life begin on earth? - Жер бетінде өмір қашан басталған?
2. Байланыстырушы қызмет атқаратын to be етістігі ( қазақша «болу») қазақ тілінде қолданылмайды. Мысалы: I am a student. – Мен студентпін.
3. Кезеңдік құрама баяндауыш сөз тәртібінде айырмашылық бар.
1. Кезеңді білдіретін етістік ағылшын тілінде негізгі іс-әрекетті білдіретін етістіктен бірінші тұрады. Мысалы: Andrew and he began to talk about the famous clinic.
Ал қазақ тілінде керісінше сөз тәртібі орын алады. Мысалы: Жұмыс аяқталып қалды.
Марк Твеннің «The Adventures Of Tom Sawyer» шығармасы қазақша аудармасымен талдау материалы ретінде қолданылды.\
Көркем мәтіндегі ағылшын күрделі баяндауыштарының қазақ тіліне аударылу жолдары (Марк Твеннің «TheAdventuresоfTomSawyer» шығармасы негізінде
1)…thathebegantofeelpaininthetoe. – енді саусағы шыныменен ауыра бастаған сияқтанды.
begantofeelқимыл кезеңін білдіретінкүрделі етістік, қазақ тіліне де сол етістіктің түрімен ауыра бастаған деп аударылған. Айырмашылық сөз тәртібінде. Кезеңді білдіретін етістік ағылшын тілінде негізгі іс-әрекетті білдіретін етістіктен бірінші тұр.
2) was going to start – бұрыла беріп ем
wasgoingtostart- ағылшын тіліндеесім сөздердің модальды тіркеспен берілумен жасалған етістікті күрделі баяндауыш қызметін атқарып тұр, қазақ тілінде бұрыланегізгі етістікке беріп ем көмекші етістік жалғану арқылы күрделі етістікті баяндауышпен аударылып тұр.
3) therewas a slightnoise – 1) ағылшын тілінде оқырманға белгісіз белгілі бір орынды білдіру мақсатында therewasжекеше түрде, белгісіз артикьлмен қолданылып тұр;
2) wasбар болу көмекші етістігімен және noise зат есімді есім сөзбен күрделі есімді баяндауышты білдіріп тұр.
.... болар-болмас сыбдыр естілді – қазақ тілінде дара етістікті баяндауышпен, яғни есті етістігінің түбіріне –л жұрнағы арқылы ырықсыз жасап және – ді жедел өткен шақ жұрнағының жалғануы жасалып тұр.
4. he`s fulloftheOldScratch ( southwesternfor “afternoon”) – isбар болу көмекші етістігі және fulloftheOldScratchсын есімді фразамен келгенкүрделі есімді баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Қолды-аяққа тұрмайтын-ақ бала –зат есімнен жасалған дара есімді баяндауыш болып тұр.
5. youare a cowardandpup - are бар болу көмекші етістігі және a cowardandpup сын есім мен зат етістіктен жасалған күрделі есімді баяндауышқызметін атқарып тұр.
Сен қорқақсың әрі күшіксің – қазақ тіліндегі сапалық есімдерден болған ІІ жақтағы жіктік жалғауында тұрған дара есімді баяндауыш қызметін атқарып тұр.
6 ... theywereshouldertoshoulder – were бар болу көмекші етістігі және shouldertoshoulderжағдай есім сөздерімен берілген күрделі есімді баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Иықтарымен көп қағысты–қазақ тілінде ортақ етістің –ыс жұрнағымен және – ты жедел өткен шақтың жұрнағымен жасалған дара етістікті баяндауыш қызметін атқарып тұр.
7. bothbrotherswereimaginary - were бар болу көмекші етістігі және imaginaryсын есімді есім сөзден жасалған күрделі есімді баяндауышқызметін атқарып тұр.
Екеуінің де ағалары жоқ – қазақ тілінде жоқ сөзінің баяндауыш қызметінде жұмсалған дара есімді баяндауыш қызметін атқарып тұр.
8. lifetohimseemedhollow – өмірдің өзі оған бір мағынасыз нәрсе болып көріңді
seemedhollow– етістікпен сын есімнен құралған күрделі есімді қос бағытты баяндауыш, қазақ тілінде болып көріңді етістіктен жасалған күрделі баяндауышпен аударылған.
9. The child began to cry – Беккижылап қоя берді.
begantocry қимылдың басталу кезеңін білдіретін етістікті күрделі баяндауыш, қазақ тілінде жылап қоя берді дегенқимылдың басталу кезеңін білдіріп күрделі етістікті баяндауыш болып тұр. Кезеңді білдіретін етістік ағылшын тілінде негізгі іс-әрекетті білдіретін етістіктен бірінші тұр.
10. ... there was no answer – ешкім жауап бермеді.
therewasnoanswer– ағылшын тіліндеnoкөмекші етістігі зат есімнің алдында тұрып күрделі есімді баяндауыш жасап тұр. Қазақ тіліндебермеді деген,яғни ме болымсыз етістіктің жұрнағы және ді жедел өткен шақтың жұрнағымен жасалған дара етістікті баяндауыштың қызметін атқарып тұр.
11. … what is the matter – не болды саған
whatisthematter– бөлінбейтін сөздер тобымен келген күрделі есімді баяндауыш, қазақ тілінде не болды саған деген синтаксистік қызметінің өзгеруі бойынша бастауыш – баяндауыш, бұрынғы баяндауыш – бастауыш болып келетін дара есімді баяндауыштың қызметін атқарып тұр.
12. the boy felt a little foolish - Том өзін ақымақ сезінді
felt a littlefoolishсезу көмекші етістігі және сын есіммен жасалған күрделі есімді баяндауышпенберіліп тұр, қазақ тілінде сезінді – ін өздік етістігі және ді жедел өткен шақтың жұрнағымен жасалған дара етістікті баяндауыштыбілдіріп тұр.
13. but you are not going to die – бірақ бұдан әлі ешкім өле қойған жоқ.
arenotgoingtodie – ағылшын тілінде модальды тіркеспен күрделі модальды етістікті баяндауышты білдіріп тұр. Қазақ тілінде өле қойған жоқ қимылдың болып жатқан кезеңін білдіретін күрделі баяндауыш болып тұр.
14.I don`t want to stay… - мен бәрібір барамын
wanttostay – қатыстық күрделі етістікті баяндауышпен беріліп тұр, ал қазақ тілінде барамын қазақ тілінде дара етістікті баяндауышпен аударылып тұр.
15. ... theykeeplooking – қимылдың жалғасу кезеңін білдіріп тұрған күрделі етістікті баяндауыш, қазақ тіліне тесіле қарасақимылдың болып жатқан кезеңін білдіріп етістікті күрделі баяндауыш болып тұр. Айырмашылық сөз тәртібінде. Кезеңді білдіретін етістік ағылшын тілінде негізгі іс-әрекетті білдіретін етістіктен бірінші тұр.
16. … don`t want to sell him – cатқым да келмейді.
don`t wanttosellhim – қатыстық күрделі етістікті баяндауышпен келген болымсыз сөйлем негізінде жасалып тұр, қазақ тілінде сатқым келмейдікүрделі етістіктен жасалған күрделі баяндауыш қызметінде тұр. Айырмашылық doкөмекші етістігінің қазақ тілінде ме жұрнағымен берілуі.
17. ... foundsomething – тапқан сияқтымын.
foundsomething–күрделі есімді қос бағытты баяндауышпен берілген күрделі есімді баяндауыш, қазақ тілінде тапқан сияқтымынкөмекші сөзбен берілген күрделі баяндауышпен аударылған.
18. … stoppedtotalk – қимылдың аяқталу кезеңінбілдіретін күрделі есімдікті баяндауыш, сөйлесем деп кідіріпқалыппын– қимылдың аяқталған кезеңін білдіретін күрделі баяндауыш.
19. ... began to draw – сурет сала бастады.
begantodraw - қимылдың басталу кезеңін білдіретін күрделі етістікті баяндауыш, қазақ тіліндедесала бастадықимылдың басталу кезеңін білдіріп күрделі етістікті баяндауыш болып тұр. айырмашылық орналасу тәртібінде.
20. … was in a sweat – қорқып кеттік
wasin a sweat – tobeбар болу көмекші етістігі және in a sweatдемеулікті фразамен берілген есім сөзімен берілген күрделі есім баяндауыш қызметін атқарып тұр, қазақ тілінде қорқып кеттік етістіктен жасалған күрделі баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Талданған мысалдарға сүйене отырып, күрделі етістікті баяндауыштар қазақ тіліне де күрделі етістікті баяндауыштық формасын сақтап аударылатынына көз жеткіздік. Кезең етістіктер to begin, to start, to commence, to set about, to take to, to fall to, to come to go on, to keep, to proceed, tocontinuewould, usedtostop, to finish, to cease, to give up, to leave off ағылшын тілінде негізгі етістіктің алдында келсе, қазақ тілінде негізгі етістіктен кейін тұрады. Күрделі есімді етістіктер қазақ тіліне дара есімді және дара етістікті баяндауыш болып аударылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Twain M. The Adventures of Tom Sawyer The Adventures of Huckleberry Finn. Foreign Languages Publishing House., Moscow 1960.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері А,. 1977.
Шабанова, Т. Д. Семантическая модель английских глаголов зрения. М.: ИЯ РАН -Уфа, 1998.
Шабанова, Т.Д. Тестирование как метод выявления компонентов значения/ Т.Д. Шабанова// Аспектуальные проблемы лингвистики и методики преподавания иностранного языка: Межвузовский сборник научных трудов. Уфа: Изд-во БГПИ, 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |