Ағылшын тілі мұғалімі Нурканова Гулдана Аспандияровнаның педагогикалық тәжірибесін жүйелеп баяндау



Дата12.03.2018
өлшемі117,22 Kb.
#38508
Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

Мемлекеттік мекеме

Петерфельд орта мектебі



Ағылшын тілі мұғалімі Нурканова Гулдана Аспандияровнаның педагогикалық тәжірибесін жүйелеп баяндау

Петерфельд,2011 жыл


Нурканова Гулдана Аспандияровна

Алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибені банкке өткізу



Автор туралы: Нурканова Гулдана Аспандияровна

Жұмыс орны: Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар ауданы ,Петерфельд орта мектебі

Педагогикалық өтілі:25жыл 6 ай

Беретін пәні:ағылшын тілі

Байланыс телефоны:87058150345

Тәжірибенің тақырыбы:Ағылшын тілі сабақтарында жағдаяттық ойындар тудыру арқылы оқыту-оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану (5-11 сынып бағдарламасы бойынша)

Тәжірибенің ойы:жағдаяттық ойындар арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру мен сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәжірибенің мақсаты: жағдаяттық ойындар арқылы ағылшын тілі сабақтарында білім сапасын арттыру.

Түйінді мәселе:Cабақ барысында оқушы айтылымды, ауызекі сөйлеуді,шет тілде сауатты жазуды меңгере алуы мақсатында ойындарды қолданудың маңызы зор.

Тақырыпты таңдау себебі:Тұлғаның жоғарғы деңгейдегі ақыл-ой өрісін дамыту.Оқу үрдісін жеңілдетудің құралы-ойындар.Сол арқылы қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру,ой-өрісін кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін қажет.

Өзектілік: Балаға деген сенімділікті арттыра отырып,тиімді нәтижеге жету.Ойындарды пайдаланғанда уақытты ұтуға және басқа жұмыс түрлерін жүргізуге тиімді.

Тақырыпты өңдеу,зерттеу қайнары:

. жаңа ойын түрлерін меңгеру

. интернет

. әдістеме әдебиеттері

. әдістемелік ұсынымдарды меңгеру

Жұмыс барысындағы әдістемелік өңдеудің қиындықтары:

. дайын сабақтардың әдістемелік құралдары сөрелерде болмауы

. оқулық беттерінде жаттығу жұмыстарының аздығы

Тәжірибенің қалыптасу кезеңдері:

1 кезең – ҚДИ білімді жетілдіру;

2 кезең – Семинар практикумдарға қатысу;

3 кезең - шығармашылық топта жұмыстар атқару;



Тәжірибе диапазоны:Осы тақырып бойынша тәжірибені жүйелі түрде сабақтарда қолдану,яғни ағылшын тілі ,қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі, т.б. Автордың тәжірибесі ӘБ отырысында ,мектептің педагогикалық кеңесінде талқыланып,шет тіл мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті.
Нәтижелілік:

. Пәнге деген ынтасы,белсенділігі артады,білім сапасы тереңдейді;

. ізденімпаздыққа,дербес ойлауға,өзіндік қорытынды жасауға жетелейді;

. қабілетін,дарынын дамытады,іскерлік дағдыларын жетілдіреді;

. ең бастысы оқу мотивациясы өзгереді,өз бетінше ізденуге үйретеді;

. жеке көзқарастары қалыптасады;

. оқушылар арасында психологиялық жағдайлар қалыптасады;

. шет тілін жақсы меңгереді.



Ағылшын тілі сабақтарындағы ойынның орны

Шет тілдерді оқып-үйрену өте қызықты әрі жауапты іс.Жаңа заман мұғалімдерден бұл проблемаға жаңаша көзқарасты талап етеді. Шет тілдерді, әсіресе ағылшын тілін оқып үйренгенде оқу ойындары мен ойын жаттығуларының рөлі өте маңызды.Ойын оқушылардың ойлау әрекеттерін күшейтеді;дәл осы ойын барысында балалар қоғамдық функцияларды,жүріс-тұрыс ережелерін меңгереді;жан-жақты дамиды.Ойынның дамытушылық маңызы оның табиғатында жатыр,өйткені ойын ылғи да эмоция.Ал эмоция бар жерде белсенділік,зейін мен қиял бар.

Қолдану мақсатына қарай ойындар әртүрлі болып келеді.Шаршағанды басатын сергітуге арналған,тіл білу дағдылары мен практикалық шеберліктерін қалыптастыру,тереңдету мен жетілдіретін,тексеретін ойындар бар.Түрлі көрнекіліктерді пайдалануға болады.Мысалы:сызбалар,суреттер,кестелер,слайдтар,лото.Ойындарды жеке,жұппен,топпен ойналатындай ұйымдастыруға болады. Баланың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру барысында ойынның күші оның жалпылығы,әмбебаптығы,жеңіл де жемісті нәтижеге жетуге мүмкіндік беруінде.

Төменгі сынып оқушылары жаңылтпаштарды сүйіспеншілікпен жаттайды,диалог пен монологтар пайдаланып әртүрлі жағдаяттар ойластырады. «Сен зейіндісің бе?», «Доп ойыны», «Затты тап», «Атын айт», «Сурет бойынша әңгіме», «Қім үлкен?», «Текшелер», «Сурет» ойындарын ойнайды.

Бесінші-алтыншы сынып оқушылары жарыс ойындарын ұнатады.Сабақтарда жаңа материалға қызығушылығы артады,үй тапсырмаларын орындауға стимул пайда болады,өйткені тек қана терең білім өздерін көрсетіп,қарсыласын жеңуге мүмкіндік береді.Жарысқа түсу рухы,өзіне-өзінің сенімін нығайту,тілді үйрену үшін тамаша себеп.

М.Ф.Стронинның теориясы бойынша ойындар мынандай категорияға бөлінеді.



1. Лексикалық ойындар;

2. Грамматикалық ойындар;

3. Фонетикалық ойындар;

4. Орфографиялық ойындар;

5. Шығармашылық ойындар.

Лексико-фонетикалық ойындардың негізгі мақсаты-оқушының сөзді

дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау.Бұл ойын әр сыныпта 5-тен

11- сыныптарында ойнатылады. Өйткені, ағылшын тілін оқытуда, тілімізге тән дыбыстарды үйретуде, оларды анық айтуда, сөздерді түсінікті етіп жеткізуге көмектеседі. Атап айтсак, әріпті қосып оқу ойыны жиі ойнатылады. 5-сыныпта “My flat”тақырыбын өткенде жаңа сөздікпен жұмыс жасаймын.

Мысалы –almp,-oorm, wniodw сөздері беріледі. Енді осы сөздерді дұрыс жазу керек lamp, room, window .Ойынға бүкіл сынып қатысады яғни, бұл ойын оқушының көру қабілеті мен ойлау дағыдысын қатар қалыптастырады. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып жақсы ұғысады – бір-бірімен, ептілікті, сергектіктік, тапқырлықты үйренеді .

«Tell me and I forget.

Teach me and I remember.

Involve me and I learn.»

Ancient Chinese saying

«Скажи мне и я забуду.

Научи меня и я запомню.

Вовлеки меня и я выучу.»

Китайская пословица

Айтсаң,ұмытамын

Үйретсең,есте сақтаймын

Еліктірсең,жаттап аламын.

Ойынды сабақтың ортасында, не болмаса соңында ойнату керек, демалу үшін өте тиімді. Ойын арқылы жасалған жұмыс өзінін оң нәтижесін берсе

кұба құп .Сабақты жоспарлаған соң ,сабақтағы ойын түрлерін саралағанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың даму деңгейлеріне қарап өз ана тілімен ұштастыру қажет.

Тыңдап түсіну ойыны.Бұл ойынның мақсаты:тыңдап түсінуге баулу;естігеннің ішінде маңыздысын түсінуге баулу;есту қабілеттерін дамыту .

Тындау аркылы түсіну, мәтінді оқу арқылы ғана суретсіз, сұрақтарсыз өткізуге болады. Мысалы- 6 сыныпта” Holidays” тақырыбыда “Bonfire Night” мәтінімен жұмыс жүргізгенде мен мәтінді баппен оқимын,оқушылар тыңдайды. Оқып болғаннан кейін, оқушылар есте қалған сөздерді жазып алады .

Содан кейін мәтін қайта оқылады да, тапсырма беремін, басқа сөздерді, немесе сөйлемдерді қосып жазады .Соңында ойнаушылар мәтінді есте қалған сөздер арқылы кұрастыра отырып айтып береді.Ойынды қызықтыра өткізу үшін тыңдап болғаннан кейін, шағын қойылымдар өткізуге болады.Нәтижесінде оқушылардың тындап түсіну қабілеті ғана емес-артистік қабілеті дамиды.

Bonfire Niight is on the fifth of November It is a very interesting night for English children.On that evening they make bonfires and have fireworks.Some days before Bonfire Night they make the guy.They make him of sticks and straw andthen put an old hat on his head and old gloves on the sticks that are his hands.When the bonfire is ready children or their parents put the guy on the bonfire and then light it.

Викториналар,жарыстар,саяхаттар-осы үшін пайдалануға болатын ойын үлгілері болып табылады ”The United Kingdom of Great Britain” тақырыбы бойынша 6-7 сыныптар арасында “КВН” жарыс сабағын өткізгенде оқушылардың Ұлыбритания туралы ой өрісі дамып ,сөздік қоры молая түседі. 5-сыныпта түрлі түстер “Colours” тақырыбына байланысты ойын өткізгенде түрлі түсті қағаздарды оқушыларға үлестіріп, түстерді ағылшын тілінде айтамын, сол кезде олар дұрыс түсініп сәйкес түстің қима қағазын көтереді.Осы ойынды өткізгенде баланың есту қабілетімен бірге көру қабылеті де дамиды.6 - 7сыныптарда “Inviroment” тақырыбы бойынша сөздікпен жұмыс өткізгенде қазақтың ұлттык ойыны- “Орамал тастауды” қолданамын.Мысалы, тақырып бойынша деңгейлерін тексере аламын. Бірінші кезеңде қазақша сұрақ қойылады да, жауабы ағылшын тілінде айтылады,екінші рет керісінше ,сұрақ ағылшын қойылады да,жауабы қазақша беріледі.Мұғалім оқушылардың қаншалықты жақсы сөздікті меңгергенін тексере алады. Мысалы,” қоқыс” деген сөздің аудармасын айт деп орамалды бір оқушыға тастаймын, ол дереу ағылшын тілінде “litter” деп айтады. Екінші рет ағылшын тілінде сұрақ қойылып жауабы қазақ тілінде айтылады.Бұл ойынның нәтижесінде оқушы екі тілде де тілін жаттықтырып,шапшаң ойлау дағдыларын қалып тастырады.

Сүретпен ойындар-_ бұл ойын әр сыныпта,әр тақырып бойынша ойнатылады.Мен әр түрлі сүреттер дайындаймын.Тақтада екі бағанда сөздер жазылады, сыныпты екі топқа бөлемін . Тақтаға әр топтан бір-бір ойыншы шығып, тақтадағы жазылған сөздерге сәйкес суреттерді жинайды, содан соң, мен жазылған сөздерді өшіріп тастап оқушыларға қайтадан сол сөздерді жазғызамын.Нәтижесінде осы ойын арқылы оқушылардың сөздік қоры молая ды және жарыс кезінде оқушылрдың тілге деген қызығушылығы арта түседі.6-сыныпта “Gardening in England” тақырыбы бойынша сөздер: plant,water,whitewash,prune,garden,fruit trees,беріледі.

Жоғары сынып оқушылары ұсынылған тақырыптарға құрылған талқылауларға сүйіспеншілікпен қатысады,көрген фильм мен қойылымдар жайлы ойларын білдіреді,сөзжұмбақтар құрастырып оны шешеді.

Бұл жаста оқушыларда қарым-қатынас,тығыз байланыс жасауға қажеттік пайда болады,ал ойын кезінде олардың арасындағы кедергілерді жойып,сөйлесу кезінде тепе-теңдік сақтауға мүмкіндік жасайды.

Мұғалімнің оқушыларды ойынмен қызықтырып,елітіп әкете алуы да өте маңызды.Мұғалімнің тілі эмоциональды,мәнерлі болуы керек.

Ойын кезінде қателік кетсе,оқушылардың назарын аудармай,ойын соңында талдау жасау керек.

Ұжымдағы тұлға аралық дұрыс қарым-қатынас жасау үшін оқушылардың іс-әрекеттерін мадақтап,қолдау көрсетіп отырамын.9 -10-сыныптарда жарыс-сабақтарды өткіземін.”The Leader of 21 centuary”атты сабақта оқушыларды екі топқа бөлемін,білім сайысының 7 кезеңін тақтаға іліп қоямын .Әр сайысқа 10 ұпай беретінімді айтып, ойынды бастаймын.Нәтижесінде:оқушылардың білімін жүйелеп,шығармашылық жұмыс істеуге баулып,ой-өрісін кеңейту болып келеді.

Ағылшын тілінде ойынның алатын орны зор.Ол лексиканы,грамматиканы белсендендіру,айтылымды меңгеру,ауызекі сөйлеуді дамытудың жақсы тәсілі болып табылады.Сабақта ғана емес,үзілісте,кештерде,ертеңгіліктерде,ағылшын тілі үйірмелерінде де ойнауға болады.Сонымен оқыту ойындары оқушылардың оқу мақсаттарын ойын түрінде шешу іс-әрекеттерінің бір түрі.

Ойын балалардың қызығушылықтарын,белсенділіктерін оятады,өздерін еліктіріп,іс-әрекетте көрінуін,өзге тіл сөздері мен сөйлемдерін тез әрі берік есте сақтауына септігін тигізеді.

Ойын балалардың өздері өмір сүріп отырған әлемді танып біліп өзгерте алуға апаратын жол.

Оқушылармен жұмыс барысында пайдаланатын кейбір тілдік оқыту ойындарын баяндайын.Өз сабағымды жоспарлағанда оқушылардың жаңа сөздерді есте сақтауын емес,сонымен қатар әр оқушының жеке дара тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлемін.Сабаққа қызығушылық арттыру үшін,сабақтың қандай әдістері оқушыларды еліктіретінін қарастырамын.Біз,шет тіл мұғалімдері үнемі ізденіс үстіндеміз.Біздің маңызды мақсатымыз-шетел тілін оқытуда оқушылардың қызығушылық қабілеттерін жоғалтып алмау болып келеді.

Мен осы ойындарды ойнатқанда аса шеберлік танытып кана коймай өз оқушыларымды жандандыра түсіуін маңызды деп санаймын .Мұғалімнің сөзі өте эмоциональды және мәнерлі болуы тиіс. Тек сабақ үстінде ғана емес үзілісте,не болмаса кештер мен ағылшын үйірмелерінде де ойнауға болады.Сонымен, оқу ойын бұл оқытудың ең маңызды түрі деп айтуға болады, өйткені ойын аркылы көптеген сұрақтарға жауап алатынымыз хақ. Ойын ойнағанда балалардың қызығушылығы артып белсенділігі дамиды. Ойын балардың әлем танудағы ен айқын жолы болып табылады.Тоғызыншы сынып оқушыларымен “Welcome to America” деген тақырыпқа қорытындылау сабағында оқушыларды төрт топқа бөлемін .Әр топқа жеке лоторея билеттерін беремін “On the airplaine”,” Goes introduce Sasha to his family”, “In Kennedy in new York”,”Customs” әр топтың лотереясының бір бетінде – рөлдік жағдаяттар болса, екінші жағында – қатысушылар туралы мәліметтер беріледі . Оқушылар өз ара рөлдерді бөліп алады .Уақыт шектеулі беріледі.Содан кейін екі топ өз рөлдік ойынын кезекпен көрсетеді.Ойынды балалар өздері бағалайды.Жасөспірімдер топпен жұмысты ұнатады, сондықтан да ұжымдық,топтық.жеке жұмыстар көп қолданылады.Рөлдік ойындар оқыту ойыны болып табылады.

Рөлдік ойынға қойылатын негізгі талаптар:

1.Ойын оқушының жалықпауына және берілген рөлді дұрыс ойнап шығуы 2.Рөлдік ойынның мазмұнын формасын нақты ұйымдастыруы кажет



3.Рөлдік ойындар барлық топпен ойнатылады.

4.Ойын баланың сезімін қуанышын оятады .

5.Ойын кезінде тілдік материалды түгел қолдану.

Рөлдік ойын түрлері:

А) ертегі; Б) тұрмыс-салттык; В) танымдылык; Г) іс ойындары;

Рөлдік ойындарды өткізуге болады ,содан соң жаңа сабақты бастаймыз .

4 сыныпта “Little mouse” ертегісін костюм киіп маскамен қоямыз ;

Cat: Little, little mouse, Where is your house ?

Mouse: Little cat, Little cat, I am a poor mouse, I have no house.

Cat : Little mouse, Little mouse, Come into me house .

Mouse: Little cat, Little cat, I can not do that, You want to eat me.

Сабактың мақсатына байланысты окушылардың деңгейіне рөлдік ойындарды жұппен жане топпен өткіземін ,әр сабақта он минут жағдаяттармен жұмыс жасаймын “At customs” рөлдік ойынында үлестірме кағаздар катысушылардың аттарымен, олардың кәсіптерінің атауларымен дайындалады. Оқушылар өз беттерімен рөлдерді таңдайды .Тәжірибеден көрінгедей, осындай тәсілмен жаттаған сөздер мен сөз тіркестері оқушылардың миында тез сақталып, ауыз екі сөйлеуде көп көмегін береді .

Customs inspector: Where are you from

Sasha : Russia

Customs inspector: Are you traveling alone

Sasha: Yes I am

Customs inspector: What Where is the purpose of your visit

Sasha: I want to see England and Learn English

Customs inspector: Where are you going to stay

Sasha: In Potters Bar with an English family

Customs inspector: Do you have anything to declare

Sasha: No, I don t.

Customs inspector: Open you luggage, please.

Sasha:Here you are.

Customs inspector :Have a good time in England.

Sasha: Thank you.

Assistant: Can I help you?

Kate: I d Like a pair of trainers and a T shit, please?

Assistant: What size ?

Kate: Size 40, this T shirt is 44

Assistant: Try this pair on.

Kate: It s too big for me. Can I try the T shirt on?

Assistant: Certainly.



Kate: How much is it ?

Біздің басты міндетіміз: шет тілін меңгерген коммуникативтік,тілдік,мәдени танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.Сонымен қатар,мұғалім,оқушы,ата-ана ынтымақтастығын арттыру,сапалы да саналы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және оқушының пәнге деген ынтасын дамыту.Сондықтан да мұғалім алдында үлкен сын тұр,ол сапалы білім беру және бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет