Ағымды дезинфекция және қорытынды дезинфекция


Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптерді сақтау. Дезинфекция туралы түсінік, ерітінділерін дайындау



бет12/30
Дата31.01.2022
өлшемі50,94 Kb.
#130260
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Шпор клиника

2.Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптерді сақтау. Дезинфекция туралы түсінік, ерітінділерін дайындау.Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз аурухана ішілік жұқпаның таралмауын алдын алуға бағытталған санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың жиынтығы.Санитарлық-профилактикалық іс шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі ЕСМ-нің бас дәрігеріне, бас мейірбикесіне және емдеу бөлімдерінің аға мейірбикелеріне жүктеледі. Емдеу сауықтыру мекемесіндегі санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті қамтамсыз ететін іс шаралардың бірі зарарсыздандыру және залалсыздандыру арқылы жүзеге асатын асептика мен антисептика талаптарының орындалуын жүйелі бақылау және қатаң түрде сақтау. Дезинфекция(зарарсыздандыру) дегеніміз қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақты. Профилактикалық зарарсыздандыруды ЕСМде пациентпен қарым-қатынаста болғаннан соң инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі. Зарарсыздандырудың бірнеше тәсілдері бар: механикалық-бөлмені желдету, ылғалды жинастыру жүргізу, төсек орынды жуу, қолды тазалау және т.б. физикалық-ультракүлгін сәулесімен, күн сәулесімен әсер ету, кептіру, өртеу, қайнату, су буының қысымымен әсер ету. Химиялық-патогенді микробтарды химиялық заттармен жою(зарарсыздандыру ерітінділері). Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге және залалсыздандыруға қойылатын талаптар. 1.Медициналық құрал-жабдықтар залалсыздандыру алдында залалсыздандыруға дейінгітазалықтан өтеді. 2.Залалсыздандыруға дейінгі тазалықты жүргізу үшін жуу ерітіндісін, ингибиторлар қолданылады. 3.Залалсыздандыруға дейінгі тазалықты жуу ерітіндісін қолдана отырып қолмен немесе арнайы механикалық тәсілмен жүргізіледі. Бөлшектенетін құрал-жабдықтар бөлшек түрінде залалсыздандыруға дейінгі тазалыққа тартылады.

4.Жуу ерітіндісі алқызыл түске боялғанша қолдануға болады. Жуу ерітіндісі сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен және жуу ұнтағынан дайындалса, онда оны бір тәулікке дейін қолдануға болады. Егер ерітіндінің түсі өзгермесе, оны алты ретке дейін қыздырып, қолдануға болады.

5.Қанмен, шырышты қабатпен, жарамен байланыста болған құрал-жабдықтар залалсыздандыруға тартылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет