Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы мазмұНЫ



бет4/10
Дата13.02.2022
өлшемі456 Kb.
#131660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
dip -a -baytursynulynyn-sauat-ashuga-baylanysty-enbekterinin-manyzy
122631719469 силлабус ОАК каз 2020, krovoobr, лондон презентация
Зерттеу міндеттері: 1. Ұлы ғалым, тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы туралы толық түсінік бере отырып олардың ойын дамыту.
2. А.Байтұрсынұлы мұраларын зерттеу барысында мектептерге арналған әдіс тәсілдерді жан – жақты қарастыру.
3. А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқыта отырып оқушыны оқуға, адамгершілік қасиеттерге баулу, ұлтын сүюуге тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері: Әңгімелесу, бақылау, пікірлесу, көрнекілік, оқушылардың құжаттары.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу орны: Алматы қаласы, № 12 мектеп-гимназия.
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ



    1. А.Байтұрсынұлы мұраларының зерттелу жайы

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тәрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт –дәстүр, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп, жалпы білім берудің әлемдік стандартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейін ұлттық тарих, салт – дәстүрлерімізді еркін игеріп пайдалануға мүмкіндік болмады. Ұлы орыс империясының зұлмат өртінен зардап шеккендердің бірі – қазақ халқы еді. Халқымыздың бір туар перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы.


М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Жансүгіров, Т.Рұсқұлов т.б. осы зұлматтың құрбаны болды.
1997 жыл Қазақстан Республикасының халықтары үшін «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін еске алу жылы» деп жарияланды. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу тастай отырып былай деген еді: «Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай – ақ басынан кешкен қасіретті өле - өлгенше санасында жаңғыртып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай – қайсы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді» [1].
Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық дүнитанымымызды кеңейтіп жеке тұлғалар өмірінің тәлімдік мәнін зерттеуге баса назар аударып келеміз. Мәселен, 1990-1999 жылдар аралығында М.Жұмабаевтың, Ш.Құдайбердиевтың, Д.Бабатайұлының, А.Құнанбаевтың, Ж.Жабаевтың және т.б. еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері мен олардың ұлттық педагогикаға қосқан үлестері жан – жақты педагогикалық тұрғыда сөз болды.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері ең алғаш филология ғылымы тұрғысынан зерттелді. Оны ғылыми тұрғыда зерттеп, ғылымға қосқан үлесін айқындауда С.Сейфуллин мен М.Әуезов еңбектерін айрықша атаймыз.
М.Әуезов А.Байтұрсынұлының оқу ағарту саласына қосқан үлесін:
«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған елшілдік ұраны – Қырық мысал, Маса, Қазақ газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмтпайтын істер болатын» [2] – деп бағалайды. Орталық мемлекеттік архив деректеріне сүйенсек, Ахмет Байтұрсынұлының көзі тірісі өзінде – ақ оның 50 жылдық мерей тойын атап өту шараларына екі тұрғыдан қарағандар болғанын көреміз.
1923 жылдың 18 қаңтарында Қырғыз Халық Ағарту комиссияратының мәжілісінде А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерей тойын тойлау туралы Мелков баяндама жасаған. Тойлану жоспары бойынша ғалымға арнап жинақ шығару, Орынбордағы Халық Ағарту институтына А.Байтұрсынұлы есімін беру, жергілікті баспасөзде ол туралы мақалалар жариялау, қаржылай сыйлық беру т.б. ұйымдастыру және оған жауапты алты адамнан тұратын комиссия ісі қамтылған еді, ал осы жылға 23 қаңтарда РКП-ның Қырғыз облыстық комитеті президиумының мәжілісінде осы мәселе қайта қаралып, кеңестік ұйымдардың мерейтойды өткізуге қарсы болғанын көреміз. Өйткені, «А.Байтұрсынұлының комиссарлықтан кетіп, партиядан шығуын даңғаза даурықпаға айналдырмаққа тырысқандар да аз болмады. Оған А.Байтұрсынұлының 1922 жылы қазақ жазушыларының сьезін өткізбек әректінен ештеңе өнбегеніне ашынып жазған «Қазақ қаламгерлері жайынан» деген мақаласы себепші болып, осы біреулер ақтап, дәлелдеуге ұмтылса, екінші біреулер қаралап даттауға пайдаланды»[3].
Орынбор қаласындағы Свердлов атындағы клубта А.Байтұрсынұлының елуге толуының салтанатты жиналысының Қазақ ССР Халық комиссарларының төрағасы С.Сейфуллин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған.
С.Сейфуллин Ахаңның елу жылдық мерей тойына орай «А.Байтұрсынұлы елуге толды»[4] атты мақаласында А.Байтұрсынұлының қарапайым кісі емес, зиялы қауым ішіндегі патшаның зорлық – зомбылығна түскен халықтың ар ұятын тапталмауына, ұлтының намысының қорланбауын қалаған - қорғанышы, білімді, ұлт жанды, абзал жан екендігіне тоқталады.
Ал, Ахаңның замандас – інісі, ақын М.Дулатов өзінің «Ахмет Байтурсынович Байтурсынов»[5] атты орыс тілінде жазған зерттеу мақаласында А.Байтұрсынұлының туған өлкесіне, өміріне сипаттама береді. Оны халық ақыны, өзіндік ерекшелігі бар қаламымен күрескен, жалынды публицист, қырғыз (қазақ) көркем әдебиетінің негізін қалаушы, халқының жоғын жоқтаушы ретінде бағалайды.
Еліміз егемендік алғаннан кейін, А.Байтұрсынұлы мұрасын зерттеуге мол мүмкіндік туды. Ғалымның мұрасын терең зерттеушілердің бірі – Р.Сыздықова. Ол Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасырдағы басындағы қазақ – оқу ағарту идеясын, ұлттық мәдениетіміздің дамуна қосқан үлестерін жан- жақты талдай келе: «А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, үшінші қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, төртінші тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген; бесінші, сауат аштыру, қазақ әдістемесін жасауды міндетіне алған. Міне бұлар А.Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеудегі және оқу ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, А.Байтұрсынұлы қазақтың білім ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мұра» [6] - дейді. А.Байтұрсынұлының ақындық мұрасы белгілі ғалым С.Қирабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. Ол Ахметтің алғашқы ақандығы «Қырық мысалдан» басталатынын жазады. «Бұл еңбек Ахметтің мектептегі мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезінде туындаған. Ол орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаздың балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуге әдебиеттің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мектеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту, оларды қараңғылықпен қарсы күресіп, білім жолына үгіттеу ниетін ұстанады » [7], - деп жазады.
Ал белгілі ғалым К.Құсайынов «Тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы айтқан ойлар ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес, өзінің үйлесімді сабақтастығын тауып кейінгі маман қазақ лингвист – ғалымдарының еңбектерімен жалғасты. А.Байтұрсынұлы өз кезінде еш бір ғылыми дәреже, атаққа ие болмағанымен тіл білімі саласының іргетасын қалаушы ретінде танылғаны еш дау туғызбайды», - дейді.
Академик М.Қозыбаев ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт –азаттық қозғалысының өзіндік ерекшеліктерін, соның ішінде сол қозғалыс көсемдерінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің тарихи келбетін ашып «Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың ірі құбылысы , феномені . Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Сондықтан да, Байтұрсынұлытану шын мәнінде ғасыр тану десе де болады.
Ендеше, Ахаң болмысы жан – жақты ашылған да ғана ұлттың ұлы перзентінің қырлары мен сырлары ашылады. Сөз жоқ, бұл болашақтың ісі», - дейді.
Демек, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ еленің тәуелсіз дамуына алғаш талап еткен мемлекет және қоғам қайреткерлерінің бірі екен. Дегенмен де, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі философиялық көзқарастар жан – жақты зерттелмей келеді. Белгілі филосов О.А.Сегізбаевтың «Казахская философия XV начало ХХ вв» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш», «Маса» еңбектеріндегі философиялық көзқарастарына талдау жасай отырып: «А.Байтұрсынұлы сол кезеңде жарыққа шыққан философиялық еңбектерді жақсы меңгерген. Әйтпесе, тіл сөз өнерінің құдіретін философия ғылымын терең түсінбей соншалықты саралау мүмкін емес еді. Себебі, мұнда адамның табиғатқа қатынасы табиғат әлемімен адамның ішкі жан дүниесімен арақатынасы философиялық тұрғыда терең талданған» - деп бағалайды.
Белгілі ғалым С.Қалиев Қазақстандағы педагогикалық ой пікірдің дамып қалыптасу кезеңіне тоқталып жіктей келе педагогикалық ой пікірдің дамуын шартты түрде сегіз кезеңге бөліп қарастырады. Және автор біз қарастырып отырған кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасу кезеңіндегі педагогикалық ойдың ғылыми жүйесін жасаған, теориясын негіздеген педагогика ғылымының көш басшысы деп Байтұрсынұлыны ерекше атайды.
Ахмет Байтұрсынұлының психологиялық көзқарастары туралы Қ.Жарықпаев, Н.Іргебаева аз да болса құнды пікірлер ендірген. Мәселен, Қ.Жарықпаев: «Тек, әдебиет танытқыштың өзінде ғана осы ғылымға қатысты толып жатқан ой пікірлер мен салиқалы түйіндер баршылық, оның жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, мақал, бата т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтық психологияны теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол», - дейді. Архив деректеріне сүйенсек, Ахмет Байтұрсынұлының ғұмырында 1920 жылдардан бастап ірі де елеулі өзгерістердің орын алғанына көз жеткіземіз. Қазақ Автономиясын құру, сауатсыздықты жою, қазақ мектептерінің негізін қалау, білім жүйесін реттеу, оқу ағарту мәселесін жандануына, төл оқулықтар жазу және тарату, тіл саясатын көтеру, қазақ жазуын реформалау, Қазақстанда зерттеу қоғамының негізін салу т.б. істерде көшбасшы , ірі тұлға болғанының куәсі боламыз.
Міне, осындай деректерді оқып үйрену, зерттеу арқылы Ахмет Байтұрсынұлының қысқа ғана өмірінде келер ұрпақ болашағының жарқын болуы үшін бар ғұмырын күреске арнаған жиырмасыншы ғасырдың ірі тұлғасы болғандығына көз жеткіземіз. Архив қорында Ахмет Байтұрсынұлының жетім балалар жайын жақсартып, олардың мүмкіндігінше білім алуына жағдай жасағандығы туралы көптеген мәліметтер бар.
Демек, Ахмет Байтұрсынұлы мұраларындағы ең негізгі мәселелер – оқу – ағарту ісін жандандыру, қазақ тілі алфавитін жасау еді. Ахметтің жаңа әріпті енгізуге байланысты идеясын замандасы – Т.Шонанов былай қуаттайды: «Ахметтің жаңа алфавитімен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеуімізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемдік мәдениетпен араласа түсу жолын жеңілдете түсті. Жаңа алфавиттің халық мектептерінің өркендеуі жолында алып адым жасағаны анық» [8].
1920-1929 жылдар аралығында шарықтау шегі болған. Көптеген еңбектері жарыққа шықты. Олар туралы жақсы ойлар баспа сөз беттернде жарық көрді. 1937 жылы ғалымның жазықсыз жазаға ұшырауымен оның еңбектерімен жариялауға тиым салуына байланысты ол туралы жағымсыз көзқарастар туды.
Мәселен түрікшілер құрылтайында латын қарпін жақтап, араб қарпіне қарсы жеті баяндама жасалған оның екеуін профессорлар Жирков және Яковлев жасаған. Дегенмен, мұнда да ғылыми негізделген латын қарпінің артықшылығын дәлелдейтін нақты пікірлердің болмағанын, ал кемшілік деп негізге алған фактілердің барлығы А.Байтұрсынұлы түзген әріптерге емес, осыдан бұрынғы араб қарпінің кемшіліктері екені айтылған.
Біздің зерттеу нысанамыз болып отырған А.Байтұрсынұлы мұраларының қолданылуы қоғамның дамуына байланысты үш кезеңге жіктеліп:
Біріншіден, А.Байтұрсынұлының көзі тірі кезінде еңбектерінің жариялануы және оған деген сол кезеңдегі көзқарастар яғни ғалым мұрасын обьективті бағалауға тырысқын мақалалардың еңбектердің жарық көру кезеңі.
Екіншіден, А.Байтұрсынұлының репрессияға ұшыраған кезеңінен ақталғанға дейінгі уақытығы еңбектерінің насихатталуы; Ол 1937 - 1980 – жылдар аралығындағы уақытты қамтиды. Яғни, ғалымды қаралау негізсіз айыптау түріндегі еңбектердің жариялану кезеңі.
Үшіншіден, еліміз егемендік алғаннан кейінгі ағартушы еңбектерінің жарық көруі және оның еңбектерін ғылыми ақиқат тұрғысында зерттелу жайы қарастырылады. А.Байтұрсынұлының ағартушылық педагогикалық мұраларын зертеу барысында оның филология, педагогика ғылымының негізін қалаушы темір қазықтарының бірі болып табылатынына көзіміз жетеді. Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын зерттеудің осы үш кезеңі және оның туу себептері саяси - әлеуметтік жағдайлармен байланыстырыла сараланып дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет