«аграрлық»факультет



бет1/2
Дата06.10.2022
өлшемі50,45 Kb.
#151949
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Жылқы обасы Нуридинов райымбек


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«АГРАРЛЫҚ»ФАКУЛЬТЕТ
«ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ


Реферат
Тақырыбы: Жылқы обасы
Тобы: Ап-17-дк4
Орындаған: Райымбек Н.
Қабылдаған: Жаңбырбаев.М
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Тарихи деректер

  2. Қоздырушысы

  3. Өтуі мен симптомдары

  4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе


Оба(лат. пестіс – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үерсініа рестіс, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады жатады.
Ауру туралы алғашқы жазба деректер біздің дәуіріміздің бастапқы кезеңінде кездеседі. Б.з.б. ғ-да Аристотель өзінің «Һісторіа Анімаліұм» атты еңбегінде дертке сипаттама Италиялық дәрігер және профессор Бернардино Рамадзини оның жұқпалы екендігін 1712 жылы анықтаған. Қоздырушысының 1902 жылы Морис Николь мен Әділ Мұстафа 19 ғасырдың аяғына дейін сиыр обасы лаң түрінде дүниежүзіне кең тарады.
Дертке соңғы рет 2001 жылы Кенияда үй жануарлары 2010 жылдың 14 қазанында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы ауруды жою науқанының аяқталуына жақындығы туралы және 2011 жылдың маусым-айында ол бүкіл әлемде түп-тамырымен жойылатыны туралы мәлімдеді

Негізгі бөлім
Оба(лат. пестіс – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үерсініа рестіс, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.

Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Ерсініа пестіс) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар


Ауру қоздырушысы
Ауру қоздырушысы - Ріндерпест морбіллі вірұс, құрамында РНҚ бар парасовирустар тұқымдастығының Морбіллівірұс туыстастығына жататын вирус. Мөлшері 86-126 нм, әр түрлі формада және өлшемде полиморфты келеді. Вириондарының басым көпшілігі домалақ немесе сопақша, ал кейбірі жіпше тәрізді болады. Сиыр обасының, ит обасының және қызылшаның вирустарының өзара ортақ антигені бар.обасының вирусы сыртқы ортада онша төзімді емес, 60°С қыздырғанда бірнеше минутта, тұрғын үй температурасы жағдайында 3-4 тәулікте өледі. 20°С-та 3-6 айға дейін сақталады. Шіріген көңде тез өледі. Жаздың күні өлекседе 20-30 сағат аралығында жойылады, бірақ, сүйек майында 30 күнге дейін сақталады. Күннің көзінде 30сағат, ал жайылымда 36 сағат ішінде өледі. Сойылған малдың етінде вирустың сақталуы аутолиз поцесінің жылдамдығына байланысты. Егер сүт қышқылы уақытылы түзіліп, тұздалған етте 3 айға дейін сақталады. Сойылған малдың терісінде, көлеңкеде кептірілсе, вирус зардаптылығын 48 сағат, ал байыздалмаған малдың терісінде 24 сағат жояды.

Дезинфекция үшін 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк, 2% күйдіргіш натрий, 1% формальдегид қолданылады. Бұл ерітінділердің әсерінен вирус бірнеше минут ішінде өледі. обасымен сиырдан басқа африкалық бизондарбөкендербұғыларкеріктергнулар және енеке ауырады. Сирек жағдайда қойешкітүйе және жабайы күйістілерде де байқалады. Бұл ауру шошқаның кейбір тұқымдарына да жұғуы мүмкін. Бұзау ересек сиырға қарағанда обаға өте бейім. Кейбір сиыр тұқымдары, мысалы, жапонның қара сиыры, кореяның сары сиыры, Үндістанның таулы аймақтарындағы сиырлар обаға сезімтал келеді. Ауру тұрақты жайлаған өлкелерде жергілікті мал біршама төзімді. Обаны жасанды жолмен сиырдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардан үй қояны мен ит бейім келеді.


Оба қоздырушысының бастауы рөлін денесінен вирусты нәжіс, несеп, сүт, сілекей, танау мен көзден аққан сорамен бөлініп шығаратын ауырған және ауырып жазылған малдар атқарады. Обадан өлген малдың өлексесі, ауырып жұққанда тез жазылып кететін қой, ешкі, бөкендер, шошқа т.б. жануарлар қоздырушысының таралуының қауіпті себепкері болады. Иттер, жыртқыш аңдарқұстар өлексемен қоректенгенде оба вирусын механикалық жолмен тасымалдаушы ролін атқарады. Қоздырушының малды күтетін адамдар, көлік, жем-шөп, су, төсеніш, арқылы да таралуы мүмкін.


Өтуі мен симптомдар


Жасырын кезеңі 3-17 күн. Ауру әдетте жіті, кейде аса жіті, жітіден төмен және үзілмелі түрде өтеді. Қой, ешкі және түйе ауыра қалған жағдайда көбінесе үзілмелі не өшкін түрінде байқалады.
Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуының 41-42°С-қа көтерлуі. Ыстық тұрақты болып, таңертеңгі мезгілде ғана аздап төмендейді. Жем-шөп жеуі саябырлап, ішек-қарында атония байқалады, шөлдей береді, сауын малдың сүті қайтады, 2-3 күн өткенде ауыз қуысының кілегейлі қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады. Бастапқыда қан кернеген телімдер, кейіннен бозғылт-сарғыш дақтар пайда болады. Алғашқыда олар тығыз болып, соңынан жұмсарып, бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жер алқызыл түсті, шеттері тегіс емес. Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің конъюнктивасы қызарып, қабықтары домбығып, көзден жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда күңгірттенеді, көздің алдыңғы камерасында эссудат жиналады. Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар бастапқы 3-4 күнде қозбалы келеді, кейіннен селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік пайда болады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері жыбырлап, жануар тісін шықырлатып, ыңыранады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер


Өлексе өте арық. Құйрығы мен санындағы тері нәжісімен былғанған. Тері асты шелі домбығып, қан кернеген. Қан сұйылып, қара қошқылданып, нашар ұйыйды. Ауыз қуысының, оның астында алқызыл ойылым болады. Құрсақ қуысындағы сұйықтық қызқылт түсті. Шажырқай сөл түйіндері үлкейіп, қанталаған. Ұлтабардың қабырғасы қалыңдап, суланған, ішінде жағымсыз иісті қоңырқай сұйық болады, кілегейлі қабығы домбығып, қатпарланып, қанталайды. Өліеттенген эпителий сұрғылт-сары түсті қабыршақтанып, оңай сыдырылады, астында қызыл шақа ойылым көрінеді. Аш ішектің қабырғасы домбығып, қан кернеп, крупозды геморрагиялық қабынуға ұшырайды, кілегейлі қабығы ойылып, ішектің ішінде фибринді бөлінділер кездеседі. Тік ішектің қабырғасы қанталап, өліеттенген ірімік массамен бүркеліп тұрады. Көкбауыр аздап ұлғайып, капсула асты қанталайды. Өт қабындағы өттің мөлшері көбейіп, исі жағымсызданады, ал кілегейлі қабығын қан кернейді, ұсақ ойылымдар кездеседі. Бүйректері өзгеріске ұшырап, астаушысының кілегейлі қабығы домбығып, қанталайды, несепке қан араласады. Жүрек созылып, миокард азғындап, болбырайды. Эндокард және эпикард қанталайды. Өкпе домбығып, қан кернейді, кейде қабынған ошақтар ұшырасады. Миды қан кернеп, домбығады, гистологиялық тексеру лимфоцитарлық іріңсіз энцефалитті айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет