Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет26/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиардтай нерв клеткалары бар, яғни жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сыңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы және артқы сайларды орталық немесе Роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орналасқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артында төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігің маңдай бөлігінен бөліп тұратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бүл аталған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.
Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе ми қыртысы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қапталған нерв клеткаларының аксондарынан түрады.
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрондардан 10 есе артық болады.
Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты-шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады: .
1 Организмнің сыртқы ортамен баиланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы ақыл-ойы - бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2. Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Бүдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырмашылығы анықталған болатын. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бұылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қатысы барлығы байқалды.
Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, ал сол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет