Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет15/17
Дата02.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#194580
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әдістер

Стикердегі диалог

Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін/эмоцияларын білдіре алады.



Айналмалы бекеттер
Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.

Үш қадамдық сұхбат
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

9-ромб
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

Бірге ойлаймыз
көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
· мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
· осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
· талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.

Маған көрсет!
Сөздер тізбектелген сөйлем берілген, олардың ішінен дұрысын таңдап алу керек. Мен 3-ке дейін санап болғанда, әрбір сөйлем үшін дұрыс сөз жазылған планшеттеріңді көтеріңдер. Бір сөйлемді бір рет талқылаймыз.
Тәжірибе:
Барынша көп дұрыс жауап берген оқушы сыйлық алады.

Ал бастаймыз!


1
2
3
4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет