«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет57/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

6.2 Агрохимиялық зерттеулерде 15N изотопын пайдалану

Агрохимиялық зерттеулерде тұрақты ауыр 15N изото-пы жиі қолданылады. Табиғи азот 99,68%-дық 14N және 0,38%-дық 15N изотоптарының қоспасынан тұрады. Егер екі изотоптың арақатынасын бірге тең деп алған жағдайда, қосылыстың 15N изотоппен байытылғанын көрсетеді. 15N изотопымен байытылған азотты тыңайтқыш (мысалы, ам-моний сульфаты немесе кальций селитрасы) алу үшін пайдаланғанда, оның құрамындағы азот таңбаланады.


Егістік және вегетациялық тәжірибелерде 15N изото-пымен таңбаланған азот тыңайтқышын қолдану арқылы өсімдік тамыр жүйесінің азотты сіңіру қабілетін және оны жер бетіндегі мүшелеріне жеткізу, топырақтан сіңірілген нитраттар мен аммоний тамырдың өзінде-ақ өңделіп, органикалық заттардың құрамына кіретіндігі анықталады. Сонымен қатар топырақ температурасы, өсімдіктің су-мен қамтамасыз етілуі және тамырдың зат бөліп шығаруы, тыңайтқыштың топырақпен әрекеттесуі сияқты сыртқы орта жағдайларының тамырдың азотты сіңіруіне күшті әсер ететіндігін дәлелдеді.


Өсімдік немесе топырақ құрамындағы таңбалы тыңайтқыш азотының мөлшерін мына формуламен анықтайды:



  • = No a%

    • A%

мұнда,

Nт - өсімдік немесе топырақ құрамындағы тыңайтқыш азотының мөлшері (мг, г);


Nо - өсімдік немесе топырақ құрамындағы жалпы азот мөлшері (мг, г);


а% - өсімдік немесе топырақ құрамындағы 15N изотоп мөлшері;


А% - тыңайтқыш құрамындағы 15N изотоп мөлшері.



154 155


Көптеген вегетациялық тәжірибелер мәліметтеріне қарағанда белоктың құрамындағы азоттың 50%-ы таңбалы азот есебінен жаңарады. Бұл синтезделген белок молекуласының үздіксіз жаңарып отыратынын көрсетеді.


Ф.В.Турчин бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырындағы түйнек бактериялардың атмосфера азотын сіңіру процесін зерттеуде 15N изотопын қолданды. Бұршақ, беде, жоңышқа өсімдіктерін көлемі 20×20 см ыдыстағы топырақта өсірді. Атмосферадағы молекулалық азотты қарқынды байланы-стыру кезеңінде ыдыстарды өсімдіктерімен бірге арнайы дайындалған шыны камераның ішіне орналастырып, 15N изотоппен қанықтырылған газ күйіндегі азотты береді. Осы тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып Ф.В.Турчин атмос-фера азотын байланыстырудан түзілген алғашқы қосылыс-аммиак бактерия клеткасында емес, түйнектердің тканда-рында шоғырланады деген қорытынды жасады.


Соңғы жылдары азот тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуін және олардың құрамындағы азотты өсімдіктің әртүрлі жағдайда қабылдауын зерттеу үшін 15N изото-пы кеңінен пайдаланылып жүр. Азот тыңайтқыштарының топырақта өзгеріске ұшырау процесін 15N көмегімен анықтау нәтижесінде тыңайтқыш құрамындағы азотты пайдалану коэффициенті нақтыланды (24-кесте).


Сонымен азот тыңайтқышының құрамындағы азоттың егістік тәжірибеде 40%-ын, вегетациялық тәжірибеде 50-60%-ын өсімдік пайдаланатыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет