Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы мазмұНЫ


А.Байтұрсынұлы мұраларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары



бет7/10
Дата13.02.2022
өлшемі456 Kb.
#131660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
dip -a -baytursynulynyn-sauat-ashuga-baylanysty-enbekterinin-manyzy
122631719469 силлабус ОАК каз 2020, krovoobr, лондон презентация
2.2. А.Байтұрсынұлы мұраларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың өз халқының тарихын, тегін, сат-дәстүрін, тілін білетін, жалпы адамзаттық мәдениетті терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алуға тең құқылығы;
2) әр бір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психофизологиялық және жеке басының ерекшеліктері ескеріліп, халық үшін білімінің барлық деңгейіне кең жол ашылуы;
3) жеке тұлғаны білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
4) білім басқыштарының сабақтастықтарын қамтамасыз ететін білім беру үрдісінің үздіксіздігі;
5) білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы - құқықтық нысандар және меншік нысандары бойынша оқыту тәрбиелеу жане қызмет бағытының әр түрлілігі;
6) білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
7) білім берудің құқықтық және экологиялық бағыттануы;
8) білімнің зиялылық сипаты;
9) Оқыту мен тәрбиенің тығыз байланыстылығы;
10) білімнің ғылымының және өндірістің өзара кірігуі;
11) білім жүйесін ақпараттандыру;
12) білімді басқарудың демокртиялық мемлекеттік қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту.
Яғни, Білім заңында әр бір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдістерін жан-жақты қамтиды және мемлекеттік тілді дамытуға тарихи мұраларды жаңғыртуға аса зор мән береді. [17]
Осы орайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанамызға алып отырған бастауыш сатыдағы білім беру ісінің озық идеясын бүгінгі білім заңына сәкестендіре отырып пайдалану көзделеді.
Өткен дәуірде жағымсыз қылықтар болып есептелмегенімен ең қажетті қасиеттер қатарына жатқызылмаған, балалар бойында қалыптаспаған - өз есебіне мықтылық, іскерлік, ұқыптылық, шаруаға бейімділік сияқты қабілеттерді бүгін өзгерген нарықтық қатынастар кезеңі қажет етуде. Жариялық кезеңі әр адамнан өз ойын қандай да бір түрде толық, терең және сауатты жеткізе білуін талап етуде.
Егер, біз қазір қоғамымызда пайда болып келе жатқан жағымды өзгерістер мәңгілік орнықсын десек, онда баланы оқыту және тәрбиелеу жүйесін түбегейлі өзгертуді бүгіннен бастауымыз керек. Ендеше жоғарыда айтылып кеткен қабілеттердің барлығы бүгінгі колледж студенті, ертеңгі балабақша, бастауыш саты маманының бойында қалыптастырылуы аса қажет. Бүгін және болашақта қоғам талап етіп отырған шығармашыл дара тұлғаны тәрбиелеу үшін, қазіргі заман талабына сай тәуелсіздік, сауаттылық, құлшыныс, дербестік т.б. қасиеттермен тәрбиеші өзі қаруланған болуы тиіс.Сондай-ақ оны әрқашан жүйелі түрде дамытып отыруы қажет. Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруғадеген жолын ашады. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, обьектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке ,қырағыллыққа балайды,идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін атайды.
Қазіргі бастауыш білім беру бағдарламысында оқу мен тәрбие берудің төмендегідей ұстанымдары басшылыққа алынады:
-дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
-оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас);
-дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми білім, біліктіліктер.
XX ғасыр басындағы педагог - ғалымдардың еңбектерінде де жоғарыда сөз болған ұстанымдар негізі орын алған дей аламыз.
Жадид ағымының белді көшбасшыларының бірі - А.Байтұрсынұлы болды. А.Байтұрсынұлының бастауыш саты үшін жазған негізі төл туындылардың бірі – «Әліпбиді» зерделесек, оның әліппелерінің негізгі ерекшеліктері :
-Сөз оңынан солға қарай жаылады және оқылады.
-Бас әріп болмайды.
-Әріптер «екі таңбалы» және «төрт таңбалы» болып бөлінеді. Екі таңбалы әріптер тек сөз соңында ғана өзге әріпке қосылып жазылады, сөз басы мен сөз ортасында жеке тұрғандағы қалпында таңбаланады.
-Кейбір әріптер жол үстіне ғана жазылса, кейбірі жолдан түсіріліп таңбаланады (бұл ерекшелік сабақ үлгілерінде көрсетіп отырылады)
-Жазу барысында әуелі сөз тұтас таңбаланады, сонан соң асты-үстіне ноқаттар қойылатынын байқаймыз.
Оның 1913жылы Әліп-биінің алғашқы беті Ы.Алтынсариннің «Кел ,балалар, оқылық» өлеңіне ұқсас жырмен басталады.
Балалар, бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, түсініп байқап қаралық-та
Бұл жолмен бара жатқан өрендер көп
Соларды көріп, - тұра қалалық па?
Даналық жарық, кен, байлық
Жүріңдер азық тауып алалық-та?
А.Байтұрсұновтың 1914 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Әліппесенде» ұлттық тілім бен дініміздің бай мұралары оқушының жас ерекшелігіне байланысты айқын таңдалып берілген Онда мақал-мәтел, жаңылтпаш, жер-су, үй хайуанаттары, ыдыс-аяқ атулары өте қызықты әрі балаға түсінікті тілмен берлген .Осы «Әліппе» 1928 жылы Қызылорда қаласында толықтырылып, қайта өңделіп басылды. [18]
1992 жылы «Ана тілі» баспасы арқылы А.Байтұрсынұлының “Тіл тағлымы” атты еңбектер жинағында “Әліппе” оқулығы (араб жазуынан қазіргі жазуға көшіріскендер Ж.Нәлібаев, Ж.Есенелиева, А.Төлегенова), 1998 жылы “Рауан” баспасы арқылы жарық көрген. “Әліп-биі” жарық көрді.
Ал, 1928 жылы қайты шыққан әліппеге білдірген пікірінде Т.Шонанұлы: “Ахаңның жаңа әліпбиі оқы құралдығы жағынан бір қымбат болса, ішкі маңызымен екі есе қымбат. Жаңа әліп-би Ахаңның бұрынғы әліп-билеріне тіпті ұқсамайды. Ахаңның бұрынғы әліпбилері кезінде “Әліп - екі үсін әннен; “Абжет әуестен”, ескі молдалардың оқыту әдісінен, ескі “қытай” жазуынан қалдырса, бұл әліппе бізді бұл күні педагогиканың таныстырып отыр, жазу әдісі жағынан да педагогиканың үстіміздегі мақсаты мен бағытына үйлесіп отыр” - деп оқулықтың құндылығын дәлелдейді.
Сондай –ақ әліппенің безендірілуі туралы: “Кітапта 126 сүгірет бар Мұнан басқа диаграм, жаңа басқа түрлі сызықтар бар. Сүгіреттерді жақсы, басылуы әдемі, әріптері ірі, сырты қолайлы” - деп оқулықтың сапасын тиімділігін айқындай түседі. Осы пікірден және әр жылдары шыққан әліппелерін зерделей келе, А.Байтұрсынұлы оқулық жазуда білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеруді, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік өмірмен байланыстылық т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғарамыз. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы - олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ған емес, сонымен бірге оқу үрдісіндегі баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп, жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен пратикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Егер, ана тілі сабағын ізгілік сабағы дейтін болсақ, ондағы барлық материал жеке тұлғаның рухани құндылықтарын дамытуға бағытталып, оның бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыратындай мазмұнда болуы шарт деп есептейміз.Сонда ғана жеке тұлғаның жан-жақты дамып, қалыптасып, парасатты азамат болып өсетіні даусыз.
А.Байтұрсынұлы оқулықтарындағы білім мазмұнын қамтитын мәтіндер мен әңгімелер бастауыш сынып баласының бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Ондағы түрлі танымдық сұрақтар мен тапсырмалар қалыптан тыс ойлауға, өз бетінше жұмысқа ғылыми көрегендікке баулуға және жоғары қиындыққа негізделе құрылғанына көз жеткіземіз. “Әліп-биінің” 91-бетінде төмендегідей тапсырмалар бар :
а) Өз бөлмеңнің түгендеуішін жаса;
ә) “Ой, мерген-ақ” деген өлеңді жатқа жаз;
б) Мына сөздерді буындап, жатқа жаз:
Мұрнымызды жыбыршытып түшкіртті,
Тамағымызды жыбыршытып жөткіртті.
в) Мына сөздерден сөз туғыз;
Үлгі : Ұзын-Ұзаю Қысқа-қысқару
Аз- Көп-
Суық- Жылы-
Ашық- Жабық-
Биік- Жақын
Доғары- Аласа-
Түзу- Төмен-
1.Қата оқыған жоқ қайта оқиды.
Алты бала одақтасып атбақыл атты.
Дала балалары одақ болды.
Асандар атты, алты асық алды.
Назарлар асықсыз қалды.
Асандардан асық қарыз алды.

Жұмбақ - есептер


1.Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр,
Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.
Барлығы неше мысық отыр?

2.Төлептің төрт ұлы бар,


Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар.
Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?

3.Бір үйдің төрт атасы бар еді,


Еркек жаны екі әке, екі ұл еді.
Еркектер кісі басы бір аттан мінгенде,
Бір ат артық болып шықты. Бұл қалай?

4. Мынау қобдишаның ішінде төрт қобдиша бар. Осыны төрт балаға үлестіріп беріңдер. Төрт бала бір - бірден алсын, бірақ бір қаламсап қобдишаның ішінде қалсын.


5. Шырпыдан тоғыз тор жасаңдар. Онан сегіз шырпы алып тастап, басқасын қозғамай қойып, екі көз ғана қалдыру керек. Қай шырпыларды алып тастау керек. [18]
Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы оқушыны мезі ететін орынсыз сұрақтар бере бергеннен гөрі мұғалімнің мәтінді өзі оқып ішіндегі түсініксіз атауларға сілтеме жасағаны орынды деп санайды. Демек, шәкірттің оқуға ұмтылысының алғашқы сатыларында басы тасқа тиіп, тауы шағылмауын ерекше ескерген. Ғалым сабақ үрдісінде кері байланыстың жүйелі жүзеге асуын қатаң талап еткен, жаңа материалды меңгертуде ауырлық, салмақ түсірмеу, жеңілден ауырға қарай жүру және жалқыдан жалпыға ұстанымдарын қатаң сақтауды ескерген. Оқушының «тоты» болудан сақтап, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыруды көздеген.
Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздың өзіндік ерекшеліктерін қамтыған жаңа буын оқулықтары дүниеге келді. Бастауыш сатыға арналған Ш. Әуелбаев, «Әліппе», «Ана тілі», Т. Оспанов «Математика», Қ. Болатбаев «Бейнелеу өнері», Г. Жүнісова «Дүниетану» т.б. оқулықтарымен қоса әдістемелік нұсқаулар, дидиктикалық материалдар, ата - аналарға арналған көмекші құралдар мектептің оқу - тәрбие үрдісіне енгізіліп, оң нәтиже беруде.
Осы оқулықтардың авторларының пікірлерінен А. Байтұрсынұлының идеяларының жалғасқанын аңғарамыз. Мәселен, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, т. б. әліппе оқулығының ерекшелігі туралы: «Оқулық мақмұны мектепке жаңа келген баланың жас және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, интерграциялы – кешенді, дамыта оқыту идеяларына құрылған. Онда дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім беруді көздей отырып, оқушылардың өзін қоршаған ортаны тануға, алғашқы тілдік ұғымдарды меңгеруге, тілін дамыта отырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, олардың бұрын меңгерген біліміне сүйене отырып жаңа материалды игерулеріне негіз салынған», - дейді. ()
Тәлім – тәрбиелік мәні зор, өмірлік асыл қазына Ахмет мұрасына жаңаша көзқараспен қарап, оқу тәрбие үрдісіне енгізудің бүгінгі күнде маңызымен мәні өте зор. Қазір А. Байтұрсынұлы мұралары барлық мектептерде оқу тәрбие үрдісіне енгізілуде. Сондықтан осындай жұмыстарды ғылыми негізде ұйымдастырып, бір ізге түсіріп зерттейтін оқу - әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ететін кез туды.
Мысалы:
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар.
Сабақтың мақсаты: 1. Жабайы жануарлар мен аңдар туралы түсінік беру.
2. Жануарлар мен аңдарды қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
3. Жабайы жануарлар дүниесі туралы танымдарын дамыту, кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: Жабайы жануарлардың суреттері,
Олар туралы шыққан кітаптар.
Сабақты өтудегі пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Байтұрсынұлы А. «Әліппе» А. Рауан 1998.

  2. Әуелбаев . Ш. « Әліппе » А. Атамұра 1998.

Сабақтың әдістері: Сұрау, баяндау, түсіндіру, әңгіме, көрнекілік.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ұйымдастыру кезең. « Қоян мен қасқыр» атты әңгімені айтып беріп, төмендегідей сұрақтар қою арқылы әңгіме мазмұны талданады.

  1. Үй жануары мен жабайы аңдардың бір-бірінен айырмашылығыне?

  2. Үй жануарларына не жатады?

  3. Жабайы аңдарға нелер жатады ?

  4. Олар қайда мекендейді?

  5. Олар немен қоректенеді ?

Сабақтың мазмұны:


Жабайы аңдардың тиін, арқар, елік, бұғы, керік, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс суреттерін көрсетіп, олардың тіршілігімен таныстыру. Жаңа сабақты меңгерту барысында А. Байтұрсынұлының 1998 жылы «Рауан» баспасынан жарық көрген «Әліппе» оқулығындағы «Үй жануарлары» мен «Жабайы аңдар» тақырыбы қосымша материал ретінде пайдаланылады.
Мұғалім жаңа сабақты бекіту кезеңінде оқушылардың сабаққа белсінді қатысуынан олардың қызуғышылықтарының артқанын байқайды. Сабақты қорытындылау барысында оқушылардың «Жабайы аңдар» туралы білім деңгейінің бастапқы кезеңге қарағанда бекіту кезеңінде біршама көтерілгенін төмендегі кестеден көруге болады.



Рет саны

Кезеңдер

Оқушы саны

Сұрақ саны

Дұрыс жауап.

Жартылай дұрыс

Дұрыс емес жауап.

1.

Бастапқы
кезеңі.

25

5

6.

5

14

2.

Дамыту
кезеңі.

25

5

12

6

7

3.

Бекіту
кезеңі.

25

5

15

8

2

Үшінші сыныпта қазақ тілінің оқу бағдарламасындағы «Сан есім», «Сөз табын» оқыту барысында оқушылардың А. Байтұрсынұлы сан есім, сөз табын меңгертудің мүмкіндіктерін қарастырамыз.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.


Сабақтың мақсаты: 1. Сан есімдерді айыруға дағдыландыру һәм санау. «Сан есім» атты пән сөзін ғалым А. Байтұрсынұлының еңбегі арқылы таныту.
2.Оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа тәрбиелеу.

  1. Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: ереже жазылған плакат, «Бәйге аттары», «Қыз қуу», «Көкпар» суреттері, үлестірмелі суреттер.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, көрнекілік, тест.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика пәндерімен.
Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ- жауап әдісімен өткен сабақты қорытындылап өту.

  1. Жаңа материалды баяндау:

  • Балалар, біз 2 – сыныпта Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер нені білдіреді деп айтып едік?

  • Дұрыс. Енді мына суреттерге назар аударайық.

  1. Суретке қарап сөйлем құрау.

  • Бәйге аттары қанша шақырымға жарысып кетті?

  • Бәйге аттры 15 шақырымға жарысып кетті.

  • Қыз - жігіттер қыз қууға нешеден дайындалып тұр?

  • Екі- екіден.

  • Көкпарға қанша аттылар таласуда?

  • Көкпарға жиырма – отыздай адам таласуда.

  • Нешінші жұптағы балуан күшті болды?

  • Беінші шыққан балуан күшіне жұрт риза болды.

  • Бүгін біз танысатын сөз табы – « Сан есім»

Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір, екі, үш, төрт, бес, он, он бес, жиырма, бір жүз, мың.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? немесе қанша? деп сұраймыз.
Нәрсенің дәл санын білу үшін сұрағанда неше? деп сұраймыз.
Нәрсенің дәл санын білу үшін емес, шамасын ғана білу үшін сұрағанда қанша? деп сұраймыз. Мәселен: «қанша күн жүресің?» - «үш-төрт күн жүремін» нәрсенің ретін білуді сұрағанда нешінші деп сұраймыз. Мәселен, «ол нешінші қатарда отырады?» - «бірінші қатарда отырады».

  1. Сөйлем ішінен сан есімдерді табуға дағдыландыру.

  1. Жігітке жетпіс өнер де аз.

  2. Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем.

  3. Мың қозшыға бір басшы.

  4. Елу жылда ел жаңа.

  5. Ер қаруы бес қару.

  6. Сергіту сәті:

Табақта он бес алма
Қолымда төрт алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ?

  1. Жеке жұмыс:

Сонымен қатар, осы 3 - сыныптағы «Етістік» тақырыбын өту кезінде де бұл сөз табын А. Байтұрсынұлының «Тіл - құрал» еңбегін қосымша пайдалана отырып, таныту мақсаты алға қойылды.
Көру диктанты.
Қырға баттеп бара жатыр балалар,
Жетегінде бір - бір шағын шана бар.

  1. Тест.

  1. Сан есімнің астын сыз.

Бор, жеті, алма, он, алпыс, қызыл, отыз, қуанды, жетпіс.

  1. Төмендегі сөздерден сан есімнің астын сызып көрсет.

«Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары», «Екі рудан би болса, төбедегіні алар», «Алтау ала болса, ауыздағы кетер».

  1. Сан есім сұрақтарының астын сыз.

Кім?, Қанша?, Қашан?, Нелер?, Нешінші?, Неғылды?, Нешеу?

  1. Қанша ? сұрағына жауап беретін сөздердің асытын сыз:

Екі торғай, бір кісі, үш - төрт күн, қызыл алма, жиырма шақты үй, көп орамал.

  1. Неше? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз:

Төрт түйе, бес ат, ақ орамал, он шақты кісі, он балық.

  1. Сабақты қорыту. Ережені бекіту.

  2. Үйге тапсырма. Бағалау.

Жаңа материалды пысықтау және қорытындылау барысындағы оқушылардың белсенділігінен олардың материалды толық меңгергенін байқадық.
Сонымен қатар, осы 3 - сыныптағы «Етістік» тақырыбын өту кезінде де бұл сөз табын А. Байтұрсынұлының «Тіл - құрал» еңбегін қосымша пайдалана отырып таныту мақсаты алға қойылды.
Сабақтың тақырыбы. Етістік.
Сабақтың мақсаты. 1. Етістіктің іс - қимылды білдірітінін түсіндіру.
Алған білімі бойынша етістік сөздерді айыруға дағдыландыру. «Етістік» терминін қазақ тіліне ең алғаш енгізіп, түсінік берген Ахмет Байтұрсынұлы екенін оқушыларға ұғындыру.
2. Оқушыларды А. Байтұрсынұлы еңбегін таныту арқылы халқын, жерін, тілін, сүюге тәрбиелеу.
3. Оқушыларды сұраққа дәл, айқын жауап беруге дағдыландыру.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, индуктивтік, тест.
Түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: ана тілі, көркем әдебиет.
Көрнекілігі: Етістікке байланысты сурет, ереже жазылған плакат, А. Байтұрсынұлы портреті, жылжымалы тақта.

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    1. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ - жауап әдісімен өткен сабақты қорытындылау.

    1. Жаңа материал.

Тақтаға суреттер ілінді.

  1. Өздеріне сұрақ қойғызу.

  2. Суретке байланысты сұрақ қойып, жауап іздеу.

  3. Ережемен таныстыру.

Кей сөздер заттың істейтін ісін білдіреді. Мәселен, арт , тарт, ал, ұр, сал, жаз, жу. Мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады. Етістік не етпек? не істемек? не қылмақ? қайтты? неғылды? сұрақтарына жауап береді. Яғни, етістік дегеніміз - заттардың еткен - етпеген істерін көрсететін сөздер.
Мысалы: Бұлт торлады, Күн жауды, Су тасыды. Бұлт торламады. Күн жаумады. Су тасымады дейміз.
Бұлт, күн, су – заттар.
«Торлады», «жауды», «тасыды», деген сөздер болған істерді көрсетеді. «Торламады», «жаумады», «тасымады», деген сөздер болмаған істерді білдіреді.
Балалар, бұл «етістік» деген пән сөзін ең алғаш тілімізге енгізген - А. Байтұрсынұлы. Ахмет ата «Тіл құрал» деген еңбегінде етістікті осылай түсіндіреді.

    1. Сөйлем ішінен етістікті табуға дағдыландыру (Жылжымалы тақтамен жұмыс)

  1. Ұялмаған әнші болар, ерінбеген етікші болар.

  2. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды.

  3. Бірлік болмай, тірлік болмас.

  4. Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.




  1. Кітаппен жұмыс.

  2. Сергіту сәті.

  3. Дәптермен жұмыс.

  4. Терме диктант.

«Етістік» тақырыбының алған білімдерін тест әдісі бойынша сынау.



  1. Етістіктің астын сыз:

Қызыл, тартты, ағаш, таста, төк, жапырақ, бес, секір, қуанды, жүгірді, қар, көктем, отырғызды.
Етістіктің сұрақтарын тауып, астын сыз:
Кім? қайтті? қанша? қандай? не? не істеді? неғылды? қай?



  1. Етістік сөздердің астын сыз:

Күн жазға айналды, ет азға айналды.
Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады.



  1. Не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сыз.

Ораз кітап оқыды. Атай егін суарды. Жылқы кісінеді.
Сонымен А. Байтұрсынұлы мұраларын бүгінгі жаңа буын оқулықтары мазмұнымен байланыстыра отырып сабақ берудегі мақсатымыз – оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және бастауыш сыныптан бастап оларды ғылымның тіл ғылымындағы еңбегімен таныстыру.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе – бұл жан-жақты дамыған, көп мәдениетті шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілеттерін жан-жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұлтшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде қүруы, яғни тұлғаны дамытудың қозғаушысы болатындай, өз ісінің хас шебері болуы шарт.
Жастарға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарау қажет. Ол үшін оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту керек. Мұғалімдер сабақтың теориясы мен практикасьн үйлестіріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп, соның бәрін әдіснамалық тұрғыда игеруі тиіс. Сондай-ақ, оқыту териясы мен жеке пән әдістемесінің, жаттығу мен машықтаңдырудың және тіл мен ой, сезім мен таным қабілеттерінің өзара тұтастығы мен бірлігіне терең бойлай білуі шарт.
Тіл білімінің атасы, энциклопедист-ғалым А.Байтұрсынұлы мұраларын игертуде мұғалімдер оқушы белсенділігі мен қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп, дамыта оқыту мақсатын көздейді, Өйткені, бұдан 2,5 мың жыл бұрын қытай, грек елері патша сарайларында балаларды тәрбиелегенде олардың көркемөнер түрлеріне жетік болуына ерекше мән берген. Ондағы мақсаттары олардан сарай ақындары, өнер иелері шықсын дегеңдік емес,ұлтжанды тұлға қалыптастыруды көздеген. Себебі, бала елінің, ұлтының мүддесін ойлайтын саналы да салиқалы азамат болу үшін ең алдымен ана тілін, туған тарихын сүюі қажет деп есептейді.
Ендеше, бүгінгі тандағы қазақ педагогикасының өзекті мәселесінің бірі-елжанды, шығармашыл тұлға тәрбиелеу екенін ескерсек, онда біз де ең алдымен туған тілін сүюге тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін оқушы санасында елім деп еңіреп өткен ұлттық мұра ұраншыларының өмірін өнеге етіп, солардың төл туындыларын, биік мақсат мүдделерін оқушы санасында берік қалыптастыруымыз керек.
Мұңдай мақсатгы жүзеге асыруда А.Байтұрсьнұлы сынды тұлғаның өмірі мен шығармаларының берері мол, таптырмас тәрбие құралы деп есептейміз.
"Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суретген, біреудің поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды," - деп М.Жұмабаев айтқандай жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда қазақ тілі мен ана тілінің алатьн орны ерекше.
Оқушының шығармашылық әрекетке батыл, жылдам енуінің мәні-оның сол тақырыппен жақсы таныс болуында. Ол үшін көркемдік ойлауға баулитын ана тілі сабақтарының мәні зор. Ұшқырлық, өткірлік, қиялға, ойға жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық пайым, кез-келген мәселенің шешімін шұғыл табу, сөзді сүю, оның мән-мағынасын терең түсіну, жүйелі сөйлеу мәдениетін игеруде қалыптан тыс сабақтардьң берері мол.

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы – бастауышты зерттеуші ғалым


Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сабақ барысында бастауыш тақырыбын өту негізінде А.Байтұрсынұлының "Тіл тағылымы" атты еңбегіндегі бастауышқа берген анықтамасымен таныстыра, талдай отырып, оқушылардың теориялық ойлауын қалыптастыру.
ә) Оқушыларда бастауыш туралы ұғым қалыптасқаннан кейін, оны пысықтай түсіп дағдыландыру үшін А. Байтұрсынұлының еңбегінен мәтіндер алып талдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Мәтіндердің тәрбиелік мәнін талдау арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ.
Көрнекіліктері: А.Байтұрсынұлы портреті,мұрағат деректері.

Сабақтың барысы:


Суретті пайдалана отырып өткен шығармалар бойынша табиғат суреті берілген әңгімедегі мәтінмен байланыстыра әңгіме құрындар. Мысалы, оқушының берген нөтижиесі: М.Әуезовтың "Қараш-Қараш" оқиғасы шығармасында мына жолдар ұқсас келеді: "Күн екінді болғанда манағы қарағайдан өтіп, үлкен таудың ішінде, өзеннің жағасында отырған бай ауыл қыстауының үстінен өте шықты" деген сөйлемнің мағынасы келіп тұр.
Осы кезде оқушынарға бастауыш сыныпта алған білімдері бойынша бастауышты тапқызамын.
Бастауыштың сөйлем мүшесі ретіндегі қызметін анықтаған соң, Байтұрсынұлы "Бастауышқа" қандай анықтама бергенін айтамын. Оқушыларға тақтаға сызба арқылы көрсетемін.
Бас мүше (бастауыш)

Сөйлем ішіңде сөздер байланысатын қазық сөзін, сөйлем иесін айтады екенбіз. ↓
Ойға қазық сөз болатын қандай сөз?

Сөйлегенде бір нәрсе туралы сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады.
А.Байтұрсынұлы
Міне, балалар А. Байтұрсынұлының „Тіл тағылымы" атты еңбегінде бастауышқа осындай анықтама бере отырып, бас мүшені бастауыш деген екен.
Енді А.Байтұрсынұлы шығармасынан мәтінін талдаймыз. Екі топқа бөлініп мынадай тапсырманы орындайды:
1-топ. Сөйлемнің бастауышын алып өздері байланысына қарай отырып талдауы керек. Мысалы: Тіл ғылымы дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым.
Тіл қисыны, тіл, сөз зергері-?
Осылай сөйлемді талдауды жалғастырады.
2-тапсырма. Берілген өлеңді мағынасына, ұйқас түріне қарап дұрыс құр жөне осы сөздерді жеке алып сөйлем құрайды.
Қаз, қаңқылдаған, едік, қатар, ұшып,
Сахара-көлге, салқындаған, қонып.
Бір қаудан, өртке құшар, болып, шыққан,
Не тәнімізде қалды, шарпылмаған.
Дұрыс жауабы: "Қазақ салты"
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара-көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған.
А. Байтұрсынұлы
Енді осы сөздерді пайдалана отырып сөйлем құр және бастауышын тауып талда.
Соңында оқушыларға екі топтың бағасын беріп сабақты аяқтаймыз.
Сондай – ақ А.Байтұрсынұлының «сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге үйету» мақсатына зор мән берген. Ғалымның оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйрету негізінде тіл дамыту мақсатын көздегенін әдістемелік еңбектерінен, оқу құралдарында ұсынған жаттығу үлгілерінен де байқау қиын емес.Әсіресе, А.Байтұрсынұлының өзі пайдаланған «Қайсысын қайда қою» (берілген бірнеше сөйлемдерден дұрыс орналастыра отырып сөйлеу яғни мәтін құрау жұмысын беру), «Қолайына қарай қос сөйлеммен қою», «Ермек еңбек», «Сұраққа жауап», «Құрастыру» сияқты түрлі тапсырмалардың бәрін құрастыру кезінде оқушыны дамыта оқытуға төселтуді көздесе керек.
Сондықтан қазіргі заман талабына сай біз мұндай тапсырмаларды оқушы шығармашылығын ұштау мақсатында пайдалануға әбден лайық деп есептейміз. Осындай мақсатты көздеген төменде жоспары беріліп отырған сабақ п.ғ.д. Ж.Қараевтің мақсат қою технологиясы бойынша ойылған. Мұнда, оқушының ролі басымдық танытып мұғалім тек кеңесші сарапшы қызметін атқарады. Оқушылар өз беттерімен алдын – ала ізденіп келгендіктерін көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдеріндегі ел тағдыры. "Қазағым, елім"


Сабақтьң мақсаты:
1. Оқушының ақынға рухани жақындасуына көмектесу, ақын өлеңдерінің мағынасын, мазмұнын терең меңгерту. Ақын өлеңдерінің ішкі сырына үңілу.
2. Ақын өлеңдері арқылы оқушы бойына адамгершілік асыл қасиеттерді егу. Эстетикалық талғамын арттыру, жаман, жағымсыз қылықтардан жирендіру. Ақынның халқы, туған жері үшін өмір сүріп, қызмет еткенін үлгі ету.
3. Ой-өрісін, әдеби білімін дамыту, шығарманы творчестволықпен оқи білуге үйрету, сөйлеу, тындау мәдениетін жетілдіру.

Көрнекіліктері: Ахмет суреті, М.Әуезов, С.Сейфуллиннің сөздері, өлендерінен үзінді жазылған бүктеме.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ " Мақсат қою технологиясы" бойынша.


Әдісі: Эвристикалық, сұрақ-жауап әдісі.
Мақсат қою технологиясының құрылымы:



І
Білімділік деңгейі

«Маса», «Досыма хат», «Қазақ салты», «Қазақ қалпы» өлеңдерінің мазмұнын , идеясын,мағнасын өлең жолдарын оқи отырып, ақын өлеңдерінің ішкі сырына үңілу.
«Маса»өлеңіндегі сергектікті қозғалыс күйді серпіліс пен ізденісті астарлы ойды түсіну

ІІ
Түсінісу деңгейі

«Қазақ қалпы», «Қазақ салты» өлеңдеріндегі қазақ қоғамының жалпы қалпына ақынның салқын қарай алмайтындығын түсініп талдай жүргізу.
«Досыма хат» өлеңінің халақты ояту, оның санасына, жүрегіне сезіміне әсер ету екендігін түсіну.

III
Қолдану деңгейі

Эвристикалық сұрақ-жауап арқылы өлеңдерінің поэтикалық көркемдігін, айшықты ойын тану.

IV
Талдау деңгейі (анализ)

Өлендерінің көркемдік ерекшелігін, компонентгерін талдау. Мақал-мәтелдер мен фразалық сөз тіркестерін табу.

V
Жинақтау деңгейі (синтез)

Осы өлендердегі буын саны, шумақ, тармақ, ұйқас түрлеріне талдау жасау. Өлеңдеріндегі Абай үлгісін байқау.

VІ.
Бағалау деңгейі (сын)

Ақын өлендерінің төрбиелік мәні, ақынның азаматтық үнін өз деңгейінде дәлелдеу, баға беру.

I. Ұйымдастыру кезеңі


II. Үй тапсырмасын тексеру. Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ата тегі, ұшқан ұясы, қызметі, еңбектері жөнінде сұрақтар беру арқылы және карточка бойынша білімдерін тексеру.
III. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Балалар, Ахмет өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қалыптасқан кезде бастады. Бұл жерде айтпағымыз — саналы өмірін қоғамдық, ағартушынық қызметке іштей дайыңдалып бастаған Ахметің халықтың көркем мұрасының мән-маңызына, эстетикалық қадір-қасиетіне бойлап, оны жинап бастыруда көп еңбек сіңірді. Өзі де шығармалар жазып ("Маса" жинағы), басқа халықтар қазынасының үлгілерін туған халқына жеткізу мақсатында аудармалар жасады. ("Қырық мысал" жинағы).
А.Байтұрсынұлының ғылыми творчестволық мұрасын негізінен үш үлкен салаға бөліп қарауға болады.
1. Ағартушылығы (тіл тану, әдебиет танудағы еңбегі).
2. Ақындығы (ақын лиризмі, өлеңдері мен мысалдары).
3. Аудармашылығы.
Бүгін біздер сол үш саладағы еңбектерінің бірі — ақындығына тоқталмақпыз. Міндеті:
1. Әрбір өлеңнің шумақтары арқылы мазмұнның ішкі сырын талдау;
2. Әрбір өлендегі ақын үнін, ақынның ішкі толғанысын, өлең жолдарыңдағы астарлы бейнені айқындау;
3. Әрбір өлең мағынасын ашу, адамгершілік жөнінде ой-толғау.
IV. Жаңа сабақты пысықтау. Ахмет өлеңдерінің көркемдік сипатын ашу үшін берілген тапсырмаларды шешу.
V. Жаңа сабақты бекіту. Ахмет өлендерінің тәрбиелік мәнін ашу. Ахмет өлендерінің негізгі идеясы жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани жетілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.
VI. Қорытынды. Ахмет өлеңдеріндегі Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайға бейімдей көрсеткен ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын аудармашы екендігін оқушы жүрегіне ұялату, қазіргі заманмен байланыстыру.

Оқушыларды ана тілі қазақ тілі пәндерінде Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін пайдалана отырып оқыту барысында білім дәрежелерінің нәтижелері.





Қалыптасу деңгейі

Экспериментке дейін.
%

Экспериментен кейін.
%

Оқушылар деңгейі

Міндетті деңгей

30%

40%

Мүмкін деңгей

50%

60%

Жалпы

80%

100%



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет