«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет68/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

(Д.Г.Звягинцев бойынша)



Қамтамасыз







Ферменттер










етілу

каталаза

дегидрогеназа

инвертаза

уреаза

фосфатаза




деңгейі

























Өте төмен

<1

<1




<5

<3

<0,5




Төмен

1-3

1-3




5-15

3-10

0,5-1,5




Орташа

3-10

3-10




15-50

10-30

1,5-5,0




Жоғары

10-30

10-30




50-150

30-

5-15










100

























Өте жоғары

>30

>30




>150

>100

>15




Өсімдіктерді уландыратын топырақта пайда болған сутек асқын тотығының ыдырауы каталаза ферментінің қатысында жүреді.


Каталазаның белсенділігін анықтау сутек асқын тотығы топырақпен әрекеттескенде оның ыдырау жылдамдығын өлшеуге негізделген.


2О2 → 2Н2О + О2 Каталаза ферментінің белсенділігін газометрлік әдіспен


сутек асқын тотығы ыдырағанда бөлінген оттектің көлемі бойынша немесе ыдырамай қалған сутек асқын тотығының мөлшерін перманганатометрлік титрлеу әдісімен анықтайды.


Топырақ құрамындағы нитрат азотының нитритке дейін тотықсыздануы нитратредуктаза ферментінің қатысында өтеді.


НАД∙Н2 + NО3 → НАД + NО2 + Н2О Нитратредуктаза белсенділігін анықтау әдісі анаэробты


жағдайда топырақ құрамындағы нитрат азотының азаюын өлшеуге негізделген.


Пероксидаза ферменті гумин қышқылдарының молеку-лалары түзілу барасында конденсациялау реакциясы мен топырақтағы тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады. Оның белсенділігін анықтау пиргаллол, толуол және сутек асқын тотығының қосындысынан дайындалған ерітіндісімен пероксиданың әрекеттесуінен түзілген пурпурогаллин ша-масын колориметрлік әдіспен анықтауға негізделген.


Дегидрогеназа тыныс алу процесіне, уреаза мочевинаның,


фосфатаза ортофосфор эфирлерінің, фенолдың, спирттердің, органикалық фосфор қосылыстарының гидролизденуінде катализатор қызметін атқарады. Оларды колориметрлік әдісті қолдану арқылы анықтайды.




Бақылау сұрақтары:



  1. Топырақты агрохимиялық талдаудың маңызы мен негізгі мақсаттары.

  2. Топырақтағы қоректік элементтердің қосылыстарының түрлері және олардың өсімдік үшін маңызы.

  3. Топырақтағы қоректік элементтердің мөлшерлерінің өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.

  4. Негізгі макроэлементтердің (азот, фосфор, калий, кальций, магний) өсімдік үшін маңызы және топырақтағы қосылыстарының түрлері.




  1. Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы және олардың топырақтағы қосылыстарының түрлері.

  2. Топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжыма-лы түрлерін анықтау себептері.

  3. Топырақтағы азот қосылыстарының жылжымалы түрлерінің (нитрат және аммоний азоты) өзгеруі неге байла-нысты және оны анықтаудың негізгі әдістерін атаңыз.




  1. Фосфордың жылжымалы түрлерінің топырақтағы өзгеруі неге байланысты болады және оның әртүрлі топырақтардан анықтаудың негізгі әдістері.




  1. Топырақтағы минералдық фосфаттарды анықтау әдістерінің түрлері.

  2. Топырақтағы алмаспалы калийдің мөлшерінің өзгеруі неге байланысты болады және оны анықтаудың негізгі әдістері.




  1. Топырақтағы негізгі микроэлементтерді анықтау әдістері.

  2. Ферменттер дегеніміз не және оның топырақ құнарлылығын арттыруда маңызы.

  3. Топырақтағы ферменттердің түрлері және оларды анықтау әдістері.

204 205




9 ТАРАУ


ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ТАЛДАУ

Тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты, әрі сапалы өнім алуды қамтамасыз ететін басты фактордың бірі болып саналады. Сонымен бірге тыңайтқыш өсімдіктің ауа-райының қолайсыз жағдайына қарсы тұру қабылетінің күшеюіне әсер етеді. Кезінде К.А.Тимирязев былай деп атап көрсеткенді: «...тыңайтқыштар өсімдіктер пайда-ланатын қоректік заттардың көзі ғана болып қоймайды, сондай-ақ олар қуаңшылықпен күресу жолы болып табы-лады. Өйткені, өсімдік қоректік заттар жетімсіз кездегіге қарағанда, құралатын органикалық заттың әрбір өлшеміне суды аз буландырады».


Тыңайтқыштарды тиімді пайдалануда олардың физикалық, химиялық қасиеттерін, түрін, құрамындағы өсімдікке қажетті қоректік заттар мен бөгде қосылыстардың мөлшерін нақты білудің маңызы зор. Ол үшін тыңайтқышты жан-жақты талдау керек. Тыңайтқыштардың түрі мен фор-масын, яғни катиондық және аниондық құрамын анықтау үшін сапалық талдау жасайды. Бұл жұмыстар зертхана жағдайында орындалады.


Минералдық тыңайтқыштарды сапалық талдаудың А.Н.Лебедянцев, М.Д.Бахулин, А.В.Петербургский, Х.К.Асаров пен М.М.Гукова, Ф.П.Платонов, А.Г.Морковников ұсынған әдістері бар. Бұл әдістердің ортақ принципі тыңайтқыштардың суда ерігіштігі, лакмус қағазына реакциясы, қыздырылған көмірдің әсері, сыртқы түрі мен түсі, сілтімен, қышқылмен, барий хлоридімен, күміс нитратымен әрекеттесуі сияқты қасиеттерін пайдалануға негізделген.


9.1 Минералдық тыңайтқыштарды сапалық талдау

Тыңайтқыштың түсін, исін, ылғалдылығын және кристалдық сипатын анықтаған соң, оған сапалық талдау жүргізеді.


Суда еру дәрежесіне қарай тыңайтқыштар толық еритін (алынған үлгінің жартысы ериді), шамалы еритін (алынған үлгінің жартысынан азы ериді), ерімейтін (алынған тыңайтқыштың көлемі өзгермейді), болып бөлінеді.


Суда толық еритін топқа кальций цианамидінен басқа барлық азот, калий және күрделі тыңайтқыштың кейбір түрлері жатады. Кальций цианамиді, фосфор мен әк тыңайтқыштары суда ерімейді.


Тыңайтқышты қыздырылған ағаш көміріне салғанда се-литралар жарқ еткен ұшқын шашады, аммиак тұздары мен мочевинадан газ күйіндегі аммиак бөлінеді де түтінденіп жанады, калий тыңайтқыштары өзгеріссіз қалады.


Сілтімен реакцияға түскенде аммоний тұздарынан амми-ак бөлінеді.


Барий хлоридінің көмегімен тыңайтқыш құрамындағы сульфат ионын, күміс нитраты қатысында хлор (ақ түсті тұнба) және фосфор (сары түсті тұнба) аниондарын анықтайды. Калий тұздарын бір-бірінен сыртқы түрі арқылы ажыратады.


Суда ерімейтін тыңайтқыштарға жататын томасшлак, кальций цианамиді, фосфорит ұны қоңыр түсті болады. Сонымен қатар томасшлак пен кальций цианамиді сірке қышқылымен әрекеттескенде көмір қышқыл газы бөлінеді.


Лакмус қағазында суперфосфат қышқылдық, преципитат бейтарап реакция көрсетеді.


Кальций, натрий және калий катиондарды жанарғы жа-лынды пайдаланады. Жалынның қызғылт түске кальцийдің, сары түске боялуы натрий катионының, күлгін түске өзгеруі калий иондарының болатындығын аңғаратады.


Минералды тыңайтқыштарды сапалық талдау олардың атын анықтауға мүмкіндік береді.



206 207






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет