Ойынның мақсаты: карточкадан өздеріне керекті сөздерді тауып алу.
Мысалы мынау – «А» әрпі. Оқушылар осы әріптен басталатын сөздерді ойлап табады. Еске түсірілетін сөз өткен немесе сол күнгі сабақтағы тақырып төңірегінде болуы мүмкін.
Ойында көп сөзді тапқан оқушы жеңіп шығады.
6. «Сөзді дұрыс жаз» ойыны
Ойынға қажетті материал: тақтаға сөз қойылады.
Country village
Ойынның мақсаты: әр топтың жетекшісі әр әріптің астына сөз жазады. Топ мүшелері жетекшісіне жәрдем, көмек берулеріне болады. Кімде кім сөзді көп тауып жазса, сол жеңімпаз болады.
І топ ІІ топ
Cat, one, up, tree, vase, is, lamp, tead, at
Red, yes go, eat
«Ұйқас сөздерді тап», «Сөзді құрастыр», «Көргеніңді есіңде сақта», т.б. да ойындар сан алуан.
7. «Доп лақтыру» ойыны
Оқушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы 2,5 метр қашықтықта тұрады. Бір оқушы өзінің қарсысындағы оқушыға ағылшынша бір сөз айтып допты лақтырады, ол оқушы тез арада сөздің аудармасын айтады. Сөзді тура айта алса келесі оқушыға допты лақтырады. Айта алмаса ойыннан шығады. Бұл ойынды «Жыл мезгілдері», «Ай аттары», «Апта аттары» және тақырып бойынша берілген тапсырмада қолданады.
Themes: “School”,“School subjects”,“Furnitures”,“Clothes”, “Meals” etc...
8. «Орамал тастау» ойыны
Бұл ойынды «Мамандық таңдау» тақырыбында ұйымдастырған дұрыс. Бұл ойын қатысушылардан үлкен зеректікті, ептілікті талап етеді. Ойынның барысында шеңбер жасап отырған балалардың басына қағаздан қалпақша (дәрігер, мұғалім, қолхозшы, дүкенші, оқушы, инженер, дәрігер, студент, суретші) кигізеді. Сөйтіп қолын ту сыртына ұстап отырады, бір бала жүріп білдірмей біреуінің артына орамалды тастап кетеді. Ол айналып келгенше, әлгі орамалды көрмесе, яғни байқамаса ортаға шығып тұрады. Үш адамнан кейін өз мамандығы бойынша әңгіме айтады. Егер көріп қалса, ойын жүргізушіні қуады, ал қашушы оқушы бос орынға келіп отыруға тырысады. Қуушы бала жете алмаса, ары қарай ойынды жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |