«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі өнімдерінің сапа көрсеткіштері



бет61/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

28-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі өнімдерінің сапа көрсеткіштері, % есебімен









Крах -




Клетчат-




Витамин




Дақылдар

Белок

Май

Қант

С, мг/100










мал




ка




г

























Бидай

15,0

60,0

1,9

2,8

4,3

-




Арпа

9,0

55,0

2,0

6,0

4,0

-




Жүгері

9,0

70,0

4,6

2,1

3,0

-




Күріш

7,0

63,0

2,3

12,0

3,6

-




Тары

12,0

58,0

4,6

11,0

3,8

-




Соя

35,0

3,1

20,0

5,0

10,0

-




Қант

0,2

-

-

1,2

18,0

-




қызылшасы






















Картоп

2,0

17,5

0,1

1,0

1,0

-




Мақта

15,0

-

22,0

21,0

-

-




Орамжапыра

1,8

-

-

0,8

4,0

30,0




қ






















Қызанақ

0,6

-

-

0,2

3,0

30,0




Қияр

0,8

-

-

0,5

1,5

5,0




Пияз

1,6

-

-

0,6

10,0

7,0




Алма

0,4

-

-

1,0

9,0

15,0




Жүзім

0,9

-

-

0,2

18,0

6,0




Крахмалды анықтауда оны глюкозаға дейін ыдыратып қышқылдық гидролиздеу әдістерін пайдаланады. Түзілген глюкоза мөлшерін Бертран ұсынған химиялық тәсілмен немесе поляриметр құралында анықтауға болады. Бер-тран әдісін өсімдік пигментімен боялған (жапырақ, сабаң) поляриметрді түссіз сүзіндіден анықтауда қолданады. Агрохимиялық зертханаларда поляриметр құралымен крах-малды жиі анықтайды. Гидролиз нәтижесінде түзілген глюкозаның айналу бұрышын поляриметр құралында



168 169


өлшейді. Айналу бұрышының өзгеру дәрежесі ерітіндідегі глюкоза концентрациясына тура пропорциональ болады.


Сахароза глюкоза мен фруктозадан тұратын дисаха-рид. Қант қызылшасының тамырында 15-20% қант болады. Сахарозаның құрамындағы қантты оның судағы ерітіндісінен өткен поляризацияланған сәуленің өзінің бағытын 900-қа өзгерту қасиетіне негізделген. Поляризацияланған сәуленің ауытқу бұрышының шамасы ерітіндідегі қант мөлшеріне қарай өзгереді. Қантты анықтау үшін сахариметр құралын пайдаланады.


Клетчатка өте кең таралған көмірсуларға жатады. Ол өсімдік клеткасында аденозиндифосфатилглюкозаның қатысуымен синтезделеді. Клетчатка әлемдегі бүкіл биомассаның 90%-ын құрайды. Бұл органикалық зат мал ақығы ретінде пайдала-нылатын шөптердің жұғымдылығын, сіңімділігін, нәрлілігін төмендетеді. Ал тоқыма өндіретін жеңіл өнеркәсіп үшін құнды шикізат есебінде пайдаланатын дақылдарда клетчатканың жоғары болуы, олардың технологиялық сапасын жақсартады. Құрамында клетчатка көп дақылға мақта жатады. Оның талшығының 95-98%-ы клетчаткадан тұрады.

Өсімдіктің клетка қабықшасында клетчаткадан басқа да қиын еритін заттар (гемицеллюлоза, лигнин т.б.) бола-ды. Оларды клетчаткадан бөліп алу қиын болғандықтан, көпшілік жағдайда тазартылмаған клетчатка мөлшерін анықтаумен шектеледі.


Ол үшін өсімдікті концентрлі азот және сірке қышқылдарының қоспасымен (Кюршнер-Ганек әдісі) не-месе қышқыл мен сілтінің әлсіз ерітінділерімен (Геннеберг-Штоман әдісі) өңдейді.




Май және май тәрізді заттар өсімдік тіршілігі үшін қажетті биологиялық қосылыстар болып саналады. Өсімдік майлары адам мен жануарлардың қоректенуі үшін аса бағалы зат ретінде пайдаланылады.

Майды анықтау қайнау температурасы 1000С аспай-тын органикалық еріткіштермен (эфир, бензин, т.б.) экстракциялауға негізделген.


Агрохимиялық зертханаларда өсімдік құрамындағы майды эфирде ерітеді де майсыздандырылған қалдықты құрғатып оның массасын өлшейді. Сынақ массасының кемуіне байланысты оның құрамындағы май мөлшерін есеп-теп шығарады.


Аскорбин қышқылы (С витамині) тотығу-

тотықсыздану процесіне қатысады. Оның тамақ құрамында жетіспеуі түрлі ауруларға шалдығуға әкеп соғады.


Өсімдік құрамындағы аскорбин қышқылының мөлшерін И.Мурри ұсынған әдіспен анықтайды. Бұл әдіс аскор-бин қышқылының кейбір органикалық қосылыстарды тотықсыздандыруға негізделген. Ол көк түсті 2,6-дихлор-фенол-индофенолмен әрекеттескенде дегидроаскорбин қышқылы түзіледі.




Каротин (А провитамині) өсімдік организмінде синтезделетін сары және күлгін қызғылт түсті пигменттер тобына жатады. Каротиннің жетіспеушілігінен адам мен жануарлар организмдерінің өсу процесі бұзылады, көру қабілеті нашарлайды.

Жалпы бұл пигмент суда ерімейді, бірақ ацетон, бензин, эфир, диоксан сияқты органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Каротинді анықтау үшін оны өсімдік сынағынан авиа-бензинмен экстракциялайды. Зерттелетін ерітіндінің боялған түсінің фотоэлектроколориметр немесе спектрофотометр құралдарда сәуле жұту қабілетін (оптикалық тығыздығын) анықтауға негізделген.




Нитраттардың ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміндегі мөлшерінің шектен тыс жоғары болуы адамдар мен малдардың организмін уландырады. Мал азығы үшін нитрат азотының уландырғыш деңгейі 0,2%. Сондықтан құрамында 0,2%-дан жоғары нитрат азоты бар азықты малға беруге болмайды. Адам өз салмағының әрбір килограмына 5 мг есебінде нитрат пайдалануы зиянды әсер етпейді. Зиянды әсер етпейтін нитрат иондарының концентрация шегі 29 ке-стеде көрсетілген.

170 171


29- кесте. Зиянды әсер етпейтін нитрат иондарының концентрациясының шегі



Дақыл




NO3-,




Дақыл

NO3-,







мг/кг




мг/кг



















Картоп




250

Қияр




150




Ерте

пісетін

900

Асханалық қызылша

1400




орамжапырақ































Кеш

пісетін

500

Пияз шалқаны

80




орамжапырақ































Ерте пісетін сәбіз

400

Қауын




90




Кеш пісетін сәбіз

250

Қарбыз




60




Тәтті бұрыш




200

Жүзім




60




Алма




60

Мал

азықтық

800










қызылша



















Қызанақ




150

Алмұрт




60




Өсімдік құрамындағы нитрат иондарының концен-трациясын азотты тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін бірнеше рет бөліп беру, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды үйлестіріп қолдану, азот тыңайтқышына ингибиторларды қосып пайдалану, тұқымды себу мерзімі мен басқа агротехникалық шараларды қатаң сақтау арқылы реттеуге болады.


Өсімдіктердің (әсіресе көкөніс, жеміс-жидек, мал азықтық шөп, бақша дақылдары) құрамынан әртүрлі өсу кезеңінде нитрат иондарының мөлшерін анықтаудың маңызы зор. Ол үшін потенциометрлік әдісті қолданады. Бұл әдіс ионселективті электродтың потенциалын өлшеуге негізделген. Электрод потенциалының өзгеру мәні ерітіндідегі нитрат иондарының концентрациясына тәуелді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет