Ахмет А. т.ғ. д., доцент



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі178,13 Kb.
#98659
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ахмет
Алгебра 16.03.2020, doc450202810 515327757, Ахмет, Ахмет, Ахмет


Ахмет А. - 
т.ғ.д., доцент,
 
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БЕЙНЕСІНІҢ 
САБАҚТАСТЫҒЫ 
 

Халық басына түскен ауыртпалықтың қордалана түсуі, әділдік іздеуші ерлер алдында 


өлшеусіз кедергі-қамалдар тууы-осылардың бәрі қашан да қай елде болмасын тарихи тұлғалар 
туралы шығармалар әдебиетте қанат жаюына ықпал еткені мәлім. Қазақ қоғамында әдеби 
процестер ауызекі шығармашылық пен жазбша бағытта өрбіді. 
Әдеби шығармаларға арқау болған сондай тарихи тұлғалардың бірі де бірегейі Сырым 
Датұлы-Отандық тарихтағы ұлт-азаттық көтеріліс қолбасшыларының ішіндегі ерекше 
тұлғалардың бірі. Сырым батырдың өміріне, ол бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған бірнеше 
еңбектер [1] мен іргелі зерттеулер бар [2].
Сырым Датұлы хақында қазақ әдебиеті тарихында оның жағымды бейнесі ақын-
жыраулардың жырлары мен дастандарында, жазушылардың көркем туындыларында ерекше атап 
өтіледі. Оның басты себебі Сырым Датұлының есімі мен даңқы халықтың есінде уақыт өткен 
сайын жаңғырып отыруынан деп түсінген абзал. Кешегі патша заманында, одан бергісі кеңес 
заманы мен бүгінгі тәуелсіздік заманында да Сырымның есімі әдебиет тарихында ерекше орын 
алады.
Қазақ әдебиеті тарихындағы Сырым Датұлы бейнесінің сабақтастығы ерекше құбылыс. 
Оның айқын дәлелі халқымыздың Сырым батыр туралы даланың ауызша тарихы мен ауыз 
әдебиетінде де, жазба әдебиетінде де мол мұралармен қамтылғанымен де құнды.
ХХ ғасырдың басында ағартушы ақын, ойшыл, публицист Ғұмар Қараштың (1875-1921) 
1911 жылы Уфа қаласында басылып шыққан «Бала тұлпар» жинағында «Сырым батыр» тарихи 
жыры жарияланды. Ақын батырдың болмысын былайша жырлайды: 
Сырым деген ер болған 
Халқының қамын жер болған [3, 258, 306 бб].
 
Х.Досмұхамедов (1883-1939) «Қазақ батырлары:Исатай, Махамбет» және «Тайманұлы 
Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» атты мақалаларында: «1785-1800 
жылдардағы байұлы Сырым батырдың көтерілісі барысында Сырым Нұралы ханды тақтан түсіріп 
қуды, Есім ханды өлтірді, патша өкіметімен жауласты. Сырым ақырында жеңілді деп қысқаша 
мағлұмат береді. Сырым он бес жылдай(1782-1797) күресті. Сырымның уақытында орыс үкіметі 
қазақ ішінде күшті емес еді. Саясатын ойдағыдай қылып ел ішінде жүргізе алмайтын еді. Бір 
қолымен хандарды сүйесе, екінші қолымен елді алдау үшін сипайтын еді. Патша үкіметі Сырымды 
әуелгі уақытта сипады. Сырымның арғы сырына түсінген соң-ақ, үкімет жалт беріп, Сырымға 
теріс айналды. Сырым патша үкіметінің сипағанына иланып қалды. Осы илануы елден айырылуға 
себеп болды. Әуелгі уақытта Кіші жүз Сырымға тегіс-ақ еріп еді. Ақырында Сырым Үргенішке 
жаңғыз барды десе болғандай болып барып, дұшпандарының қолынан құрметсіз өлім тапты»,-деп 
жазды
 
[4, 51-52 бб]. Х.Досмұхамедов Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі 
отарлауға қарсылық деп өзінің көзқарасын айқындайды. Оның әдебиет ісіндегі Ы.Шөрековтің 
мұраларын жинақтауы да зор игі іс еді.
 
1924 жылы жазылған Ығылман Шөрековтің (1876-1931/32) «Исатай-Махамбет» дастанында 
Сырым туралы:
Хан-ие сонда сөйлейді: 
-Исатай, мені аяма! 
Күнім туса көрермін, 
Алла салса көнермін. 
Келсе де ажал ерте-кеш, 
Тағдырменен өлермін. 
Қашаннан қазақ қайырсыз, 
Қай ісіне сенермін? 
Қарға қазақ шулаған, 
Қастассам сені жеңермін. 
Шаптым деп ханды мақтанба, 
Үргеніште қалған Сырымдай 


Сүйегіңді шетке көмермін,-деген жыр жолдары бар [5, 35 б]. Ақын 
Сырымның Хиуа хандығында жүріп қаза болғанын туралы Жәңгір ханның ауызына сөз салады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет