М аңғыстау облысында Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы бар. Ол 17-ші шағын ауданда орналасқан.
Балалар ауылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге қорған болмақ.Балалар ауылында 80 тәрбиеленушіге арналған коттедж бар, балалармен бірге 10 тәрбиеші-ана және 3 тәрбиеші-тәте тұрады.Бірінші қабатта қонаққа арналған бөлме, ойын, оқу бөлмелері, асхана және тұрмыс бөлмелері орналасқан.Екінші қабатта тәрбиеленушілер мен тәрбиеші-анаға арналған жатын бөлмелер және тұрмыстық бөлмелер бар. Әр үйдің алдында бақша жері орнатылған, спорттық, ойын және тынығуға арналған алаңдары қарастырылған.Тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуіне және шығармашылық қабілеттерін дамуына ықпал ететін педагог-психолог және әлеуметтік педагог қызмет етеді.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының мәні мен мақсаттары
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеу
- Мемлекеттік көмек пен қолдауды қажет ететін балаларға жататын орын бере отырып өмір сүру,оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайларды жқамтамасызқамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау
- Тәрбие беру бағдарламаларын жүзеге асыру және отбасына жақындастырылған жағдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |