Ақын туралы лебіздер



бет6/7
Дата05.11.2016
өлшемі0,92 Mb.
#953
1   2   3   4   5   6   7

Аталар сені қорғасын

Ақындар көп елде де,

Тауып, таппай жазатын.

Өзіңдей ақын шамалы,

“Ескіден қалған естіні”

Ескеріп жүріп жазатын.

Аталар сені қорғасын,

Аталы сөзің үшін де.

Келешек ұрпақ қолдасын,

Қамқоры болған үшін де.

Өзегі жұрттың талмасын,

Жалғай бер өмір жалғасын.

Өзіңнің жақсы жырыңа

Сусындары қанбасын.


Айнаш Әлімова,

Соналы орта мектебінің мұғалімі.

Сарыкөл ауданы.

Сөз емес, іс керек

“Қайран енжарлық-ай! Кезінде солақай басшының содыр әрекетіне қарсы шығар, ұлттық мақтаныш болып табылатын мекендерімізге жаны ашып, жанын салар азаматтарымыз қайда болды? Бүгін де қайда қарап отыр? Ақын Ақылбек Шаяхмет әртүрлі мінберлерден, баспасөзден көтеріп жүрген мәселелерді білек түре қолдаушыларымыз, сөздің емес, нағыз істің адамдары қайда?”

Сәлім Меңдібаев

“Қостанай таңы”, 21 ақпан 1998 ж.

Көп көмегін тигізері анық


“Ақылбек Шаяхметтің кітаптарын кезінде оқырмандар жылы қабылдаған болатын. Қай жағынан алып қарасаң да, бүлдіршіндер көңілінен шығатын бұл өлеңдер кім-кімді де қызықтырары сөзсіз. ”Алуан-алуан ағаш бар”, “Жазда келсең бақшаға”, “Сандар ауылында”, “Шынар дейтін бір қыз бар” атты топтама-цикл өлеңдері өзіндік қыры мен сыры бар, мазмұны терең, сюжеттік дүниелер. Оның өлеңдері Отанды сүюге, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге баулиды. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар бала тілін жаттықтыруға, ертегілер мен аңыздар ой өрісін кеңейтуге көп көмегін тигізері анық.”
Сайлау Тойлыбаев

Алматы қаласы.

Ақылбек ағаның еңбектеріне ерекше сүйіндім.Себебі, мен Қытайда шыға бастағанына жиырма жеті жыл болған "Мұра" деген фольклорлық журналда істеймін. Әттең, шіркін, аға қолындағы "сары майдай сақтап отырған" фольклорлық жазбалардың біразы бізге жетсе, зор бақыт еді! Байдалы Нұрсафин, КНР ШУАР ҮРІМЖІ қаласы Оңтүстік достық даңғылы 716 ХОРА ПОЧТА НОМЕР 830000,ТЕЛЕФОН 86+0991+13579294268


Байдалы Нұрсафин,

электронды поштадан

ҚХР-ы.
Құрметті Ақылбек Қожаұлы!

Сіздің қабырғалы қазақ халқының айтулы ақындарының бірі екеніңізді бұрыннан білетінбіз. Енді діни тақырыпта да жыр жұптап жүргеніңізді көріп, қуанып қалдық. Сондай-ақ, Сіздің «Дін Ислам – діңгегім» атты мүшәйраға қатысуыңыз оны ұйымдастырушы біздің мәртебемізді бір көтеріп тастады.

Сіз жыр сүйер қауымның лайықты бағасын алып үлгерген бақытты ақынсыз. Әлі де тұғырдан түсіп тұрған жоқсыз. Поэзия аспанында әлі талай самғайтыныңызға сенеміз. Өйткені, сіздің өлеңдеріңіздің өміршең екенін оқып-біліп отырмыз. Өлеңіңіздегі өзгеше өрнек, астарлы да айшықты ойлар абыройыңызды әлі де асыра беретіні даусыз.

Ал шабытыңызды шау тартпағанына, қайта шарықтау үстінде екеніне куә болып отырмыз. Бұл Сіздің алдағы уақытта талай жыр жүлдесін қанжығаңызға бөктеретініңізді көрсетеді. Сондықтан «Асыл арна» телеарнасымен байланысыңызды үзбейді деп сенеміз.


«Асыл арна» телеарнасы

04.11.2009 ж.
Қара орман орыс қаптаған Қостанай жақтың қазағынан жаңа жыл туралы мұндай рухани бай мақала-пікір жазады деп күтпеген едім. Қалың қазақ мекендеген оңтүстіктің тесіп, шұқып, жабыстырып айтқандарындай емес, өте таза, ашық, эстетикалық талғаммен, дәлелмен, батыл жазылыпты. Әрбір ойы жүрекке жұмсақ тиіп, қуанышқа бөлейді.
Ақылбек, қайда жүрсің? Сен қазақ балаларына арнап кітап жазуың керек.

Тілектес

24.12.2009 ж.
Бар Алаштың көсемдері шыққан, өнер мен білімнің қайнар көзі болған солтүстік емес пе бұл, Совет өкіметі қырып жіберсе де, жалынды жігіттер біздің жақта әлі де жеткілікті. Ақылбек туысқанға табыс тілеймін.

Бауыржан

Көкшетау қаласы.

«Азаттық» сайтынан.

24.12.2009 ж.

Ақылбек ағалық жасқа келсе де аталық сөзді айта біледі. Мен өзім ит жылы тусам да, адамға иттігім жоқ. Көрші болдық, бірге қызмет істедік, бірақ, бір бірімізді тістемедік. Ұлт үшін ұрандадық, ұпай жинамадық. Ұлт жолындағы тартыста, тіл төңірегіндегі айтыста Ақылбек үнемі алда жүрді.


Қалқаман Жақып,

философия ғылымының кандидаты, КМУ профессоры.



06.02.2010 ж.

Ерекше кездесу сабағы


Ұстаз өткізетін сабақ қызықты, мазмұнды, әсерлі болса, оқушылардың өзі-ақ магниттей мұғалімге тартылып тұрады емес пе. Тіпті үйіріліп қасынан шықпасы анық. Сондай сабақтардың бірі Қостанай ауданы Затобол кентіндегі Н. Наушабаев атындағы қазақ орта мектебінің 2 «б» сыныбында өтті.

-Оқушы балаларым үшін осы бір сабақ ерекше болды. Газет-журналда ақын-жазушыларымыздың өлеңдері, әңгімелері жарық көретінін, кітаптары баспадан басылып шығатынын естіген болар, ал енді сол жандармен кездесіп, көзбе-көз әңгімелесіп, қол беріп амандасып, құлындай шұрқыраса айнала қоршап, суретке түсудің өзі 8-9 жасар оқушы бала үшін көрген түстей шығар. Есінде мәңгі жатталып қалары анық. «Осындай ақын ағамен кездестім, әңгімелестім, басымнан сипады, қолымнан алды» деп айтары да сөзсіз.

Ақын Ақылбек Шаяхмет ағамыздың есімі облысымызға ғана емес, елімізге де танымал. Бәлкім, оқушыларымыздың арасында кейбіреуі әйгілі ақын Ақылбек ағамыздың есімін естігенімен, сол ақын ағалары өзіміздің жерлесіміз, киелі Қостанай жерінің тумасы екенін білмес. Міне, сондықтан да ақын ағамызды «Кітап-ғажайып дос» атты сабағымызға шақырып, кездесу, пікір алмасу сабағын ұйымдастырдық. Сабағымыздың аты да кездейсоқ емес, өзіңіз білесіз, бүгінде үлкеніміз де, кішіміз де рухани байлығымыз кітапты кейінге ысырып, компьютерге, теледидарға, Интернет желісіне көбірек үңіліп кеттік. Кітаптың баға жетпес байлық екенін ұмытқандаймыз. Осы тұрғыдағы сабақтар арқылы оқушыларға кітаптың ғажайып, айнымас дос екенін балаларға ұғындырып, түсіндіруге сол сияқты өздігінен кітапты тани білуге, оқуға дағдыландыруға септігін тигізер деп ойлаймын,- деді бізге сынып жетекшісі Дина Бекмұрзина.



Ерекше кездесу сабағында ақын ағалары Ақылбек
Шаяхмет балалар үшін арнап жазған есепті тақпақтар, қызықты жаңылтпаштар оқыды, әңгімелер айтты. Жұмбақтар жасырды. Ал, оқушылар, мысалы, Әміржан Шырын, Қазымбек Бекболат, Кәрімжан Сәкен, Қарабай Аслан ақын Ақылбек ағамыздың өлеңдерін оқыды, жасырған жұмбақтарынның жауабын тапты. Ақын ағамыздың жұмбақтарының жауабын шешуде Бексұлтан Еңсебаев, Дәнекер Ахмадиев, Шыңғыс Бердіғожиев белсенділік танытты. Балалар «Диск пен кітап айтысы» көрінісін қойды. Ал, Дана, Диас, Майра, Бағдат, Зәмзәгүл сынды оқушылар кітап туралы өз ойларын айтты, ақын ағасына сұрақтарын қойды. Сабаққа оқушылармен бірге ата-аналар да қатысты, олар да кітап жайлы өз ой-пікірлерін жеткізді. Ақынмен өткен сабақ өте тартымды әрі әсерлі болды.

Ақылбек Шаяхмет кітаптарының және драмалық шығармаларының тізімі


  1. Тұңғыш кітап”. 1977 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  2. Замандасқа сыр”. 1979 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  3. Күлімдейді күніміз”. 1980 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  4. Ақ сәуле (”Көрінбейтін жұлдыздардың жарығы” топтамасы)

1984 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  1. Гүл мен Бидай”. 1985 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  2. Тыңда туған”. 1986 ж. Алматы: “Жазушы” баспасы.

  3. Көктем бояулары” (“Жаздың соңғы айы” топтамасы).

1988 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  1. Біздің бақша”. 1990 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  2. Наурыз тойы”. 1992 ж. Қостанай: Мұғалімдер білімін

жетілдіру институты баспаханасы.

  1. Ағайын, менің сырымды ұқ!” 1994 ж. Алматы: “Айқап” баспасы.

  2. Шынар”. 1994 ж. Алматы: “Балауса” баспасы.

  3. Моя орбита”. 1995 г. Алматы: “Жалын” баспасы.

  4. Жұлдызды дәуір” 1997 ж. Алматы: “Жазушы” баспасы.

  5. Пирамида”. 1997 ж. Қостанай: “Полиграфия” баспасы.

  6. Елім деп өткен Елдес”. 1998 ж. Алматы: “Ана тілі” баспасы.

  7. Көзімді ашып-көргенім”. 2001 ж. Қостанай: “Полиграфия” баспасы.

  8. Аяз және Қыдыр”. 2001 ж. Астана: “Елорда” баспасы.

  9. Жер-бесік”. 2004 ж. Астана: “Фолиант” баспасы.

  10. Мөлдір бұлақ”. 2004 ж. Қостанай: ҚМУ баспаханасы.

  11. Әдемі”. 2005 ж. Алматы:”Балалар әдебиеті” баспасы.

  12. Ел есіндегі есімдер”. 2005 ж. Алматы: “Гаухар” баспасы.

  13. Есте қалар ел тарихы”. 2005 ж. Қостанай: “Баспа үйі” баспасы.

  14. Тақтақ ақындар және ділмар шешендер”.

2006 ж. Қостанай: ҚМУ баспаханасы.

24. “Қостанай – құт-мекен”. (”Костанай-земля благодатная”)

2006 ж. Қостанай: “Баспа үйі” баспасы.

25. “Бағдаршам“. 2007 ж. Алматы: “Бауыр“ баспасы.

26. “Ақсұлу“. Тарихи драма. Радиопьеса.

1985 жыл. Қазақ радиосы.(Алтын қорға қабылданған)

27. “Наурыз тойы келгенде“. Сахналық қойылым.

2000 ж. Қостанай қалалық мәдениет бөлімі.

28. “Алғыс пен қарғыс“. Спектакль.

2002 ж. Н.Ахметбеков атындағы Жанкелдин аудандық халық театры.

29. “Алаштың асылы“. Спектакль.

2005 ж. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің «Жас өркен» жастар театры.

30.“Таза бұлақ“. Спектакль.

2006 ж. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры.

Автор қатысқан басты шаралар:
1964 – Жітіқара қаласында сыныпаралық оқушы ақындар айтысы.

1965 – Жітіқара қаласында мектепаралық оқушы ақындар айтысы.

1968 – Алматыда жас жазушылардың республикалық кеңесі.

1970 – Семиозер ауданында аудандық ақындар айтысына қатысып, үшінші орынға ие болды.

1971 – Алматыда жас жазушылардың облысаралық кеңесі.

1972 – Шымкентте СССР-дің құрылуының 50 жылдығына арналған республикалық жас поэзия фестивалі.

1973 – Алматыда жас жазушылардың екінші республикалық кеңесі.

1975 – Павлодарда жас әдебиетшілердің республикалық аймақтық семинары.

1975 – Алматыда ҚазМУ-нің журналистика факультетін бітірді, диплом жұмысын «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын» деген тақырыпта «өте жақсы» деген бағаға қорғады.

1976 – Семейде Абай күндеріне арналған республикалық поэзия фестивалі.

1977 – Алматыда «БАҚ-тың жаңа адам қалыптастырудағы ролі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

1977 – Алматыда Жоғары партия мектебінде бір айлық курста оқыды.

1977 – Москвада қарақалпақ шайыры Бердақтың 150 жылдық мерейтойына қатысты.

1980 – Қостанай жастар сыйлығының лауреаты болды.

1982 – Москвада Әдебиет институтын бітірді, диплом жұмысын өз шығармалары бойынша «өте жақсы» деген бағаға қорғады.

1983 – Теледидар және радио қызметкерлері мамандық жетілдіру курсында оқыды.

1983 – СССР жазушылар одағына қабылданды.

1983 – Қазақстан жазушылар одағының билетін алды.

1984 – Қазақстан мәдениет қызметкерлері кәсіподағы республикалық ХІІ конференциясының делегаты болды.

1984 – Бейімбет Майлиннің 90 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

1984 – Қостанайда «Туған өлкем» конкурсының лауреаты атанды.

1985 – Осы жылдан бастап Қазақстан жазушыларының барлық сьездеріне делегат болып қатысты, 12-ші сьезде басқарма мүшесі болып сайланды.

1985 – Қостанай облыстық ақындар айтысын ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының мүшесі болды.

1985 – Қостанай-Орал ақын-жыршылары өнер сайысына бапкер болды.

1986 – Бейімбет Майлин атындағы облыстық әдеби бірлестіктің төрағасы болып сайланды.

1986 – Қостанайда Cерәлі Қожамқұловтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кеште баяндама жасады.

1987 – Москвада Бүкілодақтық шығармашылық фестивальдің лауреаты атанды, арнаулы медальмен марапатталды.

1987 – Алматыда республикалық телеайтысқа облыс айтыскерлерін бастап, бапкер болып барды.

1988 – Алматыда жастардың республикалық «Жігер» фестиваліне қатысты.

1989 – Алматыда Қазақстандағы көркем аударманың проблемалары туралы республикалық кеңеске қатысты.

1990 – республикалық «Қазақ тілі» қоғамы Қостанай облыстық ұйымының құрылтайында төрағаның орынбасары болып сайланды. Осы жылдан бастап республикалық қоғамның басқарма мүшесі болды.

1990 – Челябі облысында қазақ тілін насихаттау шараларына қатысты.

1991 – Талдықорған облысында Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойы.

1991 – Көкшетауда Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына арналған ас.

1991 – Ақтөбеде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының көшпелі пленумы.

1991 – Орынборда және Ырғызда Ыбырай Алтынсаринді еске қалдыру шараларын өткізді.

1991 – Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтойдың ұйымдастырушыларының бірі болды.

1991 – «Қазақ совет жазушылары» анықтамалығына енді.

1991 – Алматыда қазақтардың І дүниежүзілік құрылтайына делегат болды.

1991 – Торғайда Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов күндеріне қатысты.

1991 – Қостанай және Жітіқара қалаларында, Жітіқара ауданында туғанына 40 жыл толуына орай мерейтойлық шаралар және шығармашылық кештер өтті.

1992 – Алматыда Қазақстан халықтары форумы мен ҚР тәуелсіздігінің бір жылдығына арналған салтанатты жиналысқа делегат болды.

1992 – халықаралық «Қазақ тілі» Қостанай облыстық ұйымы басқармасының төрағасы болып сайланды.

1992 – «Дала қоңырауы» газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және редакторы болды.

1992 – Жамбылда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының көшпелі пленумы өтті.

1992 – Урицкий ауданында Ілияс Омаровтың туғанына 90 жыл толуына арналған тойда ұймдастыру комитетінің мүшесі болды.

1992 – Таран ауданында Алаш арысы Елдес Омарұлының туғанына 100 жыл толуына арналған мерекеде баяндама жасады.

1993 – Торғай облысында Шақшақ Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойына қатысты.

1993 – Петропавлда «Абай тағылымы» ғылыми-теориялық конференциясына қатысып, баяндама жасады.

1993 – Көкшетауда Ақан серінің туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтойға қатысып, өлең оқыды.

1993 – Жітіқара ауданында Ақсұлу Орысбайқызының туғанына 120 жыл толуына арналған тойда баяндама жасады.

1993 – Қарағандыда Бұқар жыраудың туғанына 325 жыл толуына арналған тойға қатысты, ақындар мүшайрасында бірінші орын алды.

1993 – Қостанай облысында өткен Қазақстан Пен-клубының жұмысына қатысты.

1993 – Москвада «Книжный мир» телехабарына қатысты.

1994 – «Ана тілі» газетінің лауреаты болды.

1994 – Талдықорғанда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алқа жиыны өтті.

1994 – Бейімбет Майлиннің 100 жылдық мерейтойына қатысты, Бейімбет Майлинге арналған республикалық мүшайраның бас жүлдесіне ие болды.

1994 – Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында шығармашылық кеш өткізді.

1994 – Қостанай облысынан Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттығына кандидат болып тіркеліп, сайлау нәтижесінде 13000 дауыс жинады.

1995 – Әулиекөл ауданында Қанапия Басықарабаласына арналған аста сөз сөйледі.

1995 – Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының І сессиясының мәжілісінде Ассамблея мүшесі болып сайланды.

1995 – Қамысты ауданында Сейітжан Бекшентайұлына арналған кеште баяндама жасады.

1995 – «Моя орбита» кітабының тұсау кесері Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада өтті

1995 – Шоқай бидің туғанына 220 жыл толуына арналған аста баяндама жасады.

1995 – Семейде Абайдың 150 жылдық мерейтойына қатысты.

1996 – Урицкий ауданында Барақ батырдың 300 жылдық мерейтойында баяндама жасады.

1996 – Алматыда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ІІІ құрылтайында сөз сөйледі.

1996 – Қазақстан халықтары Ассамблеясының екінші және үшінші сессиясы өтті.

1996 – «Сарыарқа» журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды.

1997 – Қостанайда Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

1997 – «Ана тілі» газетінің штаттан тыс тілшісі болды.

1997 – Қостанайда «Жұлдызды дәуір» және «Пирамида» кітаптарының жарық көруіне орай тұсаукесер өтті.

1997 – Ақмолада Қазақстан халықтары Ассамблеясының төртінші сессиясы өтті.

1997 – Алматыда Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына қатысты.

1998 – «Азия-Транзит» журналының алқа мүшесі болды.

1998 – Қазақ ақпарат агенттігінің аймақтық тілшісі болды.

1998 – Ақмолада Қостанай облысының мәдениет күндерінде Конгресс-холда өлең оқыды.

1999 – халықаралық «Азаттық» радиосынан хабарлар ұйымдастырды.

1999 – Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі болды.

1999 – 20 қаңтарда Астанада ҚР Президентін ұлықтауға қатысты.

2000 – «Жас қазақ» журналының алқа мүшесі болды.

2000 – Өмірбаяны мен өлеңдері «Екі мыңжылдық дала жыры» анталогиясына енді.

2001 – Қостанайда «Культура мира в интересах детей» конгресінде баяндама жасады.

2001 – Қостанайда Ы.Алтынсарингның туғанына 160 жыл толуына арналған «Халықтық педагогика потенциалы» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2001 – Қостанай және Жітіқара қалаларында туғанына 50 жыл толуына орай мерейтойлық шаралар және шығармашылық кештері өтті.

2001 – Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығын алды.

2002 – Қостанай әлеуметтік академиясында «Әл-Фараби ғылым мен мәдениет тарихында» ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2002 – Қостанай мемлекеттік университетінің Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты болды, арнаулы медальмен марапатталды.

2002 – «Алға» журналының алқа мүшесі болды.

2002 – Ғабит Мүсіреповтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой.

2002 – «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды.

2002 – Таран ауданында Жабағы батырға арналған аста баяндама жасады.

2002 – Атырауда Махамбет батырдың 200 жылдығына арналған тойға қатысты. Конференцияда баяндама жасады.

2003 – «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы және қазіргі заман» республикалық ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2003 – Спандияр Көбеевтің туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2003 – «Жазушылар әлемі» фотоальбомында суреті басылды.

2003 – Cәбит Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой.

2003 – Cарыкөл ауданында Жұмағали Ысмағұловтың шығармашылық кешінде баяндама жасады.

2003 – Алматыда жоғары білімді мамандарды мемлекеттік тілде дайындау мәселелеріне арналған семинар-кеңеске қатысып, сөз сөйледі.

2004 – Қостанайда «Россия и Казахстан: литературные и культурные корни» ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2004 – Астанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ІҮ құрылтайы өтті.

2004 – Астанада Бейсембай Кенжебаевтың 100 жылдығына арналған ғылыми конференцияда баяндама жасады.

2004 – Петропавлда «Академик Манаш Қозыбаевтың ғылыми және тарихи мұрасының өзектілігі» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2004 – Қостанайда Қапан Бадыровтың 100 жылдығына арналған театрлар фестиваліне қатысты.

2004 – Қостанайда Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады.

2004 – Көкшетауда «Замана тұлғасы – Сәкен сері» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2004 – «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» энциклопедиясына енді.

2005 – Астанада қазақтардың ІІІ дүниежүзілік құрылтайына қатысты.

2005 – Қостанайда Нұржан Наушабайұлына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады, ақынға арналған республикалық мүшайрада бірінші орынды жеңіп алды.

2005 – Астанада жоғары оқу орындары мемлекеттік тіл оқытушылары республикалық кеңесіне қатысып, дөңгелек үстел басында өткен сұхбатта сөз сөйледі.

2005 – «Алтын дала» фотоальбомына суреті мен өлеңі енді.

2005 – «Қостанай» энциклопедиясына өмірбаяны енді.

2005 – Астанада «Культура согласия и сосуществования народов в ХХІ веке» халықаралық форумына қатысты.

2005 – Астанада «Типологиялық сабақтастықтың ақындық және шешендік өнердегі көрінісі (Қостанай өңірі мысалында)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2005 – «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясына енді.

2005 – «Жас өркен-Қостанай» журналының алқа мүшесі болды.

2006 – ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады

2006 – ҚР Білім және ғылым министрлігінің аттестаттау комитетінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2006 – Қостанай қаласында және Алтынсарин атындағы ауданда Мәриям Хакімжанованың туғанына 100 жыл толуына арналған шараларда баяндама жасады.

2006 – «Қазкомерцбанктің» арнаулы сыйлығына ие болды.

2006 – Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2006 – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2006 – «Білім жарысы» газетінің редакциялық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

2006 – Қазақстан журналистер конгресі атқару комитетінің ХҮІІ мәжілісіне қатысып, баяндама жасады.

2006 – Облыстық филармонияның Концерт залында жыр және ән кеші өтті.

2007 – Қостанай меценаттар клубының арнаулы сыйлығын алды.

2007 – Қостанайда республикалық «Байтұрсынов оқулары» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2007 – Ақтөбеде Қобыланды батырдың мемориалдық кешенінің ашылу салтанатына қатысып, теледидарда тікелей эфирде сөйледі.

2007 – Қарағандыда республикалық теледидардың 50 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баяндамасы бас жүлдеге ие болды.

2007 – Астанада республикалық ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсында «Өлеңдер, скетчтер, жұмбақтар, жаңылтпаштар» номинациясында үшінші, «ҚР мерекелік даталарына арналған қойылымдардың сценарийі» номинациясында бірінші жүлдеге ие болды.

2008 – Алматыда «Бір өлең–бір әлем» республикалық мүшайрасында үшінші орын алды.

2008 – Сарыкөл ауданында Асаубай шешеннің туғанына 195 жыл толуына арналған аста баяндама жасады.

2008 – Астананың 10 жылдық мерейтойына облыс делегациясы құрамында қатысты.

2008 – Қазақ авторлар қоғамының есеп беру-сайлау конференциясына қатысты, аталған қоғамның Қостанай облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

2008 – Бекет Өтетілеуовтың туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2008 – «ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысындағы іс-тәжірибелер» республикалық семинар-кеңесінде баяндама жасады.

2008 – Алматыда халықаралық “Дарабоз” бәйгесінің жүлдегері атанды.

2008 – Қостанайда «Өз өлкеңді таны!» облыстық ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2008 – Астанада «Қазақ тілінің жанашыры» құрметті белгісімен марапатталды.

2008 – «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына енді.

2008 – «Мемлекеттік органдар ақпараттық жұмысының тиімділігін арттыру формалары мен әдістері» республикалық семинарында баяндама жасады.

2008 – Астанада республикалық ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсында «ҚР мерекелік даталарына арналған қойылымдардың сценарийі» номинациясында бірінші жүлдеге ие болды.

2008 – Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Алашорда» ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады.

2008 – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің Өнер басқармасы жариялаған қоғамдық-маңызды көркем шығармаларды жасауға арналған мемлекеттік конкурсында грантқа ие болды.

2008 – Қостанайда «Ел мен ұрпақ тағдырындағы уақыт сабақтастығы» педагогикалық оқуларында баяндама жасады.

2009 – Қостанай ауданында Маңдай батырдың есімі аудандық мешітке берілуіне байланысты жиында баяндама жасады.

2009 – Алматыда халықаралық “Дарабоз” бәйгесінің ынталандыру сыйлығына ие болды.

2009 – «Қазақтың дәстүрлі сот жүйесі және қазіргі заман» ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады.

2009 – ҚР тілдері күні мерекесі қарсаңында Қостанай облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2009 – Семей педагогика институтында өткен «Ер Жәнібек – ұлт батыры» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, сөз сөйледі.

2009 – Қостанай ауданында өткен Нұржан Наушабайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады.

2010 – Түркияда Анкара және Стамбул қалаларында өткен «Диалог–Еуразия» платформасының кездесулеріне қатысты.



Каталог: uploads -> doc -> 0924
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0924 -> Макажанова Динара Тлеуовна Күні: 20. 01. 2015жыл. Уақыты: 10 20 -11 05 3 сабақ
0924 -> Сабақ Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда халықтар Ассамблеясы тақырыбына шолу жасау, оның маңыздылығына тоқталу
0924 -> Сабақ тақырыбы: Сүтті мастика дайындау. Сабақ мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет