Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән дифференция үдерісінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Этнолингвистика - тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің саласы. Этнолингвистикаға қатысты еңбектердің көбісі сөздік түрінде болғанымен, оған бағышталған ғылыми зерттеулер мен тақырыптық жинақтар да баршылық.
Фактіге сәйкес келетін жауап
Лингвистикалық мәдениеттану - пәнаралық қатынас саласы