Денсаулығының нашарлауына қарамастан (замандастарының айтуынша, ол психикалық ауруға шалдыққан) әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік қызмет атқарды. 1699 жылы Париж Ғылым академиясының мүшесі, Британияның Ақша сарайының бас директоры, ал 1703 жылы Корольдік қоғамның президенті болып сайланды.

1705 жылы королева Анна оған дворяндық атақ беріп, ол бұдан былай «сэр Исаак» болып аталады. 1725 жылдан бастап денсаулығының нашарлауына байланысты Ньютон қызметін түгел тоқтатты деуге болады. Туысқандары оны Лондоннан тыс жерге, Кенсингтонға алып барды. Бұл жерде оның денсаулығы біршама жақсарды.
“Ол өзіне дейін ешкім күдік келтіріп көрмеген жарық сәулелерінің түрлігін, бұл түстердің ерекшілігін бірінші болып зерттеген. Табиғаттың, ежелгі дүниенің
және Қасиетті Жазбаның зерек, қырағы және сенімді түсіндірушісі болды.Ол өзінің бар ілімін құдіреті күшті Жаратқанға арнады, одан талап етілетін қарапайымдылықты ол өз өмірі арқылы дәлелдеді. Өздерінің ортасында осындай адамзат тегінің көркі бола білген жанның өмір сүргеніне пенделер риза болсын!”