Ағымдық бақылау тапсырмалары (3 кредит 8 тапсырма)



бет2/5
Дата21.03.2020
өлшемі98,55 Kb.
#60628
1   2   3   4   5
Байланысты:
5, тапсырма, тапсырма, тапсырма, 5, 5, Листовка для водителей, Конвенция ООН о правах ребенка, Конвенция ООН о правах ребенка

Батырлық эпос шығу мерзімі жағынан түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлы дәуірлерімен ерекшеленеді. Тарихтың айтуы бойынша, ХҮ ғасырға дейін «Қазақ» деген тұтас халық болмаған, жеке бытыраңқы рулар болған. Олардың бәрі «ноғайлы» деген жалпыға бірдей атпен аталған. Кейіннен, ХҮ ғасыр ішінде бұл рулардың көпшілігі бір жерге қосылып, содан былай қазақ хандығы құрылған. ХІІІ ғасырдың басында монғолдардың Шыңғыс хан бастаған шапқыншылары Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасайды. Монғол шапқыншылары мұнымен қанағаттанбай Иран мен Иракқа, Кавказдық елдерге және Еуропаның оңтүстік шығысына қарай шабуыл жасайды. 1256 жылдан бастап бүкіл Кавказдық елдер, Иран, Ирак және Кіші Азияның бірсыпыра жерлері Хулағу хан құрған монғол мемлекетіне(ұлысына бағынады. Бірсыпыра уақытқа дейін жергілікті елдер Хулағуліктерге бағынбай соғысып, алысып өткен. 1295 жылдан 1304 жылға шейін Ғазан хан(Қазан хан) хандық құрған. Хулағуліктерге бағынбай, соғысып, алысып өткендер кавказдықтар, азербайжандар мен қыпшақтар болған. Осындай жағдайда жауларынан өздерін айыру үшін ирандық монғолдар бастарына қызыл бөрік киеді. Осыдан барып оларды «қызылбас» деп атаған деседі. Ғазан хан және одан кейінгі хандар да өздері құрған мемлекетті нығайту мақсатымен айналасындағы елдерге талай рет шабуыл жасап отырған. Өздерінің жер-су, қоныстары үшін қызылбастарға қарсы күресіп, қарсылық көрсеткен, ерлік жасап соғысқан ел қыпшақтар болған.

Міне, ертеде шыққан жырларда қазақ(қыпшақ) батырларының алысатын жаулары қызылбастар болып келуі жоғарыда көрсетілген тарихи шындықтың елесі секілді. Ал бертін келе, қазақ жеріне шабуыл жасаушылар қызылбастар емес, қалмақтар болады. Қазақ халқының қалмақ басқыншыларына қарсы күресі бергі кезде болды. Бұған қарағанда, қалмақ феодалдарының шапқыншылық әрекеттеріне қарсы ерлікпен күресіп, жауға тойтарыс берген қазақ халқының батырлық тұлғасын көрсету үшін жыршы ақындар өткен заманда туған батырлар жырын да пайдаланған секілді. Ескі жырларға соңғы кездің оқиғаларын қосып, біраз жаңартқан деуге болады.



Батырлық жырлардың классикалық үлгілері «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбарлар» болса, тұтастану құбылысына жауап беретін «Қырымның қырық батыр» жырлары бар. Жырлану барысында эпостық жырлар бірнеше нұсқаға айналып, бірнеше варианттарына байланысты версиялар құрайды. Типологиялық жағынан көптеген ұқсастықтар бар. Ұқсас жерлер, тізбектеле жырлау, негізгі мифтері ғажайып туылу, жедел өсу, үйлену, жекпе-жек, соғысу, түс көру, мұратына жету т.б. болып келеді. Көркемдік жағынан аллитрация мен ассонанс, гиперболла мен литота, теңеу мен эпитет және т.б. батырлық эпостан мол ұшырасады. Эпикалық батырлық жырларды жырлаушы көптеген өнер өкілдерінің есімдері мәлім.

Тарихи жырлар қазақ хандығы дәуірінен бастап, одан кейінгі ел басына төнген қауіп пен қатерді баяндайды. Тәуелсіздік жолындағы күрестегі қаһармандардың ерлік ісін дәріптеу тарихи жырдағы өлең, тарихи аңыздар айырықша ықпал еткен. Батырлық жырларда эпосқа ертегі, мифтер араласса, тарихи жыр аңыз бен тарихи өлеңдерді бойына сіңіріп, шын мәнін де өмірде болған тарихи адамдардың ерлігін баян етеді. Қазақта батырлар жыры мен тарихи жырдың көбірек туған кезі ХІҮ – ХҮІІІ ғасырлардың арасы секілді. Осы аталған кезеңдерде бүгінгі қазақ халқының көне тарихында бірнеше елеулі оқиғалар болып өтті. Бұл тарихи фактілер батырлар жыры мен тарихи жырдың тууына әсер етеді. Қазақта батырлық пен тарихи жырдың тууына әсер еткен екінші бір жағдай – қазақтар мен қалмақтардың арасындағы қарым-қатынастар, көп заманға созылған күрестер еді. Тарихи деректерге қарағанда ХҮІІ ғасырдың қарсаңында қалмақтар күшті мемлекетке айналады. Қалмақтың шонжарлары қазақтардың шұрайлы жерін, мал-мүлкін тартып алуды, қазақ елін құл етуді мақсат етеді.Халық басқыншыларға қарсы қазақ халқының ерлік күресін, батырлық күшін, жеңісін суреттеп жырына қосты.

2.Батырлық эпос. Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. [..] Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі – шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады(Алпамыс, Қобыланды т.б.) [..] Батырлық жырлар, көбінесе 7-8 буынды жыр тармақтарымен жырланады, кейде он бір буынды қара өлең ұйқасымен де жырланады. Жырда әсірелеу, суреттеу басым болады, жыр жедірме екпінімен жеңіл айтылады.[..]

«Алпамыс» деп талатын жыр өзбекте де, қазақта да, қарақалпақта да бар. Арасында аздаған айырмашылық бола тұрса да, ол - әр халықтың өз шығармасы. «Алпамыс» - Орта Азия халықтарының ерте замандарда ру болып жүрген кезінде туған шығармасы. Бұл жырдың Орта Азия халықтарына ортақ болу себебі де осыдан. «Алпамыс батыр» жырының негізгі идеясы – ру бірлігін сақтау. Сондықтан да жырда ру бірлігін көздеген, әр рудың арасында араздық, шапқыншылық емес, татулық болуын мақсат еткен адамдардың іс-әрекеті ардақталады. Оларды рудың қамқоршысы етіп суреттейді. «Алпамыс» жырын бағалауда теріс көзқарастар да болмай қалған жоқ. Бұл жырдың өзбекше вариантын қарастырған кейбір зерттеушілер 1952 жылы баспасөз бетінде оны халыққа жат, зиянды шығарма деп бағалады. Қате көзқарасқа уақытында тойтарыс берілді.

Кейіпкерлері - Алпамыс, Гүлбаршын, Ұлтан, Қаражан, Мыстан т.б. Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне жар-жолдас- қалыңдық іздеп шығу, бұл жолда әр түрлі ерлік істер жасап, батырлық сыннан өту – дүние жүзіндегі эпостық шығармалардың көбінде кездесетін жай. Ондағы батырлардан Алпамыстың бір үлкен айыпмашылығы бар: Алпамыс батырлық іске тек Гүлбаршын үшін ғана аттанбайды. Ол бір кезде Байбөріге өкпелеп бөліне көшкен, қалмақ еліне кеткен Қоңырат руының бір бөлегін іздеп те шығады. Халық жыры Алпамысты қалмақ еліне аттандырады, ол өкпемен көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлегін қайтару, оны қоңыраттар,а қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді. Алпамыс образы - халықтың руға қамқор, қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ.

«Алпамы» жырының ерекшелігі, - оқиғаны шегініспен қатар, диалог арқылы баяндайды. Жырда бір оқиғаны әңгімелеп келе жатады да, оны аяқтамай, екіншісіне көшеді. Оқиғалары осы ретпенбаяндалады. Жыршы ақын тыңдаушы жұртты жыр оқиғасынақызықтырып отыру үшін шегініс әдісін жиі қолданған тәрізді. Көптеген оқиғалар, аддамның күініш-сүйініштері диалог арқылы среттеледі.

Жыр сөздігінде қазіргі күні мағынасы ескірген сөздер көп кездеседі. Өлең қрылысы бірелкі емес. Өлең түрі кейде жеті-сегіз буынды, кейде он бір, кейде он буынды болып келеді. Мұның мәнісі - жырдың «Алпамыс» - бірнеше халыққа ортақжыр. Мұның қазақ вариантынаәсері болғандығы айқын.

«Алпамыс батыр» жыры жас жеткіншектерге «бірлік бар жерде тірлік, елдік барын» аңғартады. Достыққа адалдық, сертке беріктік, ел мүддесін жоғары қоюшылық – жырдың кішкентай оқырманы үшін әрқашан да өнеге. Жыр ел қорғау жолында халық мүддесі үшін күресушілердің жеңетіндігін аңғарта отырып, жас ұрпақтың алдына халық үшін қызмет ету жолын таңдауды ұсынады. Жырдың өміршеңдігі де осынысында және ел бірлігін сақтау жөніндегі идеясында.

«Қобыланды батыр» жырында қызылбастардың(тек бір вариантында қалмақтардың) басқыншылық, жаулық шабуылдарына қарсы қыпшақ батырларының жүргізген ерлік істері сипатталады. Қазақтағы батырлар жырының ішінде варианты көбі – «Қобыланды батыр». Қобыландының батырлығы жөнінде жыршы ақындардың бәрі де (Марабайдан басқасы) әңгімені әріден, баланың тумай тұрған кезінен, Тоқтарбай мен Аналықтың бір перзентке зар болуынн бастайды.

Дүние жүзілік эпостың көбінде батыр образы батырдың есейген кезінен басталса, Қобыландының болашақта асқан батыр болатындығы оның ана құрсағында жатқан уағында-ақ білінеді. Мәселен, Қобыландының шешесі Қобыландыға екіқабат кезінде жерік асына не арыстанның жүрегін, не айдаһардың өтін жейді, немесе қара тасты шайнайды. Жыршылар Қобыландының образын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастаса, Тайбурылдың болашақта батырға жолдас болатын тұлпар екендігі кер биенің ішінде жатқан кезінде-ақ белгілі болады. Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландыны ерлік іске бастаған да, оны рухтандырған да - халық, халықтың намысы. Қобыландының батыр атануы – оның ел-жұртын адал ниет, шын көңілмен сүйгендігінен. Кейпкерлері - Қобыланды, Құртқа, Қарлыға, Қараман, Қазан, Көбікті, Алшағыр, т.б.

«Қобыланды» жырындағы оқиғалар бір адамның айналасына құрылады. Жырдың негізгі тірегі - Қобыланды. Жыр ерекшелігі – бір оқиғадан екіншісін тудыра, өрістете жырлау, шегініс жасамай жырлау болып табылады. Жырдағы тіл балығын есепке аламыз. Жыр тілінің байлығы теңеу, метафоралар жасауымен, дыбыс қайталауларымен көрінеді.

Жырда Тайбурылдың шабысы өте әсерлі суреттелген. Тайбурылдың шабысы арқылы халқы үшін кек алуға аттанған батырдың тасқындаған күші, ыза-намысы берілгендігі байқалады. Мұнымен қатар Тайбурылдың шабысында халықтың ой-арманы, қиялы жатқаны да байқалады. Одан сеңгір-сеңгір таулардан бір-ақ қарғып өтетін, алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір күнде жететін көлік болуды аңсаған халық қиялы көрінеді. Жырда ерте кездегі талай-талай географиялық атаулар да кездеседі. Сонымен қатар қазірде сирек аталатын өсімдіктердің аттарымен де балаларды таныстырып қалуға зор мүмкіндік береді.



«Ер Тарғын» жырын фольклортанушылар ноғайлы дәуірінде туды, ол белгілі мөлшере сол дәуірді және оның қарым-қатынастарын елестетеді дейді. Басқа жырларға қарағанда «Ер Тарғын» жырының варианттары көп емес. Көп уақытқа дейін ғалымдар «Ер Тарғын» жырын қазақ ауыз әдебиетіндегі халықтық сипаты бар көркем шығарманың бірі деп бағалап келді. 1951 жылғы қаулы әсерінен «Ер Тарғын» жырына қарсы пікірлер айтыла бастады. Осындай себептерден «Ер Тарғын» жыры біраз уақыт қатардан шығып қалды. Кейіпкерлері - Ер Тарғын, Ақжүніс, Қарт Қожақ, Ханзада, Тарлан ат т.б. Жырдағы Тарғын қалың қол бастаған батыр болып көрінбейді. Ол – жеке ұрыстарда ерекше ерлік жасаған, сонысы үшін ер атанған адам.

«Ер Тарғын» жырындағы Тарғын - бір рудың ғана емес, бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған елдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып көрінеді. Сондықтан ол ноғайлының бір елінен шығып, екіншісіне келеді. Тарғын басқыншы жаулардан өзінің ел-жұртының елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет етуді мақсат етеді. Тарғынның Ақшахан әскерлеріне еріп, торғауыттарды жеңуде ерлік көрсетуі осы мақсаттан туады. Басқа ырларда басты кейіпкерлер жайы бірден айтылатын болса, бұл жағай «Ер Тарғын» жырында жоқ. Жырдың сюжет құру, образ жасауындағы негізгі ерекшеліктің бірі де осында. Жыршы әңгімені Тарғынға байланысы жоқ жайды суреттеуден бастайды. Жырда Тарғынның бейнесі тек ел қорғау жолында жасаған ерлік істерін суреттеу арқылы ғана жасалып қоймайды. Оның батырлық тұлғасы, ерлік ісі, алып күші Тарғынның өз сөзімен де, басқа адамдардың (мәселен, Сыпыра жыраудың) сипаттауымен де беріліп отырады.

Жырдың оқиғасы Тарғынның ерлік істерін суреттеу арқылы дамиды. «Басқа жырлармен салыстырғанда, айтайын деген ойды, суреттейін деген құбылысты асқан шеберлікпен беруде «Ер Тарғын» жыры, біріншіден, дамыту әдісін, екіншіден, шендестірді мол қолданады және шендестірудің жай түрін емес, ұлғайған, күрделі түрн жасайды»(Қ.Жұмалиев). Жырдың бұл ерекшелігі адам образын жасаудан айқын байқалады. Ақжүністіңкелбеті төмендегіше суреттеледі:

...Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де етім көр,

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де бетім көр.

Ақжүністің Қарт Қожақты сипаттауында да шендестір әдісі қолданылған.

«Қамбар батыр» жыры – қазақ еліне ерте кездің өзінде-ақ тараған жыр. Кейіпкерлері - Қамбар батыр, Назым, Алшыораз, Әзімбай, Қараман, Келмембет т.б. «Қамбар батыр» жырының басты идеясы халыққа қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан туған. Егер басқа жырларда батыр бейнесі көбінесе бірден оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы жасалса, олардан Қамбар бейнесінің елеулі бір айырмашылығы бар. Халық жыры оны еңбекші халыққа қызмет еткен еңбек ері деп көрсетеді. Бұдан халықтың ел қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да ардақтайтындығы байқалады. Екіншіден, халық неше түрлі жыртқыш аңдарды, соның ішінде жолбарысты жеңуін Қамбардың күшті батырлығы деп бейнелейді. Жырда Қамбар бейнесі жау адамдарының іс-әрекеті, сөзі арқылы да толықтырылып отырады. Қараман мен Келмембеттің Қамбардан сескенуі, қорқуы, одан қауіптенуі батыр бейнесін ұлғайта түскен. Халық бейбітшілік кезінде де, басқыншы жау шабуылдаған кезде де жұрт үшін аянбай күресетін ер-азаматы Қамбардай болуын арман еткендігін білдіреді.

«Қамбар батыр жырының ерекшелігі – оқиғаны әр түрлі шегініс жасау арқылы жырлауында. Жырдың тілі көркем. Аз сөзбен көп мағына беріліп отырады. Мысалы, Қамбардың аң аулауға шыққаны былай суреттеледі:

Күмістен тағып қарғысын,

Соңына ертіп тазысын,

Ау қылып Қамбар шығады.

Қасындағы құмайы

Таңынан тартып талайын

Тау текені жығады.

Таңы арылып жыртылып,

Киік пен жатқан құланы,

Ат бетіне қаратпай,

Ақбөкендей жосытып,

Айқайын салып қуады.

Бұл суреттен қазақ халқының ерте кездегі тұрмыс-тіршілігі, күн-көрісі бір көзі аңшылық болғандығы байқалады.

Қандай шығарма болса да, оның негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті – халықтың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектебі. Батырлық жырлар – сол мектептің маңызды құралы.[..] Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады.

Жеке адамдардың жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтық ойлар қарсы қойылып отырды. Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті, жаманнан жирентті. Тәрбие мүддесіне сай, халық эпостық шығармаларға сюжеттер ендірді, мінездеу мен кульминация неғұрлым әсерлі болуын қарастырды, жеке образдар көркем де шебер жасалынып, есте мәңгі қалатындай әсерлі болды, ой түйіндері өнегелі өрнекпен құрылды. Бағдарлай зерттеп байқасақ, эпостық шығармаларда тәрбиенің алуан түрі бар. Дене шынықтыру тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, отансүйгіштік тәрбие, еңбексүйгіштік тәрбие, еңбек тәрбиесі,батырлық жырлардың табиғатындағы мақсатты мұрат – міне осылар.

Эпостық шығармалардың негізгі оқиғалар арқаулары да – осы тәрбиелік мақсаттар. 1. Дене шынықтыру тәрбиесі эпостық шығармаларда бірінші кезекке қойылады. Эпостық шығармаларда атқа шабу, мергеншілік, найзагершілік, қылыш шабу шеберлігі дәріптеліп жырланады. Халықтық шығармаларда бұл өнерлер оңайлықпен келмейтіндігі суреттелінеді. Батыр мерген болу үшін әуелі мергеншілікке үйреніп, мергеншілік мектебінен өтеді де үлкен айқаста сынаққа түседі. 2.Халық Отан қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Ел үшін ерлік жасаудан артық адамгершілік болмасқа керек. Сондықтан халықтың арман-мүддесін айқындайтын батырлардың ауыздан-ауызға мәңгі жатталған бейнелері өздерінің үлгі-өнегелік құнын еш уақытта бәсеңдетпейді. Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар бейнелері қазіргі жастарға да үлгі. 3.Батырлық жырларда халықты қорғаушы ерлер мен азаттық үшін күресуші ғашықтардың ерліктерімен қатар, сол халық үшін жан аямай еңбек еткен еңбексүйгіш, кішіпейілді, саналы жандар да тәрбиелік үлгі ретінде баяндалады. Мысалы, Қамбар батыр ең әуелі аң аулап, “алпыс үйлі арғын мен тоқсан үйлі тобырды” асыраған; Қобыланды батыр мал бағып, аң аулаған; Құртқа Тайбурылды алты жыл күні-түні бағып-баптаған.

Сонымен батырлық эпостың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік жасау, еңбек ету идеясынан туған. Біріншіден, батырлық эпостардағы батырлар образы – патриоттық идеяның образы. Батырлар бейнесінің балаларға игі ықпалы мол. Олар жас жеткіншектерді батыл, табанды, парасатты және әділетті болуға үйретеді. Екіншіден, эпостық жырлардың тілі көркем. Ондағы теңеулер мен тұрақты эпитеттердің мол болуы да балаларды әсерлендіреді. Эпостық жырларда оқиғаны еселеп, қайталап айту жағы да көп кездеседі. Мұндай ерекшелік оқиға желісін ұмытпауға мүмкіндік береді.



Әдебиеттер.

  1. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.

  2. Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.

  3. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.

  4. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.

  5. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. –Алматы, 1993.

  6. Батырлар жыры 1-6т. –Алматы, 1986-1990.

  7. Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.


Task 3
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті
Тапсырма: талдау жасау

1.«Қазақ хрестоматиясы» бөлімдері. Хрестоматияға енгізген шығармалар (талдау жасау)

«Қазақ хрестоматиясы» орыс хрестоматияларының үлгісімен жасалды. 1876 жылдың 3 желтоқсанында Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Бірінші кітабымды Паульсон кітабының құрастырылу тәртібімен жазып шыққалы отырмын. Әрине, мұны қазақ балаларына лайықтап жазамын»(210). Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ жазбасында тұрақталып қалыптасқан араб жазуын емес, орыс алфавитін пайдаланды. Ыбырай қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып қалыптастыруды арман етті. Кирилица нұсқасына қазақи дыбыстардың әріптерін белгілп қосуды ойлады. Сөйтіп, 1879 жылы алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» шығарды. Өйткені араб әліппесі қазақтың ұлттық фонемасына сәйкестендірілмеді. Оның фонетикалық жағынан күрмеу бола бастағанын Ы.Алтынсарин бала оқыту кезінде байыптады. Бұл жайды А.Байтұрсынов та кейін кеңінен зерттеп, төте оқу әліппесін түзген болатын.

«Қазақ хрестоматиясы» төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Ұсақ әңгіме–ертегілер(балалар турасында)», екінші бөлім «Үлкен кісілер турасындағы әңгімелер», үшінші бөлім «Әр түрлі өлең-жырлар», төртінші бөлім «Мақалдар» деп аталады.

Хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету принципін көздеді. Екіншіден, оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуды көздеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ол өз шығармаларында халықтық тілдің негізгі сөздік қорын шебер пайдалана білді. Әдеби тіл принциптерін қатаң сақтады. Оқушылардың ұғымына жеңіл етіп қарапайым тілмен жазды.

Ағартушының Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге жазған хаттарынан Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» екі кітап етіп шығаруды жобалағанын байқаймыз. 1876 жылы 3 желтоқсанда Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Бірінші кітабымды Паульсон кітабының құрастырылу тәртібімен жазып шыққалы отырмын. Екінші кітабымды мен балаларға қызғылықты етіп, табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарихи және географиялық-ғылыми әңгімелер келтірмекпін»[1;210]. 1880 жылдың 4 сәуірінде В.В.Катаринскийге жазған хатында былай дейді: «Декабрь айындағы қиын сапардан кейін аяғымның сырқырап ауыра беруінің салдарынан қыстың денін сырқаттанумен өткіздім, сол мезгіл-мезгіл ауырған сырқатымның ара-арасында хрестоматияның екінші бөлімін құрастыра бастадым. Мұны бір-екі жылда аяқтайтын болармын. Хрестоматияның бұл бөлімінде мен мүмкін болғанынша толық түрде жаратылыс тарихы туралы, география, тарих туралы, аздап химиядан, физикадан, техникалық өндірістен түсінік бергім келеді. Қазақ халқының қазіргі жағдайында маңызы күшті болатын бұл еңбекті ойдағыдай орындап шығуыма құдай тек өмір мен күш беретін болсын, - мұны жақсылап қолдана білсек, бұл қазақ даласына көп өзгеріс енгізеді».

Хрестоматияның құрастырылу үстінде екендігін 1883 жылғы хатында тағы хабарлайды. Әрі оқулықтың араб әрпімен терілуіне байланысты ойынан хабар береді. «Хрестоматияның екінші бөлімін жазып жатырмын, жаратылыс тарихы бөлімін аяқтадым, енді географиялық суреттеме бөліміне кірісіп отырмын. Бірақ, тағы да бұл хрестоматияны араб әрпімен бастыру керек-ау деген ойдамын. Өткен жолы алфавит мәселесі жөнінде, попечительге көрсетсе керек болар деген оймен, Сізге ресми түрде хат жазған едім. Осы жөнінде өз пікіріңізді хабарласаңыз жақсы болар еді» деп жазады[1;256] 1883 жылдың 4 ақпанында В.В.Катаринскийге. Демек, 1879-1884 жылдар ішінде Ы.Алтынсарин хрестоматияның екінші кітабын құрастыру үстінде болған. Ыбырайдың шәкірті Ғ.Балғынбаевтың естелігі бойынша, хрестоматияның баспаға дайын екінші бөлімін Алтынсариннен кейін инспектор болған А.В.Васильев өз қолымен қайта көшірген. Ғ.Балғынбаев «... тарату мақсатын көздеп мен арқылы беріп жіберді» дейді де қайда, кімге беріп жібергендігі турасында да және қолжазбаның одан кейінгі тағдыры жайында да ештеңе жазбайды.

1886 жылы 2 сәуірде В.В.Катаринскийге «Мен қазір өте жабырқау, өте көңілсізбін, өйткені, мен көмектеседі, қолдайды деп үміт еткен өкімет орындарының өзі ақырында келіп, мені заңды және тіпті заңсыз жолдармен қудалап отырады» деп жазған[1;281] Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясының» «қазақ даласына көп өзгеріс енгізетін» бөлімін жалғастыру жолындағы еңбегінің еш кеткендігі таңқаларлық жайт емес.


  1. Ыбырайдың «Кел балалар, оқылық!» өлеңінің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі.

Ыбырай өлеңдерінің ішіндегі ең кең тарағаны да - «Кел, балалар, оқылық!». Бұл – балаларға үгіт ретінде жазылған, оларды оқуға, өнер үйренуге шақырған, өнер-білімнің пайдасын түсіндіретін өлең. Бұл өлең кеңес дәуірінде балаларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарының бәрінде де үздіксіз басылып келді және қазіргі кезең оқулықтарында да басылуда. Бұл – аталмыш өлеңнің уақыт талабына жауап бере отырып, әр дәуір ұрпағын тәрбиелеуге үн қосып келе жатқандығының айғағы.«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі – түгелдей Ыбырай өмір сүрген дәуірдің рухына, шындығына толы.

Білім-өнерден алыс жатқан қазақ балаларын жинап алып, осы тәріздес үгіттік, ұрандық мәні бар өлең оқу ол дәуір үшін тың жаңалық еді. Бала ұғымына жанды әсер ету үшін ақын оқу-білімнің өлмейтіні мен «мал-дәулеттің байлығы бір жұтаса жоқ болатынын» біріне-бірін қарсы қоя отырып түсіндіреді. Сонымен қатар адам еңбегіне мән береді – «сауысқан тамақты шоқумен табады, өнер-білім оқумен табылады» дегенді еске салады. Өлеңнің «Кел, балалар, оқылық!» деп қайталанып отыратын үш тармағы ойды бекітіп, оның үгіттік әсерін арттыра түседі.«Әлпештеген ата- ене қартаятын … қартайғанда жабығып, мал таятын күн болатын», «ата - енең қартайса, сосын қолдан мал тайса, тіреу де, сүйеу де оқу- білім» болатынын ұмытпауға шақырды: Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық! … деген Ыбырай атамыздың өлең жолдары әр ұрпақтың, бар буынның жадында жатталып қалған жан серігіндей.

Ыбырайдың «Кел балалар, оқылық!» өлеңінің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі - оның халық дәстүрі, халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында. Бұл жағдай Ыбырай шығармаларының қазақ еңбекшілерінің түсінігі мен талабына сәйкес келіп, оның халық арасына оңай және тез сіңісуіне мүмкіндік туғызған фактор ретінде көрінеді. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің екінші бір құндылық жағы - қазақ қоғамының сол дәуірдегі өмір шындығына айқын көрініс бере алатындығы десек, асыра айтқандық болмайды.

Автор өзінің негізгі идеясын оқушыға қазақ тұрмысындағы белгілі жағдайлар арқылы жеткізуді көздейді. Атап айтқанда, ол қазақ даласында кең етек алған мал байлығы мен қазақтар үшін әлі де қолға түспей отырған білім байлығын қатар салыстыра келіп, малдың «жұтқа» ұшырауы сияқты қазақ өміріндегі кесір-кердең апаттарды суреттейді, білімсіз, еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын ұғындырады, мал шаруашылығының дала тұрмысында күн көрудің бірден-бір көзі болып отырғанын қынжыла, ашына бейнелейді.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі ұлттық шеңберде, қазақ қоғамындағы мәселелердің төңірегінде жазылған, идеялық бағыты мен негізгі тақырыбы жағынан мәдениетті елдердің ағартушыларының осы саладағы еңбектерімен үндес те үзеңгілес шығарма болды. «Өнер-білім бар жұрттар». Ыбырайдың «Өнер - білім бар жұрттар» деген өлеңі «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің жалғасы тәрізді. Екі шығарманың да мазмұны мен идеялық мақсаты жағынан біртұтастығы осы пікірді растай түседі. Ыбырай хрестоматияның өз кезіндегі басылымдарында бұл екі өлеңді сол себепті де бір-бірінен бөлмей жариялаған болатын. Сөйтіп, кітаптың бірінші бетінің өзі Ыбырайдың әдеби және ағартушылық еңбектерінің идеялық жағынан бір-бірімен тығыз байланыста туғанын және айқын халықтық мақсатта дүниеге келгенін білдіреді.

Ақын «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде білімнің артықшылығын қазақ қоғамындағы әр түрлі жағдайлармен салыстыра отырып көрсетсе, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде ғылымның жетістіктерін тікелей мадақтайды, мәдениетті елдің озық салтын баяндайды. Шығарманың лирикалық кейіпкері өз замандастарының назарын мәдениетті елдің қолы жеткен табыстарына аударуды көздейді, олардан үйренуге шақырады, халқының мәдени мешеулігіне қынжылады. Автор ғылым мен мәдениеттің негізгі көзі деп, атын атамаса да орыс қоғамын, оның халықтық мәдениетін көрсетеді.«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде ғылым мен техниканың сол кездегі ең басты жаңалықтары толық баяндалады. Олардың қайсысы да ғасырлар бойы езушілікте болып, жақсы өмірге аңсаумен келе жатқан қазақ халқының көңіліне қонымды жүйеде дәлелденеді, оның жаңалыққа талпынушылығын арттыра түсетін дәрежеде көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет