Ақын туралы лебіздер



бет7/7
Дата05.11.2016
өлшемі0,92 Mb.
#953
1   2   3   4   5   6   7

Өмірбаян
Белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет Қостанай облысының Жітіқара ауданында Желқуар ауылында (Забеловка селосы) 1951 жылы 17 маусымда туған. Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеді. 1968 жылы оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының орынбасары, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта ҚМУ Медиа-орталығының директоры.

Қазақтардың бірінші және үшінші дүниежүзілік құрылтайының, Қазақстан халықтарының республикалық форумының делегаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болған. Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты.

СССР жазушылар одағына 1983 жылы қабылданған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. «Ана тілі» газетінің лауреаты. «Дала қоңырауы» газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және редакторы болды. Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұқар жырауға, Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық мүшайралардың жеңімпазы. 2007 және 2008 жылдары өткен “Астана-Бәйтерек» республикалық ұлттық конкурсының жеңімпазы. 2008 және 2009 жылдары өткен «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері.

Тұңғыш жинағы 1977 жылы жарық көрді. Республика баспаларынан 25 кітабы басылып шыққан. Солардың ішінде «Гүл мен бидай», «Шынар», «Күлімдейді күніміз», «Біздің бақшада», «Әдемі», «Аяз және Қыдыр», “Бағдаршам” атты кітаптары балаларға арналған. Автордың өлеңдері орыс және шет ел тілдеріне аударылған.

«Есте қалар ел тарихы», «Ел есіндегі есімдер», «Тыңда туған», «Пирамида», «Көзімді ашып-көргенім», «Жұлдызды дәуір», «Жер-бесік», «Мөлдір бұлақ» деп аталатын прозалық, өлеңдер және поэмалар жинақтары оқырмандардың ықыласына бөленді. Драматургия саласында да қалам тербеп келеді. Ақсұлу Орысбайқызына арналған «Ақсұлу» тарихи драмасы Қазақ радиосының алтын қорына қабылданған. «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке», «Таза бұлақ» пьесаларының авторы.



Биография
Известный казахский писатель, журналист-публицист, поэт, драматург, переводчик Акылбек Кожаулы Шаяхмет родился 17 июня 1951 года в селе Забеловка Житикаринского района Костанайской области.

Учился в казахской школе. Окончив среднюю школу, рабо­тал чабаном в совхозе "Шевченковский". В 1968 году его при­глашают на работу в Аулиеколъскую районную газету. Позже работал корректором, корреспондентом, заведующим отделом редакции газет "Жетысу" (Алматы) и "Костанай таны" (Костанай). Закончил факультет журналистики Каз ГУ и Мос­ковский Литературный институт. С 1982 года редактор Костанайской телерадиокомпании. C 1986 г. литературный кон­сультант Союза писателей Казахстана по Костанайской и Торгаиской областям, председатель прав­ления Костанайской областной организации международного общества «Казак mили». В 1994 г. назначен заместителем начальника Костанайского областного управления по языкам. В дальнейшем за­нимает ответственные должности в государственных струк­турах. Работал заместителем председателя областного ко­митета по национальной политике, заместителем начальни­ка областного управления культуры, заме­стителем директора областного департамента образования, директором Института казахской и русской филологии КГУ имени Ахмета Байтурсынова, деканом факультета журналистики, директором Медиа-центра КГУ.

Акылбек Шаяхмет член Союза писателей СССР с 1983 года. Член правления Союза писателей Казахстана. Был делегатом Всемирного 1-го и 3-го курултая казахов, республиканского форума народов Казахстана, членом Ас­самблей народов РК. Лауреат премии Костанайской молодежной организации, Всесоюзного фестиваля самодеятельного твор­чества, победитель республиканских поэтических состязаний (мушайры) посвященных Бухару жырау, Беимбету Майлину, Нуржану Наушабайулы, лауреат премии газеты "Ана тили". Победитель республиканских конкурсов «Астана-Байтерек» (2007 и 2008 г.)

Был первым редактором и учредителем газеты "Дала конырауы". Является членом редколлегии журнала "Сарыарка" (Астана), альманаха "Азия-Транзит"(Караганда), журнала «Жас оркен-Костанай» (Костанай).

Первая книга стихов увидела свет в 1977 г. Автор 25 книг, среди которых широкоизвестные книги "Пирамида ", "Моя ­ ор­бита", «Земля-колыбель».

Плодотворно работает и в жанре драматургии. Драмати­ческая поэма "Аксулу", посвященная акыну-импровизатору Аксулу Орысбайкызы принята в золотой фонд Казахского радио. Перу драматурга также принадлежит пьеса "Благодарность и проклятие или Свет и Тень" посвященная Ахмету Байтурсынову и пьесы "Чистый родник ". Его перу принадлежит пьесы, посвященные празднованию Наурыза. Автор книг для детей дошкольного возраста. Некоторые произведения из них включены в учебники.

Поэт на казахский язык переводил стихи Расула Гамзатова, Якуба Коласа, Ивана Драча, Арсентия Тарковского, поэтов Северного Кавказа. Выпустил документальную повесть о жизни общественного деятеля Елдеса Омарулы. Издал книгу поэта Нуржана Наушабайулы "Алаш ".

А.К.Шаяхмет – кандидат филологических наук. Защитил диссертацию на тему «Типологическая последовательность поэтического и ораторского мастерства (на примерах Костанайского региона)». Она посвящена одной из актуальных проблем современного литературоведения. В диссертации, наряду с жанрово художественными особенностями творчества акынов, ораторов-биев широко рассматриваются перспективы его развития.

Akylbek Kozhauly Shayakhmet

The famous kazakh writer, journalist and wrier of political essays, poet, playwright, translator Akylbek Kozhauly Shayakhmet was born on 17 of June in 1951 in Zabelovka village of Zhitikarinskoe region of Kostanay oblast.



He studied in kazakh school. Having finished the secondary school he worked as a chaban in “Shevchenkovskiy” sovkhoz. In 1968 he was invited to work in Auliekol regional newspaper. Later he worked as a corrector, correspondent, manager of editorial staff department of “Zhetysu” newspaper (Almaty) and “Kostanay tany” (Kostanay). He graduated from the faculty of journalism of KazGU and Moscow Literature Institute. Since 1982 he has been an editor of Kostanay Television and Radio Company. Since 1986 he has been literature consultant of Writers’ Union of Kazakhstan on Kostanay and Torgay oblasts, the chairman of the board of Kostanay regional international society “Kazakh tyly”. In 1994 he was appointed as the vice-chief of Kostanay regional department on languages. Further he held responsible posts in governmental structures. He worked as a vice – chairman of regional committee on national policy, vice-chief of department of culture, vice-director of regional department of culture, director of Institute of Kazakh and Russian philology of KSU named after Akhmet Baitursynov, dean of faculty of journalism, director of Media-centre of KSU.

Akylbek Shayakhmet has been a member of Writers’ Union of USSR since 1983. He is a member of Kazakhstan Writers’ Union. He was the delegate of I and III World Kurultay of the Kazakhs, republican forum of nations of Kazakhstan, member of Assembly of nations of the Republic of Kazakhstan. He is a laureate of Kostanay youth organization, national festival of amateur creativity, a winner of republican poetic competitions (mushairy) devoted to Bukhary Zhyrau, Beimbet Mailin, Nurzhan Naushabaiuly, laureate of price of “Ana tyly” newspaper. In 2007 he won the republican competition “Astana - Baiterek”.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет