«аграрлық технологиялар» кафедрасы



бет22/26
Дата30.03.2020
өлшемі6,45 Mb.
#61060
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Жұмыс бойынша қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А.,Кененбаев Т.С.Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы,2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №5-6
Тақырыбы: Цилиндрде топырақты сумен қанықтыру тәсілі бойынша оның жыртылған қабатының құрылысын анықтау

Жұмыстың мақсаты – жердің жырту қабатының құрылысын зерттеу

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар

1. Жабдықтар: цилиндр, ағаш балға, күрек, күрекше, дәке, резеңке, миллиметрлік қағаз, ванночка, сүзгіш қағаз, таразы, кептіргіш шкаф

2. Үлгілер: топырақ типтерінің монолиті

Жұмысты орындау әдістемесі

Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысын анықтау үшін танаптан цилиндрмен немесе патронмен 0-10, 10-20 см және т.с.с. қабаттардан құрылысы бұзылмаған топырақ үлгісін алады.



Далаға шығар алдыңда, цилиндрлерді нөмірлейді және қақпақпен қоса салмағын анықтайды. Одан соң тілетін бөлігінің диаметрін және цилиндрдің топыраққа дейінгі бататын тереңдігін өлшеп, мынадай формула бойынша топырақ үлгісінің көлемін (V) есептеп шығарады:

мұндағы: π-шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы = 3,14; R-цилиндрдің тілетін бөлігінің радиусы; Н-цилиндрдің топыраққа бататын тереңдігі, см.

Егер топырақ үлгісі бұрғы-цилиндрмен алынатын болса, далада цилиндрдің қақпағын алып, цилиндрді штангамен жалғастырады. Цилиндрді топырақ бетіне тігінен орналастырған соң қолмен басып енгізеді, ал топырақ өте тығыз болса, оны жерге цилиндрдің қабырғасында көрсетілген белгіге дейін ағаш балғамен ұрып кіргізеді.

Далада тегіс алаң таңдалып, өсімдік қалдықтарынан тазартылады. Жеке өлшенген қақпағын алғаннан соң цилиндрді даярлық алаңына төменгі жағымен қояды. Цилиндрді іші толғанша топыраққа енгізеді, бірақ топырақ нығыздалмауы тиіс, одан соң топырақтың бір қабырғасын таңдап, цилиндрдің төменгі жағын жалпақ пышақпен немесе күрекшемен қияды да, оны төңкеріп, артық топырақтан тазартады, сүзгіш қағаз, дәке салып, қақпағын жабады. Топырағы бар цилиндрді зертханада өлшеп, толық қанығуы үшін төменгі жағымен су ваннасына қояды. Бір тәулік өткен соң топырағы бар цилиндрді өлшейді. Одан соң қалақшамен цилиндрдің үш жерінен топырақ алып, алдын ала өлшенген алюминий стаканға салады. Цилиндрде қалған топырақты тастайды. Ылғал топырағы бар стақанды өлшеп, 1050С температурада кептіру үшін 6 сағатқа кептіргіш шкафына қояды. Кептірілгеннен кейін мүлде құрғақ топырақты өлшейді.



Осымен бүкіл өлшеу жұмысы аяқталады, құралдарды жуады, тазартады, құрғатады және есептеу жұмысына кіріседі. Алынған нәтижелер төменгі кестеге жазылады.

Ррет №

Көрсеткіштер, өлшемдер

Мәлі-меттер

Топырақтың аты:

Үлгі алынған күн мен жер

Н-цилиндрдің биіктігі




R-цилиндрдің радиусы….см




Цилиндрдің көлемі (2*Н)…см3




1.

Бос цилиндрдің салмағы …г




2.

Ылғал топырақ салынған цилиндрдің салмағы...г.




3.

Цилиндрдегі ылғал топырақтың салмағы (2п-1п)…г




4

Сумен қанықтырылған топырақ пен цилиндрдің салмағы…г




5.

Сумен қанықтырылған топырақтың салмағы (4п-1п)…г




Сумен қанықтырылғаннан кейінгі топырақтың ылғалдылығын анықтау

А.

Бос бюкстің номері мен салмағы …г




В.

Ылғал топырақ үлгісі бар стаканның салмағы …г




С.

Бюкстегі ылғал топырақтың салмағы (В-А)…г




Д.

Кептірілгеннен кейінгі топырақ пен бюкстің салмағы...г.




Е.

Бюкстегі мүлде құрғақ топырақтың салмағы (Д - А)...г.




6.

Цилиндрдегі мүлде құрғақ топырақтың салмағы

(5пхЕ:С) …г






7.

Қаныққанға дейінгі топырақтағы су мөлшері (3п-6п)...г.




8.

Қаныққаннан кейінгі топырақтың далалық ылғалдылығы (7. х 100:6п)….г




9.

Топырақтың таза көлемі (6п : топырақтың меншікті салмағы)…см3




10.

Жалпы қуыстылық (Цилиндрдің көлемі – 9п)… см3




11.

Капиллярлық қуыстылық (5п – 6п)…. см3




12.

Капиллярсыз қуыстылық (10п – 11п)…. см3




13.

Топырақтың тығыздығы (d0)….г/см2




14.

Қаныққаннан кейінгі топырақтың ылғалдылығы

(11п х 100:5п)…%






15.

Топырақтың аэрация дәрежесі (10п – 7п)…%




16.

Топырақтың сумен қанығу дәрежесі (7п х 100:10п)….%




17.

Топырақтың көлемдік салмағы (6п : V)...г/ см3




18.

Топырақтың меншікті салмағы 2,6 г/ см3



Алынған деректер мына кестеге толтырылады



Агрофон

Топырақтың фазалары

қатты

сұйық

газ

қайталау

қайталау

қайталау

I

II

III

орташа

I

II

III

орташа

I

II

III

орташа

















































































Жұмыс бойынша қорытынды.
Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың өңделетін қабаты деп нені түсінеді?

2. Топырақтың өңделетін қабаты қандай көрсеткіштермен сипатталады?

3. Топырақтың көлемдік салмағы нені сипаттайды?

4. Жалпы қуыстылық дегеніміз не және ол қалай жіктеледі?

5. Қатты, су және газ тәріздес фазаларының оптималды қатынасы

6. Ылғал жеткілікті және қуаңшылықты егіншіліктерде топырақтың жыртылатын қабатының қандай құрылысын тиімді дейді?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №7-8
Тақырыбы: Әртүрлі агрофоннан кейін топырақтың арамшөп тұқымдарымен ластануын анықтау

Жұмыстың мақсаты – топырақтағы арамшөптер тұқымдарының қорын анықтау.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар:

1. Жабдықтар: штативтер, воронкалар, жуғыштар, ауыр ерітінді (К2СО3), шыны таяқшалар, сорғыш қағаз, тұқымдар коллекциялары.

2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі құрылымдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет