Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар



бет103/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ

Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар


Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы,ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Республикада экологиялық жағдай да қолайсыз: 630 мыңнан астам шаршы км. алаң экологиялық қолайсыз жағдайға жатады, 800-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындар санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. 
Деректер Қазақстан Республикасында медициналық-демографиялық және экологиялық жағдайдың қолайсыздығы туралы дәлелдейді, бұл халықтың денсаулығын көтеру жөнінде Үкімет деңгейінде жедел шаралар қабылдауды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет