Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы мазмұНЫ


Қосымша А. Байтұрсынұлы мұраларындағы афоризмдер



бет10/10
Дата13.02.2022
өлшемі456 Kb.
#131660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
dip -a -baytursynulynyn-sauat-ashuga-baylanysty-enbekterinin-manyzy
122631719469 силлабус ОАК каз 2020, krovoobr, лондон презентация
Қосымша
А. Байтұрсынұлы мұраларындағы афоризмдер

Атадан бала туса игі,


Ата жолын қуса игі.
Бетіне келер ұятын,
Өзі біліп жуса игі.

Берген алар,


Еккен орар.
Дауыл болмай, жауын болмас.

Қас жорғадан жортақ туар,


Қас батырдан қорқақ туар,
Қас шеберден шорқақ туар.

Еділ бойы тоғай бар,


Торғай толы ноғай бар.
Бурыл атта бұғау бар,
Оны да кесер егеу бар.

Атаң жаман кісі еді,


Ат бергеннің құлы еді.
Енең жаман кісі еді,
Мәскеудің қара күңі еді.

Жер жұтуға тоймайды,


От отынға тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды,
Кісі ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

Жақсы келсе құт,


Жаман келсе жұт.

Өз ақылын шамалаған қор болмас.


Бақыр қазан піскені


Баршамызға пайдалы.

Өлген келмес,


Өшкен жанбас.

Күркіреген күннің жауыны аз.


Ауру күлкі сүймес,


Жүйрік итті түлкі сүймес.

Жоғарыда орын барда,


Төмен отырма.

Бар мақтанса, табылар,


Жоқ мақтанса, шабылар.

Қараңғы үйде қабан күркіреді.


Ақыл – жас ұланнан,


Жүйрік тай - құланнан.

Аз асқа жасауыл болма,


Көп асқа бөгеуіл болма.

Айбар керек, әл керек,


Әлсіз айбар не керек?

Сіз деген - әдеп, біз деген – көмек.


Қуда сүт жоқ,


Жылқыда өт жоқ.

Ит семірсе иесін қабар.


Жақын жолдың алысы жаман.


Екі рудан би болса, ел байсал таппайды.


Жақсы жатырқамайды.


Жомарт ер жоқтығын білмейді,


Жүйрік ат тоқтығын білмейді.

Ордалы құлан ақсағын білдірмес.


Аңқау аңдамайды, әңгі тыңдамайды.


Қайырымсыз болса, ханнан без;


Өткелсіз болса, судан без.

Асусыз болса, таудан без.


Жақсыдан жаман туады,


Жүйріктен шабан туады.

Сенікі, менікі деген – көңіл тарлығы,


Әрі жат, бері жат деген төсек тарлығы.
Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ би ортақ.

Бұйдалаған тайлақтай,


Жетелеген мойнақтай.

Жаман еркек той бұзар,


Тентек әйел үй бұзар.

Оңқа ойын бұзар,


Тентек жиын бұзар.

Атқанның құсын жатқан байланар.


Ас қадірін ашыққан білер,


Ат қадірін асыққан білер.

Ат ұстаған азабынан құтылар.


Ел біледі деген көндірер,


Өзім білем деген бүлдірер.

Жорға жүрісінен пұл болады,


Жаман жүрісінен құл болады.

Өгізді өрге салма, қанатың талар,


Жаманға жүзің салма, сағың сынар.

Адасқанның атындағысы білер,


Жеңілгеннің жанындағысы білер.

Тойға барсаң, тойып бар,


Жұмысыңды қойып бар.

Шірікке шыбын айналар.


Арлы арына қараса,


Арсыз «жеңдім» дейді.

Мал бітпес деп ерден түңілме,


Шөп бітпес деп жерден түңілме.

Жарлылық сені қайтейін,


Жандай досты жат еттің.
Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге қат еттің.

Өткел өтсең бұрын өт,


Арттан өтсең жол тайғақ.

Қызығы аз өмірден


Ұйқыда көрген түс артық.
Тар жерде тайғақ кешуде,
Ерлердің қылған күші артық.

Береке кеткен елдерде,


Күн қысқарса керекті.
Алатаудай атаға
Ұл қышқырса керекті.

Кісі қандай болса асы сондай.


Қонақ келсе, ет пісер,


Ет піспесе, бет пісер.

Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше;


Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше.

Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма,


Жақсының атын естіп үйіне барма.

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,


Осылай шежіреден көрінеді.
Болмайды кемшіліксіз ешбір халық,
Бәрінен кейін қалған қазақ анық.
Басқа жұрт біз секілді жалқау емес,
Ғылыммен қараңғыны етер жарық.

Айдарға малы сай,


Артарға атаны сай.

Құлдан көрдім қорлықты,


Жалшыдан көрдім зорлықты.

Сөйлемде бөтен қазақ мен тұрғанда,


Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда.

Тау белгісі тасында,


Бай белгісі асында.

Шоқпарды сала алмаған өзіне тигізеді,


Сөзді айта алмаған өзіне келтіреді.

Жанын аямаған жау алады,


Малын аямаған дау алады.

Халқы жаманның биі азады,


Қатыны жаманның үйі азады.

Жаман ерден жайдағым жақсы,


Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Көп жортқан түлкі терісін алдырады.


Кіммен ауылдас болсаң, сонымен қауымдас боларсың.


Егін қайда болса,


Береке сонда болады.

Халыққа жағайын десең, қазаның болсын.


Жер таусыз болмайды,


Ел даусыз болмайды.

Тай жаманы жорға болады,


Адам жаманы молда болады.

Бұрынғының кісісі – бүгінгінің кішісі.


Ер өтірік айтпайды, еп өтірік айтады.


Ердің атын жә аты шығарар,


Жә қатыны шығарар.

Жаңбыр жауса, жердің ырысы,


Жақсы туса, елдің ырысы.


Атадан алтау туғанша, жалғыз туса не етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет