Науқастарды қабылдау ж/е тіркеу
1.Науқас қабылдау бөлімшесіне келеді
2.Медбике тіркейді
3.Алғашқы диагноз кояды.
4.Санитарлы өңдеуден өткізеді.
5.Алғашқы қойған диагноз бойынша дәрігерге тексерілуге жібереді.
6.Дәрігер нұсқаулығы бойынша емханада н/е үйде ем алуы туралы карточка сына көрсетеді.
1.Емдеу-сауықтыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысының ұйымдастырылуы. Емдеу-сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория және стационар.Амбулаториялық типтегі мекемелерге амбулаториялар,емханалар, медициналық санитарлы бөлімдер,консультациялар,жедел жәрдем станциялары. Стационарлы типтегі мекемелерге ауруханалар,клиникалар,госпитальдар,босану үйлері, хосписдер,санаториялар республикалық ,облыстық, шеткері,қалалық,аудандық және селолық болып бөлінеді.Арнайы ауруханалар(онкологиялық, туберкулез ауларын емдейтін және т.б.)өзінің саласына байланысты қаланың шетінде немесе қаланың сыртында, көгалды аймақтарда орналасады.Аурухана құрылысының үш негізгі типі бар:дұрыс, орталықтандырылған және аралас. Дұрыс салынған жүйеде аурухананың территориясында шамалы бөлек ғимараттар салынады.Орталықтандыр ылған типтегі құрылыста ғимарат жабық жерасты немесе жерасты дәліздермен біріктіріледі.Аралас типтегі ауруханада негізгі инфекциялық емес бөлімшелер бөлек үлкен ғимаратта, ал инфекциялық бөлімшелер, шаруашылық құрылыстар бірнеше амалы ғимараттарда орналастырылады.Аурухана аймағы үш аумаққа бөлінеді: ғимарат,шаруашылық алаңы және қорғаныш көгал зонасы.Емдік және шаруашылық зонасына кіру жолдары бөлек болу қажет. Ауруханлар мынадай объектілерден тұрады: арнайы бөлімшелерден және палаталардан тұратын станционар; қосымша бөлімшелер(рентген құжатсыз жеткізілбөлмесі,паталогоанатомиялық бөлме) және зертханалар; аптекалар; рәкімшілік және басқа да бөлмелер.Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар(мысалы,хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б.) аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады.Стационарда заманауи,диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін пациенттерді қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық қызметтерді көрсетеді.Кез келген саналы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға арналған палаталардан,шаруашылық бөлмесінен санитарлы бөлмелерден,арнайы бөлмелерден(емшара,емдеу-диагностикалық), сонымен қатар бөлмесінен тұрады.Палаталардағы құрал-жабдықтар бөлімшенің саласына және санитарлы нормаға сәйкес келеді.Палаталар бірорынды немесе бірнеше орынды болып бөлінеді.Палаталарда төсектер, төсек маңында тумбочкалар және орындық немесе үстел, пациенттің киімдерін ілетін шкаф,мұздатқыш, жуынатын орын бар.Төсектердің бір-бірінен арақашықтығы бір метрдей шамасында болады, себебі науқасты күтуге және оны каталкадае төсекке немесе төсектен каталкаға ауыстыру кезінде ыңғайлы болуы үшін. Стационардың арнайы бөлімшелерінде әрбір төсек орталықтандырылған оттегі беруге және басқа да медициналық аппараттармен жабдықтаумен қамтамасыз етілген.Палаталардың жарығы санитарлы нормаларға сай.Күндізгі уақыттағы жарық коэффициенті терезе аумағының еден итараумағы қатынасына тең 1:5-1:6сәйкес. Кешкі уақытта палата жарығы люминесцентті шамдармен жарықтанады.Палата ішіндегі ауада көмір қышқыл газының концентрациясы 0,1тен аспау керек, салыстырмалы ылғалдығы 30-45% Ересек адамдардың палатасындағы ауа температурасы 20С-ден аспайды, ал балалар палатасында 22С.Бөлімшеде пациенттердің 50%тін бірден тамақтандыратын ас тарату бөлмесі және асхана бар.Аурухананың инфекциялық бөлімшелер бокстерден, жартылай бокстерден, жай палаталардан,және карантин жарияланған кезде бөлңмшенің қызметңн қамтамасыз ететін бірнеше бөлек бөлмелерден тұрады.Медбике дәрігерден 15 минут бұрын келуі тиіс.Кезегін қабылдап алады: палаталарды аралап, ауыр жағдайдағы науқастарды карайды,санитарлы-гигиеналық тазалығын қарайды.Орындалмаған жұмыстарды жұмыс дәптерін белгілейді.Сейфтағы улы дәрілерді, наркотикалық дәрілерді қабылдап,журналға қол қояды.Құралдарды тексереді,медбике барлық жағдайларды қарап,кезекші журналына қол қояды.Міндеті:науқастармен қарым-қатынастарды жақсарту; дәрігерін тіркеуін қайталау;қабылдауға түскен науқастaы санитарлық гигиенадан өткен соң тексеріп алу;аурухана режимімен таныстыру; төсек жабдығын дайындау; ауруханаішілік ережелерді сақтауға; берілген тағайындалуды дұрыс орындау; лабораториялық зерттеуге дайындау; ауыр науқасты тасымалдау. Ауыр жағдайдағы науқастың жанына мейірбикелі посты қойылады.Мұндай емделушілер мейіриеналбике көмегімен физиологиялық жағдайды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |