Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дәріс 3. Тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы



бет20/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Дәріс 3.
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы
Жоспары:
1.Жүйке жүйесінің құрылысы, маңызы, дамуы
2. Нейронның құрылысы мен қсиеттері
3.Синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың берілу механизмдері
4. Рефлекс - жүйке әрекетінің негізі
5. Ми қыртысындағы ирродация ,индукция және доминанта


Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы
Жүйке – жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron – сіңір, желі) — ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Түйіндердегі жүйке талшықтары өзара бір-бірімен ғана байланысып қоймай, тиісті рецепторлар және орындаушы органдармен (бұлшық ет, бездер) де байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, ол сезім органдарымен байланыста болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене түседі. Омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары, негізінен, орталық жүйке жүйесінен (жұлын мен мидан) тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы – эктодермадан (алғашқыда жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, одан әрі бір-бірімен жақындаса келіп түтікке айналады. Жүйке түтігінің бас жағы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Жүйке жүйесінің қалған бөлігінен жұлын жетіледі. Балықтардың алдыңғы миы жіктелмеген, бірақ артқы, ортаңғы миы және мишығы жақсы жетілген. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларда алдыңғы ми көпіршіктерінен аралық ми және екі ми жартышарының алғашқы қабы дамыған. Құстарда орталық, аралық ми және мишық айқын дамыған, ал ми қыртысы нашар жіктелген. Жоғары сатыдағы жануарлардың жүйке жүйесі дами келе жіктеліп, орталық жүйке жүйесі және перифериялық (шеткі) жүйке жүйесіне бөлінеді. Шеткі жүйке жүйесі – соматикалық жүйке жүйесінен және вегетативтік жүйке жүйесінен тұрады. Жүйке жүйесінің ең жоғары сатыдағы дамыған түрі адамдарда болады. Эмбриогенез кезінде жүйке түтігінің бас жағы 5 көпіршікке бөлінеді. Бұлардың алдыңғысынан үлкен ми сыңарлары мен аралық ми, ортаңғысынан ортаңғы ми, артқысынан варолий көпірі мен мишық және сопақша ми дамиды. Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы – жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты организмнің белгілі бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы – жүйке орталығы болады. Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет