«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет60/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Кальций мен магний басқа күл элементтері сияқты өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Кальций өсімдіктің тамыр жүйесінің өсуіне әсер етеді, магний хло-рофилл мен басқа органикалық заттардың құрамында кездеседі.

Өсімдік құрамындағы кальций мен магний мөлшерін анықтау үшін комплексонометрлік әдісті қолданады. Бұл әдіс трилон Б тұзының кальций, магний иондарын ішкі кешенді қосылыстарынан ығыстырушылық қабілетіне негізделген.


Өсімдіктердің тіршілік әрекетінде микроэлементтер өте маңызды рөл атқарады. Өйткені олар өсімдік денесінде әртүрлі органикалық заттармен қосылып, олардың физиологиялық белсенділігін бірнеше есе арттырады. Микроэлементтер бе-лок, көмірсу, май сияқты заттардың синтезделуін тездетеді. Өсімдік қоректенуінде микроэлементтердің жетіспеуі, оның түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді.


Өсімдік құрамындағы микроэлементтердің мөлшерін




спектроскопиялық, атомдық-абсорбциялық, атомдық-


эмиссиялық әдістерімен анықтайды. Спектроскопиялық әдіс көбіне заттардың монохромативтік

166 167


сәулелерді жұту қасиетін өлшеуге, атомдық-абсорбциялық спектрофотометрия анықтайтын элементтің резонанстық сәулелерін зерттелетін заттардың атомдық буларын іріктеп абсорбциялауға, атомдық-эмиссиялық тәсіл элементтерді жоғары температуралы (110000С) ионизацияланған аргон ортасында қоздырып, олардың эмиссиялық спектрлерін тіркеуге негізделген.




7.3 Өнімінің сапа көрсеткіштерін анықтаудың маңызы

Кез келген ауыл шаруашылығы дақылын белок, май, қант, крахмал, клетчатка, витамин, органикалық қышқылдар және тағы басқа заттар алу үшін өсіреді. Өсімдіктен алынатын өнімінің биологиялық сапалылығы осы аталған заттардың түрі және мөлшері бойынша бағаланады. Олардың мөлшері өсімдік түріне, ауа райына, топырақ құнарлылығына, агротехникаға және тыңайту жүйесіне байланысты өзгеріп отырады (28-кесте).


Өсімдік өнімінің сапа көрсеткіштерінің түрі мен мөлшерін талдау арқылы анықтайды.




Белок организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды. Өсімдік организмінде белок алуан түрлі қызмет атқарады. Белок өсімдік өнімінде қор және қоректік зат ретінде жи-налады. Қор ретінде жиналған белок дәннің азық-түлік мақсатына пайдалануда маңызы зор. Егіншілікте бұл мақсат үшін алуан түрлі дәнді дақылдар өсіріледі. Олардың ішінде бидай, дәнді бұршақ тұқымдас өсімдіктер ерекше орын ала-ды.

Өсімдік құрамындағы белоктың жалпы мөлшерін Барн-штейн әдісімен анықтайды. Мұнда белокты заттарды күкірт қышқыл мыстың негіздік тұзы - CuSO4·Cu(ОН)2 ерітіндісімен тұндырады. Тұнбаны концентрлі күкірт қышқылымен күйдіреді. Нәтижесінде пайда болған күкірт қышқыл ам-моний қосылысының құрамындағы аммиакты Кьельдал қондырғысында анықтайды.


Крахмал қоры өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Құрғақ затқа есептегенде күріш дәнінде 70-80%, жүгеріде – 65-75 , бидайда – 60-70, арпада – 55-57%

крахмал болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет