оған: «Көсіп ал!» – дейді. Ол иемденіп, алып болған соң: «Мұхаммед үмбетінің ең нәпсісі сараңы болдым, оларға жеткен маған жетпеді ме?» – деп өкініп, қайтарып берсе, одан қайтып алынбайды. Оған: «Біз берген нәрсемізді қайтып алмаймыз!» – делінеді. Жеті-сегіз яки тоғыз жыл осылай болады. Одан кейінгі өмірде қайыр жоқ!» – деген
1
.
Әли (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Мәһди – бізден, пайғамбар әулетінен. Аллаһ оны бір түнде оңдайды» , – деп айтқан
2
.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.):
«Аллаһ оны бір түнде оңдайды»
деген сөзін Ибн Кәсир (Аллаһ оған рақым етсін): «Оның тәубесін
қабыл етіп, тура жолға салады. Өйткені ол мұның алдында ондай
емес еді», – деп түсіндірген.