Өсімдік құрамындағы кальций мен магний мөлшерін анықтау үшін комплексонометрлік әдісті қолданады. Бұл әдіс трилон Б тұзының кальций, магний иондарын ішкі кешенді қосылыстарынан ығыстырушылық қабілетіне негізделген.
сәулелерді жұту қасиетін өлшеуге, атомдық-абсорбциялық спектрофотометрия анықтайтын элементтің резонанстық сәулелерін зерттелетін заттардың атомдық буларын іріктеп абсорбциялауға, атомдық-эмиссиялық тәсіл элементтерді жоғары температуралы (110000С) ионизацияланған аргон ортасында қоздырып, олардың эмиссиялық спектрлерін тіркеуге негізделген.
7.3 Өнімінің сапа көрсеткіштерін анықтаудың маңызы
Кез келген ауыл шаруашылығы дақылын белок, май, қант, крахмал, клетчатка, витамин, органикалық қышқылдар және тағы басқа заттар алу үшін өсіреді. Өсімдіктен алынатын өнімінің биологиялық сапалылығы осы аталған заттардың түрі және мөлшері бойынша бағаланады. Олардың мөлшері өсімдік түріне, ауа райына, топырақ құнарлылығына, агротехникаға және тыңайту жүйесіне байланысты өзгеріп отырады (28-кесте).
Өсімдік өнімінің сапа көрсеткіштерінің түрі мен мөлшерін талдау арқылы анықтайды.
Белок организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды. Өсімдік организмінде белок алуан түрлі қызмет атқарады. Белок өсімдік өнімінде қор және қоректік зат ретінде жи-налады. Қор ретінде жиналған белок дәннің азық-түлік мақсатына пайдалануда маңызы зор. Егіншілікте бұл мақсат үшін алуан түрлі дәнді дақылдар өсіріледі. Олардың ішінде бидай, дәнді бұршақ тұқымдас өсімдіктер ерекше орын ала-ды.
Өсімдік құрамындағы белоктың жалпы мөлшерін Барн-штейн әдісімен анықтайды. Мұнда белокты заттарды күкірт қышқыл мыстың негіздік тұзы - CuSO4·Cu(ОН)2 ерітіндісімен тұндырады. Тұнбаны концентрлі күкірт қышқылымен күйдіреді. Нәтижесінде пайда болған күкірт қышқыл ам-моний қосылысының құрамындағы аммиакты Кьельдал қондырғысында анықтайды.
Крахмал қоры өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Құрғақ затқа есептегенде күріш дәнінде 70-80%, жүгеріде – 65-75 , бидайда – 60-70, арпада – 55-57%
крахмал болады.
Достарыңызбен бөлісу: