Шарттыжәне шартсыз рефлекс Павлов өзінің алғашқы экспериментальдық жұмыстарында-ақ организмдегі жүріп жатқан процестердің реттеуші механизмін зерттеуге тырысты. Ол тұтас, дені сау зақымданбаған организмнің сілекей бездерінің қызметін ұзақ уақыт зерттеуге мүмкіндік беретін фистула әдісін ұсынды. Бұл әдісті қолданғанда организмдегі түрлі органдардың бір-біріне әсерін және сыртқы ортаның әсерін ескеруге толық мүмкіндік бар. Сыртқы орта жағдайлары тұрақты болғанда сілекей бездерінің жұмыстары да стеоротипті, сонымен қатар ол тітіркендіргіштің күші мен сипатына да байланысты болады және орта әсерінен оңай өзгереді. Бұрын дәмі белгілі тамақтың түрі мен иісі емес, басқа, онымен бір байланысы бар тітіркендіргіштер де, мысалы малды бағып асырайтын қызметшінің көрінуі де сілекейдің рефлекторлық бөлінуін тудырады. Сондай-ақ егер итті тамақтандыру үнемі бір түтіктің дыбыс шығаруымен қабаттастырылып отырса, ол тамақтың сигналына (шартты тітіркендіргішке) айналып, рефлекс тудырады. Осындай құбылыстарды ұзақ уақыт бақылау арқылы Павлов оларды ми сыңарлары (жарты шарлар) қыртысының физиологиялық жұмысының нәтижесі (шартты рефлекстер) деп қарап, жоғары нерв әрекетін эксперименттік зерттеудің объективтік әдісін тапты. Павловтың негізгі сүйенген қағидасы – жоғары нерв әрекетінің рефлекторлық сипатын мойындау болды. Павлов жоғары нерв әрекетінің негізгі заңдылықтарын сілекей бездерінің шартты рефлекторлық реакцияларын бақылап-зерттеп, талдаудан шығарды. Себебі, оның айтуынша, сілекей бездері шартты рефлексті зерттеудің өте ыңғайлы объектісі (нысаны). Бездің өзегін сыртқа шығару арқылы оның қызметінің сипатын және дәрежесін көзбен көріп, тіркеп отыруға болады. Сондай-ақ мұнымен қатар организмнің қалыпты тіршілік әрекеті бұзылмайды. Сілекей ауызға басқа бездер арқылы құйыла береді.
Шартты рефлекстер әдісі тек сілекей бөлінуді зерттеумен ғана байланысты емес. Павловтың және оның көптеген шәкірттерінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде шартты рефлекстің кез келген шартсыз рефлекстік реакциясының негізінде де жасалатыны көрсетілді. Мысалы, түтіктің дыбысын электр тогының аяқ терісіне өтетін әсрімен қабаттастыра, ол ауыртатын тітіркендірудің сигналы (шартты тітіркендіргіш) бола алады. Түрліше шартсыз рефлекстер негізінде шартты рефлекс жасаған соң, осы байқалып отырған құбылыстарды жануарлар психикасын, оның ішкі көңіл-сезімін, талдау арқылы түсінуге бола ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Павлов теріс жауап береді. Ол жануарлардың жоғары нерв әрекетін зерттеу үшін объективтік әдісті пайдаланды. Павловтың шартты рефллекстер туралы ілімінің тек физиология үшін емес, сонымен қатар бүкіл ғылым үшін, оның ішінде философия, психология, педагогика үшін де маңызы бар. Себебі, ол сана сияқты продуктысы бар өте жоғары, ерекше ұйымдасқан материяда болып жатқан процестердің механизмін анықтап, түсіндіреді. Уақытпен шыңдалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шыңдалып отыр. Жаңа зерттеулер әдістері пайда болысымен – ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмідері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Шартсыз рефлекс-жүйке жүйесінің туа біткен түрлік әсерленісі.Организм іс-әрекетінің осы көрінісіне сәйкес, ол барабар тітіркену әсеріне жауап ретінде тұрақты рефлекстік жолдар пайда болады.
Шартты рефлекс-жеке тіршілік кезінде жүйке жүйесінің иемденген әсерленісі.Ол лайықты рецептор аппараты арқылы, кез-келген сигналдық тітіркенудің әсеріне жауап ретінде,тұрақсыз және өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады.
Сонымен , жоғары жүйке іс-әрекеті орталық жүйке жүйесінің адаммен жануарлардың мінездік әсерленістерін қамтамасыз ететін процестерінің жиынтығы. Бұл процестер дене құрылысы күрделі жануарлар адам мінезінің сыртқы ортадағы үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды. Олар икемделудің туа біткен және жүре пайда болған түрлерінен тұрады.