Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды.
Диалог – оқушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді.
Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір – біріне деген ықпалда жасалынады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір – бірінің іс – әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Ауызша сөйлеуді жүзеге жарғанда өзгеше лингвистикалық та, лингвистикалық емес те құралдар үлкен роль атқарады. Өзгеше лингвистикалық құралға арнайы таңбаланған лексикалық бірліктерді,кейбір грамматиканы жатқызуға болады. Ал, лингвистикалық емес құралдарға ауызша сөйлеуге тиісті құралдардың барлығы – оқушының тұрысы, ымдауы, ишарат білдіреді, көз қысуы, жымиуы, күлкісі, жылауы және т.б. жатады. Бұл эксромингвистикалық бөліктер ауыз екі тілде сөйлеуді айтарлықтай толықтырып тұрады.
Ауызша өз пікірін айту жазбаша түрде ойын жеткізуден, ең алдымен, қарым – қатынастың тікелей өзгешелігімен және коммуниканттандардың арасында нақты байланыстың болуымен оқушылардың өз ойын жеткізудің формасына және тәсіліне таңба салғандай ерекшеленеді. Сөйлеу әрекеті кезінде әңгіме дүкен жүргізушінің серігінің болуы немесе тыңдаушысының болуы сөйлеп тұрған адамға өзінің серігінің кез келген іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілік береді. Бұл оқушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етуге және үнемі үндестірілуіне мүмкіншілік береді.
Ауызша сөйлеуге үйрету жайлы айтқанда, оқу үрдісінің шартымен және мақсатымен емес, сонымен қатар ауыз екі тілде сөйлесудің қандай түріне үйрету керектігін анықтау қажет.
Лингвистикалық жоспар бойынша ауызша әңгімелеп жеткізудің 3 түрлі формасы бар: монологты, диологты және полилогты.
Ауыз екі тілде сөйлеу психологиялық жобада да белгілі бір қызығушылықты ұсынады. Ауыз екі тілде сөйлеу психологиясында кибернетика саласындағы ойдың әсерінен бір жүйеге келтірілген екі коммуникативтік үрдіс табанды түрде танылуда. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу.
Оқушы өзіне тиісті пәндерді жан – жақты меңгеріп алғысы келеді және де шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес көмегін көрсетеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді; 2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы; 4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.
Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.
Осы орайда бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұыс формада сөйлеу білуге үйрету.
Сөйлеу әрекетінде түсіне отырып тыңдауға үйретудің басты мақсаты түсіне отырып тыңдаудың көлемін ұлғайтуға қол жетізу, нақтырақ айтқанда әр адамға тән сөйлеу сипаттамасы бар, бірнеше адамды түсінуге мүмкіншілік беретін жаттығулар көлемін қалыптастыру.
Ауызша сөйлеуге үйретудің біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мәтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едәуір байланыстың болуы.
Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі.
Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгіені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар өрбіп отырады. Сондай ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан жақты артып отырады. Мұнда мәтіндерді көбіне оңайдан қиынға қарай өрбіткен мұғалім үшін ыңғайлы
Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында мәтінді оқу, көру арқылы мазмұын түсіну мен мәтіннің мазмұнын өз бетінше оқып түсіне білу, мәтін бойынша талқылауға белсенді араласу сияқты жұмыстар кеңінен қолданылады. Оқылған мәтінге байланысты оқушы өз ойын салыстырмалы түрде жеткізе біліп, қоғамдық орындарда жазылған нұсқауларды оқып түсіну сынды талаптар қойылады.
Ал бұл сөйлеудегі оқушы сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға баланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрлендіре отырып, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Көлемді мәтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары,теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады.
Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында роман, поэма, эссе, әңгіме оқыту арқылы жан жақты жұмыс жүргізуге жол ашады.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын,идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілінде сөйлеп, оқып түсіне білу қабілеттерін қалыптастыруға мектеп қабырғасында мән берілуі тиіс. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу қажет. Шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Осы мақсатпен анықтама әдебиетерді пайдалана білу, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және одан түйгенін қысқаша етіп қағазға жазып алу, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.
Ағылшын тілін оқытудағы оқушының өз сөзін жоспарлай білу икемділігін, мәтін мазмұны мен ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, сөйлеу этикасын пайдалана алуын талап етеді. Оқушылар басқа халықтардың тұрмыс тіршілігімен олардың көрнекті өкілдерінің өмірімен алынған деректермен, бұл халықтар тарихының эпизодтарымен, мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен танысады. Оқулық, оқу кітаптары, газеттегі қарапайым мақалалар арқылы оқушылардың шетелдегі адамдардың өмірімен танысуы олардың жалпы білімділік ой өрісін кеңейтеді. Оқушылардың жан жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты мен сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілі құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) және сөйлесу іс әрекетінің негізгі түрлерімен қарулана отырып, оқушылар танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады.
Оқу бес пайызға дейін бейтаныс сөзі бар ғылыми көпшілік қоғамдық саяси және көркем әдебиеттен қысқартылып алынған мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінулері тиіс. Оқушылар газетті қарап шығып, одан өздерін қызықтыратын мақалаларды таңдап ала алатын болуы тиіс. Мәтінді оқи отырып алынатын хабарға байланысты оқушылар оқу қарқыны мен түсінігін қалыптастыруы керек.
Тілдік материалдар оқушыларға өз қалауларын айтуға және өз пікірін білдіруге қажет болады. Өз пікірін ситуациялар және тақырыптармен байланыстыра қолдану мынадай пікірлер айтуға, жеткізуге жетелеуі тиіс:
қалауын, сезімін, жанашырлығын білдіру;
өз көзқарасын айту, қарапайым ғана дәлел келтіру;
істің мән жайы мен оқиғалар туралы мәліметтер алу және әріптесінің пікірін сұрау.
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес.Шетел тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.
Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады
Достарыңызбен бөлісу: |