«Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі»


ІІ. Ойын элементтерін пайдаланудың әдістемесі. Ойындардың пайдалану кезеңі мен жолдары



бет5/20
Дата22.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#159403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ағылшын тілінен әдістемелік құрал

ІІ. Ойын элементтерін пайдаланудың әдістемесі. Ойындардың пайдалану кезеңі мен жолдары.
Ойынды сабақтың қай кезеңінде ойнауға болады ? Бұл сабаққа әр кім әр түрлі жауап береді. Ал көпшіліктің ойынша ойынды сабақтың соңында ойнау орынды деп есептеленеді. Ал мен өз тәжірибемнен байқағаным ойынды сабақтың барлық кезеңінде: яғни, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырып түсіндірер алдында, жаңа тақырыпты пысықтау үшін де қолдану мүмкін. Жалпы айтқанда ойындарды қолданудан мақсат оқушыларға сабақты ағылшын тілін үйретуде жемісті нәтиже алу. Ойындар үлкендер үшін және төмендегі сыныптарда оқитын оқушылар үшін, оның ішіндегі білімі күшті, орташа , төмен оқушылар үшін болады. Мұндай ойындарды деңгейлеп оқыту әдісін қолданып жүрген мұғалімдер пайдалана алады.

ІІІ. Ойын түрлері: лексикалық және грамматикалық ойындар.
Лексикалық ойындарды жаңа сөздерді сұрау кезінде ойнаған өте орынды. Мұнда әр оқушының қабылдау қабілетіне көңіл беру қажет. Төменгі сыныптар үшін ойындар:
«Шапалақ» ойыны.
Бұл лексикалық ойынды ойнау үшін тақтаға 10-15 оқушы шығып айнала тұрып алақандарын жазып, бірі ағылшын тілінде бір сөз айтып екінші бір оқушының алақанынан ұрады, ал екінші бір оқушы үшін оқушының алақаны бірінші оқушы айтқан сөздің аудармасын айтып жаңа бір сөзбен үшінші оқушының алақанынан шапалақпен ұрып ойынды жалғастырады. Білмей қалған оқушы шапалақ жеп орнына отырады яғни ойыннан шығады.
«Beating flies» ойыны:
Мұғалім бір тақпақтың бірнеше сөздерін тақтаға жазады. Оқушы тақтаға шыбынұрғышпен шығады. Мұғалім тақпақты оқи бастайды ал оқушы естіген сөзін ұрып тұрады. Қалған оқушылар санап отырады.
Бұл ойынды әр түрлі тәсілмен пайдаланса да болады. Мысалы, алфавитті жаттатқызуда, сандарды үйренгенде немесе суреттерге қарап сөздерді тапқанда.
Жоғары сыныптар оқушыларына арналған лексикалық ойындар.
«Құрастыру» ойыны:
Мұғалім бір мәтінді бірнеше парақшаларға жазып яғни 2-3 сөйлемнен бөліп айнала отырған оқышыларға тарқатып береді, оларға парақшадағы сөйлемдерді оқып аударуға кішкене уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін оқушылар яғни бірінші мәтіннің тақырыбы жазылған оқушы оқиды кейін оның ойын жалғастыру үшін келесі оқушы оқиды. Бұл ойын оқушылардан бір бірін мұқият тыңдауды талап етеді. Егер де кейінгі оқушының оқығаны мағынасыз болып үйлеспесе мұғалім дұрыстап отырады. Бұл ойынды «Саққұлақ» деп те атайды. Мәтінге қызықты қысқа анекдоттарды пайдалануға болады.
«I am in need» ойыны:
Бұл ойынды ойнау үшін 5-6 әр түрлі маман иелері және бір обруч керек болады. Обруч желім парашют болады. Әр түрлі мамандықты иеленген оқушылар обручтың ішіне кіріп, өздерінің қаншалықты керек екендігін ағылшын тілінде айтады. Мысалы: Doctor: «I am in need» because there are many ill peopls in the world must help hem. They needs me....
Teacher: I am in need. We teachers taught you have to cure people and have to build buildings… Ойын осылай жалғаса береді, парашютте бір ғана адам қалуы керек. Ол адам өзінің қаншалықты керек адам, маман екенін ағылшын тіліне тоқтаусыз айтқан адам болады. Мұндай ойынға әр түрлі ситуациялар түзсе де болады.
«Сөзді дұрыс жаз» ойыны
ойынға қажетті материал: тақтаға екі сөз жазылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет