«Шын мәнінде, Аллаһ тағаланың бір көзі соқыр емес. Мәсих Дәжжал болса оң көзі соқыр. Көзі солған жүзім сияқты» , – деген
3
.
Ән-Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Дәжжалды сипаттап:
«Ол – көзі солған, шашы өте бұйра жігіт. Оны Абдул-Узза ибн Қутнға ұқсатамын» , – деген
4
.
Убада ибн Самит (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Мәсих Дәжжал ер кісі, қысқа бойлы, сұсты, бұйра шашты, бір көзі соқыр, көзі жабылып қалған, (ол көзі)
кіріп те кетпеген, шығып та тұрған жоқ. Егер (оны құдай деп)
шатасатын болсаңдар, біліп қойыңдар: Раббыларыңның бір көзі соқыр емес» , – деген
5
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):