Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытындағы физиологиялық ерекшеліктер, акселерация



бет9/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытындағы физиологиялық ерекшеліктер, акселерация
Адам өмірінде өсу мен даму бірде жылдамдап бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың Г е т е р о х р о н д ы л ы ғ ы деп атайды. (Гетерос-әртүрлі, хронос- уақыт) Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты.
1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналармен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың а к с е л е р а ц и я с ы деп атайды.
Яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орташа көрсеткіштерімен салыстырады. Мысалы, 1979 жылғы Ресейдегі Мәскеулік 12 жасар ер балалардың бойы 1930 жылдағыдан 11 см, салмағы 10кг артық болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет