Түркістан легионының көркемөнер үйірмесінің жетекшісі, скрипач, әрі дирижеры Айтекеш
Толғанбаев. Бұл кәрі Европа төріндегі театрдағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихы
жөнінде қойылған алғашқы туындылардың бірі болды деп есептеуге болады. Бұл қойылым
Ғайпекеңе ерекше әсер еткен. Ол: «Әлі есімде, шымылдық жартылай ашық тұр. Қазақтың кең
даласы. Алыста ойлы-қырлы белестер көрінеді. Ұзын жолдың бойы. Екі көзі жоқ қарияны бір жас
қыз жетектеп келеді. Қарт тұрып:
Мұнарда мұнар мұнар күн,
Сәулесіз меңіру қара түн.
Қара түнді қақ жарып,
Қазақтан енді шығар кім...»
Басқаны қайдам,
пьеса маған қатты әсер етті, ұнады,-деп еске алады. [7, 163-164 бб].
Қази Қазыбековтың бұл пьесасы Түркістан Ұлттық Комитетінің баспасөз органында
жариялануы мүмкін-ау деген ой да келеді. Пьесаның негізгі идеясы-азаттық идеясы-
легионерлердің бойындағы азаттық рухты көтергені сөзсіз. Айырықша атап өтетін мәселе
Түркістан түріктерінің І Құрылтайында Вена опера балет театрында басқа түркі тектес ұлттардың
ұлт-азаттық көтерілісі туралы қойылымдарының болмауы. Бұдан шығатын қорытынды Сырым
бейнесінің қазақ әдебиеті тарихындағы орнының ерекше екендігін көрсетсе керек-ті.
Сонымен бірге Жәрдем Тілешовтің 1945 жылы майданда жүріп жазып бітірген «Сырым
батыр» дастанын айтуға болады:
Сол адам ханға тіл қатты:
Менің атым ер Сырым
Менің сырым ел сыры
Еңіреген еріңмін
Асқақтап аққан Жайықпын,
Атыраудай асау теңізбін
Топанымын халық кегінің
Сеңіме сені сүздіртіп
Селкілдетіп Ордаңды,
Он
төрт жыл соққан желіңмін,-деп батырдың бейнесі арқылы халықтың
кегін қайтаруды жырына қосады. Ақын дастанында:
Тұлғасына қарасам,
Адамға біткен бір алып...
Ажарына қарасам,
Ашулы көкжал арыстандай,
Қабағы тым қатыңқы
Қара бұлт басқан аспандай,
Сәукеле қара сақалды
Азын-шоғын ақ бардай,-дей отырып батырдың бейнесін сомдайды [8].
1967, 1989 жылдары «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Шешендік сөздер», «Ел
аузынан» жинақтарында Сырымның шешендік сөздері берілген.
Жинақтардағы Сырымның шешендік сөздері халықтың жадында сақталып, ұрпақтан
ұрпаққа ауысып келе жатқан ауызша аңыз, әңгімелерге сүйеніп жазылған.
Сырым Датұлының қоғамдық-саяси қызметі тақырыбына қалам тартқан Ғабит
Мүсірепов(1902-1985) 1980 жылы «Болашаққа аманат» атты Сырым туралы
төрт перделі тарихи
драмасын жазды. Тарихи драма 1981 жылы «Жұлдыз» журналының №1 санында жарияланды [9,
16-40 бб].
Бұл тарихи драма халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысы мен ұлттардың өзін-өзі билеу
идеясын қазақ әдебиетінің ғасырлық жаңа дәуірінде ашық та батыл көтерген шығарма.
Ғ.Мүсіреповтің бұл тарихи драмасының негізгі идеясы ұлт азаттығы, халықтың өзін-өзі билеуі
жөніндегі идеямен ұштасып жатады. Жазушы кейіпкеріне, яғни Сырымға: «Қай ел болса да өзінің
қандай ел екенін өз тізгіні өз қолында тұрғанда ғана көрсете алады»,-деген өте батыл сөз
айтқызып, батырдың асқақ арманы мен аманаты халқының тәуелсіздігін жазушы асқан
шеберлікпен қалың оқырманға жеткізе білді.
Ғ.Мүсіреповтың қаламынан туған бұл шығармаға филология ғылымының докторлары
Х.Әдібаев пен Ж.Ысмағұлов: «Сырым Датұлының өмірі мен билік қызметі жайындағы бұл еңбек
кезінде цензура бақылауынан қағаберісте өтіп кетсе де, әдеби-драматургиялық сын тарапынан да
тиісті бағасын ала қоймаған туынды. Ал шындығында, ұлт-азаттық қозғалысы мен ұлттардың
өзін-өзі билеу идеясын қазақ әдебиетінің ғасырлық жаңа дәуірінде дәл осындай ашық та батыл
көтерген басқа шығарманы біз онша көп біле бермейміз»,-деп баға береді [10, 230б].
Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы басты кейіпкер Қайрошта (Кеңес Одағының
Батыры Қайырғали Сұмағұлов) Сырым шыққан топырақтан.
Жазушы өмірде болған, әр қилы
заманда өмір сүрген елін, туған жерін сыртқы жаулардан қанын төгіп қорғаған қазақ
батырларының ерліктерін көркем әдебиетте шебер сабақтастыра білді.
Тарихи шығармаларға деген халықтың ықыласы ерекше екендігі де белгілі. Тәуелсіздік
жылдарында жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы жиырма жыл бойы ізденіп «Тар кезең» тарихи
романын 2012 жылы жарыққа шығарды [11]. Тарихи роман ресми мұрағат құжаттарындағы
бұйрықтарға, хаттарға сүйеніп, зерттеп, зерделеу арқылы жазылған. Бұл жаңа туынды туралы
Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры, ақын Несіпбек
Айтұлы: «Тар кезең» романы Қ. Мұханбетқалиұлының жиырма жыл көз майын тауысып зерттеп
жазған шығармасы және үлкен, күрделі шығармаға келу үшін адам оны көп уақыт зерттеу керек»,-
деп атап өтті [11]. Сонымен қазақ әдебиеті Сырым Датұлы туралы тағы бір тарихи романмен
толықты.
Халық мүддесін бар өміріне мұрат еткен ұлы күрескердің ерлік хикаясы да,
қиын-қыстау
заманның қыспағынан қымсынбай, ащы шындығымен, асқақ романтикасымен бейнелеп кеткен
ақындар мен жазушылардың қажырлы еңбектерінің нәтижесі қазақ әдебиеті тарихындағы Сырым
Датұлы бейнесінің сабақтастығының айқын үлгісі.
Отандық тарихта өзіндік орыны ерекше тұлға Сырым Датұлының халқына сіңірген баға
жетпес қоғамдық-саяси қызметін зерделей отырып жас ұрпақты отансүйгіштікке баулаудың үлгісі
ретінде мектептерде, арнаулы оқу орындарында Сырымтану курстарын енгізсе нұр үстіне нұр
болған болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: