Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы



бет101/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, қалыптасады. Соңғы жылдары бала дамуын диагностикалау, топтық дамыту бағдарламалары мен әдістері Қазақстандағы психология ғылымының жетістіктеріне сәйкес қарқынды дамып отыр.
«Психологиялық денсаулық» ұғымын ғылымға енгізген белгілі ресейлік ғалым И.В. Дубровина, оған қатысты екіжақты түсінік сақталады: біріншіден, балалардың психологиялық денсаулығы білім беру жүйесіндегі психологтардың кәсіби шеберлігі, психологиялық қызметтің тиімділігін көрсететін көрсеткіш; екіншіден, психологиялық денсаулықтың ғылыми анықтамасы әлі де толық нақтыланбаған.
Осыған орай, адамның психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық негізін зерттеу, жас кезеңдеріне байланысты жасөспірім жасындағы балалардың психологиялық денсаулығы ерекшеліктерін қамтамасыз ету амалдарын анықтау - практикалық психологиялық қызмет үшін маңызды мәселе болып табылады.
Денсаулық - психология, психотерапия, психиатриядағы негізгі қарастырылатын мәселелердің бірі. Денсаулық ұғымы ерте кезден көптеген ғалымдардың зейінін аударған, ал біздің заманымызда 3. Фрейд, А. Адлер, А. Маслоу, П.Б. Ганнушкин, А.Е. Личко, Б.С. Братусь еңбектерінде зерттелген. Денсаулық норма мен патология, саулық пен науқас қалыптарын салыстырмалы анықтауда шешуші көрсеткіш ретінде алынады. «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігіндегі» Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСУ) анықтамасы бойынша, денсаулық - физикалық ауытқулар мен аурудың жоқтығын ғана білдірмейді, сонымен қатар, толық физикалық, рухани, психикалық және әлеуметтік жетістік, сәттілік қалпы.
Адамның өзіндік санасы, өзіндік бағасы денсаулықтың бейнесінің қалыптасуында елеулі рөл атқарады. Адамның өзі сезетін қалпы оның денсаулығының ішкі бейнесіне сәйкес келмесе, ол өзін ауру сезінеді. Психикалық денсаулық - соматикалық аурулар, физиологиялық дамудағы ауытқулармен қатар, психикаға әсер ететін, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әртүрлі жағымсыз факторлар және стрестермен байланысты, адамның толық физикалық, эмоционалды, саналы дамуына негіз болатын қалып.
Психикалық денсаулығы қалыпты адам өзін және өзінің басқалармен қатынасын шынайы қабылдауға талпынады, сезімдерге ашық, олардан қорғанбайды, өз қылықтары үшін жауапкершілікті алады. Өмір сүру ортасының жағдайлары өзгергенде бейімделу реакциясы болып стресс орын алады. В.А.Сухомлинский педагогикалық қоғамның зейінін баланың үйлесімді дамуына байланысты екендігіне ерекше аударған. Жеке адамның психологиялық қасиеттері қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс орын алмайды. Психикалық денсаулыққа әртүрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, отбасы, достарымен, туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, басқа ұйымдарға қатысы. Бұл әсерлердің нәтижесі жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Тек психикасы сау адамдар әлеуметтік жүйеде белсенді атсалысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет