«Саламатты өмір салты» түсінігі, әлеуметтік-педагогикалық негіздері. Кез келген қоғамда және кез келген әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайда балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы өте маңызды проблема болып табылады. Денсаулық саламатты өмір салтымен анықталады. Педагогикалық жүйе үшін шамаға лайықтысы - оқушылардың бойында саламатты өмір салтына ұмтылысты қалыптастыру. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеттері қатарында «адамгершілік пен саламатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру» мәселесі көзделген.
Валеологияның негізін салушылардың бірі Т.Ф.Акбашев «денсаулық - адамның өмірлік күш-қуаты қорының сипаттамасы» деген болатын. Оны табиғат береді және адамның оны пайдалануы немесе пайдаланбауы мүмкін .
«Денсаулық» ұғымын анықтау барысында оның нормасы туралы мәселе туындайды. «Норма» ұғымының өзі пікірталас тудырады. Үлкен медициналық энциклопедияда бұл феномен адам ағзасы тепе-теңдігінің, оның жекелеген органдары мен функцияларының сыртқы орта жағдайындағы шартты белгісі ретінде онда денсаулық ағза мен оның өмір сүретін ортасының тепе-теңдігі ретінде, ал ауру сол ортамен тепе-теңдіктің бұзылуы ретінде айқындалады.
Қазіргі таңда денсаулықтың бірнеше компонентін (түрлерін) бөліп көрсетуге болады:
Соматикалық денсаулық - адам ағзасындағы органдар мен жүйелердің ағымдағы күйі. Оның негізін жеке дара дамудың биологиялық бағдарламасы құрайды.
Физикалық денсаулық – ағза органдары мен жүйелерінің өсу және даму деңгейі.Оның негізін бейімделуші реакцияларды қамтамасыз ететін морфофизиологиялық және функционалдық резервтер құрайды.
Психикалық денсаулық психикалық саланың жай-күйі. Оның негізін қалыпты мінез-құлықтық реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани үйлесім құрайды. Мұндай күй биологиялық қажеттіліктермен қатар әлеуметтік қажеттіліктерге де байланысты.
Адамгершілік денсаулық өмір әрекетінің саласы мотивациялық және қажетті ақпараттық сипаттамасының кешені. Оның негізін индивидтің қоғамдағы мінез- құлқының құндылықтар жүйесі, бағдарлары мен мотивтері айқындайды.
Денсаулықтың белгілері мыналар:
- залал келтіруші факторлардың әрекетіне арнайы (имунды) және арнайы емес тұрақтылық;
- өсу мен дамудың көрсеткіштері;
- ағзаның функционалдық күйі және резервтік мүмкіндіктері;
- моральдық еріктік және құндылық-мотивациялық бағдарлардың деңгейі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қорытындысы бойынша егер денсаулық деңгейін 100% деп қабылдасақ, онда денсаулық жай-күйінің 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің әрекетіне, 20%-ы - тұқым қуалаушылық факторларына, 20%-ы - қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Қалған 50%- ы адамның өзіне, оның өмір салтына байланысты.
Ағзаның гигиенасы: жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, алғашқы көмек дағдыларын меңгеру, шынығу.
Бүгінгі таңда «саламатты өмір салты» ұғымы оқу, еңбек, әлеуметтік және биологиялық функцияларды толыққанды орындауға ықпал ететін адамның белсенді өмірлік әрекетінің формалары мен әдістерінің жиынтығын білдіреді. Бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтының негізгі мазмұнын оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шаралары құрайды.
Саламатты өмір салты – физикалық және психикалық денсаулықты сақтауға және нығайтуға, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге апаратын ерік-жігердің көрінуін, әрекет пен мінез-құлықты түсінуді талап ететін адамның белсенді жағдайы.
Саламатты өмір салты – белгілі бір индивидуумның өз денсаулығын жақсарту аурудың алдын алу және өмір сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін жұмысы.
Саламатты өмір салтының көмегімен адам өз өмірін ұзартады және өзінің әлеуметтік функцияларын толыққанды орындайды.
Жеке бас гигиенасы, ең алдымен, теріні таза ұстаудан тұрады.
Шынығу – ағзаның қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына – температураға, ылғалдылыққа, қысымға-бейімделуі, шынығудың ең тиімді жолдары суық сумен ысқылау, жазда таза ауамен үйлесімде күн ваннасын қабылдау, суық суға шомылу.
Дене жаттығуларына жүгіру, спорттық жүру, жүзу, би жатады.
Саламатты өмір салтының маңызды компоненттерінің бірі - зиянды әдеттерден бас тарту.
Темекі шегу ішімдік ішу адам ағзасына жағымсыз әсер етеді.
Саламатты өмір салтының биологиялық және әлеуметтік принциптерін бөліп көрсетуге болады. Биологиялық принциптер былайша сипатталады: өмір салты жас ерекшелігіне сүйенуі тиіс, энергетикалық қамтамасыз етілген шынықтырушы, ритмитикалық болуы тиіс.