127
I белгі: Мәсих Дәжжал
а) «Дәжжал» сөзінің мағынасы
«Дәжжал» сөзі – өтірікші, алдампаз деген мағынаны білдіреді.
Адамзат тарихындағы ең үлкен өтірікші осы Дәжжал
болғандықтан, ол бұл есіммен аталған. Сондай-ақ оның Мәсих
Дәжжал деген де аты бар. Ибн Әсир: «Оның «Мәсих» деп аталуы
– көзінің сипалып, жабылып қалғандығынан, ал «Дәжжал» деп
аталуы оның жалғаншы болғандығынан», – деген. Ал Исаның
(аләйһис-сәләм) «Мәсих» деп аталуына келсек, ол адамдарды
сипап, ауруларын жазатын.
Достарыңызбен бөлісу: