«Мәһди менен, ашық маңдайлы, бүркіт мұрынды. Жер бетін (өзінен бұрын)
зұлымдыққа қалай толған болса, солай әділдікке толтырады. Жеті жыл билік жүргізеді» , – деген
1
.
Ол шығыс жақтан шығады.
Саубан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Үш (адам)
қазыналарың 2 үшін қырылысады. Үшеуі де, халифаның ұлдары. (Бірақ)
кейіннен олардың ешқайсысына нәсіп етпейді. Сосын шығыс жақтан қара байрақтар көрінеді. Олар сендермен ешкім соғыспағандай соғысады... Егер оны көрсеңдер, қар үстінде еңбектеп келсеңдер де, ант беріңдер. Себебі ол – Аллаһтың халифасы Мәһди» , – деп айтқан
3
.
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Менің ақырғы үмбетімнен Мәһди шығады. (Оның кезінде)
Аллаһ жаңбыр жаудырады, жер өнімін шығарады. Мал-дүние тең беріледі, мал көбейеді және