«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


- ТАРАУ ТОПЫРАҚТЫ АГРОХИМИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ



бет71/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

10 - ТАРАУ


ТОПЫРАҚТЫ АГРОХИМИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ


ЖӘНЕ КАРТОГРАММА ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазақстан территориясы топырақ құрамы мен түрі жағынан сан алуан. Республикамызда негізінен қара, қара қоңыр, боз, сор, сортаң т.б. топырақ типтері кездеседі.


Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жаңадан игерілетін жерлер болмағандықтан егін шаруашылығын дамыту үшін топырақ құнарлылығын арттыруға басты назар аударылуы тиіс.


Халқымызда «Күте білсең жер жомарт», «Қара жер қарыз арқаламайды», «Жері байдың елі бай» деген даналық сөздер топырақты дұрыс пайдалану қажет екенін білдіреді.


Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарлату үшін оларды өсіру кезінде жаңа технологияны кеңінен пайдалану қажет. Қазіргі кезде бұл салада елімізде мамандырылған шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.





Шаруашылықтың топырақ құнарлылығын

сақтау

және оның экологиялық жағдайын жақсарту,

сондай-

ақ тыңайтқыштарды тиімді қолдану үшін топырақты агрохимиялық тексерудің маңызы зор.


Агрохимиялық тексеру – топырақтың құнарлылығы мен оның агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау мақсатында жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде алынған мәліметтерді топырақты мелиорациялау құжаттарын, егістікті кешенді түрде агрохимиялық жолмен құнарландыру және әрбір егілетін дақылдың ерекшелігіне сәйкес тыңайтқыштарды қолдану жоспарын дайындау кезінде пай-даланады.

Республикамызда топырақ-климат аймақтарының және шаруашылықта тыңайтқыш қолданудың деңгейінің әртүрлі


болуына байланысты агрохимиялық тексеру жүргізу дәрежесі түрліше болып келеді. Агрохимиялық тексеру тыңайтқыш қолдану деңгейі төмен шаруашылықтарда 5-7 жылда, ал тыңайтқыш қолдану деңгейі жоғары және суармалы жерлердегі шаруашылықтарда 3-4 жылда бір рет жүргізіледі. Осындай тексеру мерзімдері топырақ құнарлылығының өзгеру уақытын бақылауға және шаруашылықтың тыңайтқышты пайдалану жоспарына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Агрохимиялық тексерудің мәліметтері бойынша шаруашылық топырағының агрохимиялық картограммасы дайындалады. Агрохимиялық картограммада топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілу дәрежесі, оның реакци-ясы, тұздылығы және эрозиялығының дәрежесі көрсетіледі.


Агрохимиялық тексеруді жүргізу – орманды далалы және далалы аймақтарда 1:25000, шөлейт аймақта 1:50000, суар-малы егістік пен таулы облыстарда 1:5000 масштабтарда жүзеге асырылуы тиіс.


Картограммаларды топырақ-климат жағдайы шама-лас келетін аймақтарға сәйкес келетіндей етіп жасайды. Мысалы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардағы суармалы егіншілік үшін топырақтағы қоректік элементтердің түрлері мен мөлшері, топырақтың қаншалықты сортаң екендігі, эрозияға қандай дәрежеде ұшырағандығы туралы мәлімет беретін картограммалар қажет.


Топырақтағы агрохимиялық тексеру және картаға түсіру мынадай бөлімдерден тұрады:





  1. Топырақты агрохимиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру.

  2. Далалық зерттеу жұмыстары.




  1. Зертханалық агрохимиялық зерттеулер.




  1. Агрохимиялық картограмманы дайындау.




  1. Агрохимиялық үзінді дайындау.

212 213


10.1 Топырақты агрохимиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру

Ең алдымен агрохимиялық тексеру жұмыстарының бағдарламасы жасалынады. Шаруашылық топырағының пайда болу жағдайын (климаты, өсімдігі, жер бедері, жы-ныстары), морфологиялық белгілерін және химиялық құрылымын сипаттайтын қолжазбаның және жарияланған материалдармен танысу керек. Сонан кейін топырақ картасының көшірмесін әзірлейді. Жұмыс жүргізілетін әрбір егіс танабының дақылдарының өнімі, тыңайтқыш қолдану деңгейі мен мелиорация жұмыстары жөніндегі соңғы 3-5 жылдардағы мәліметтерді жинайды. Егін жайды сипаттап қағазға түсіру шаруа қожалығының бастығы не-месе агрономның қатысуымен жүргізіледі. Егін жағдайын тексерудің ведомосі жасалып, оған мынадай мәліметтер енеді: шаруашылықтың аты, егін жайдың немесе учаскенің нөмірі және гектармен алынған көлемі, негізгі топырақ типінің (шартты белгісі), соңғы үш жылда өсірілген дақылдар, олардың агротехникасы (себу, өңдеу, тыңайту, суару) және әр гектардан алынған өнім (центнер есебімен), мұнан кейінгі жылдары егуге жоспарланған дақылдар мен олардың агро-техникасы. Сонан кейін жерді пайдалану жоспарының көшірмесін әзірлейді де далалық жұмыстарды орындаудың картографиялық негізін дайындайды. Топырақты агрохимиялық тексеру отрядының жетекшісі жұмыс жоспа-рын құрастырады, біріккен (аралас) топырақ үлгілерін алуға арналған дара учаскелердің көлемі мен санын анықтайды. Топырақтың аралас үлгісін алу үшін жұмысшылар звено-сы құрылып, олар қажетті құрал-жабдықтармен (бұрғы, қада, қапшық, күрек, пышақ, сантиметрлік бау, компас, қарындаш, этикетка, тексеру нәтижесін жазатын жорнал) қамтамасыз етіледі. Әр звено үш-төрт адамнан құрылғаны дұрыс әрі оларды арнаулы білімді маман-агрохимик басқарғаны жөн. Звено мүшелерінің міндеті шектелуі тиіс: біреулері – учаскенің ұзындығын өлшейді, екіншілері –


топырақ үлгілерін алады, үшіншілері – үлгілерді қапшыққа салады, төртіншілері – қажетті жазбаларды түсіреді. Онда аралас үлгі алынған шаруашылық аты, егін жай мен аралас үлгі нөмірі жазылып, сондай-ақ үлгіні алған адамның аты-жөні мен алынған күні көрсетіліп, үлгі буылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет