: «Жоқ!» – дейді.
Сөйтіп, өлтіріп, қайта тірілтеді. Сол кезде
(әлгі кісі)
:
«Аллаһпен ант етейін! Бүгін сен туралы білгенім арта
түсті!» – дейді. Дәжжал оны қайта өлтірмекші болғанымен,
шамасы келмейді»
, – деген
2
.
Сонымен қатар Аллаһ тағала Дәжжалға адамдар арасында
ылаң салуы үшін шайтандармен сыбайластық мүмкіндігін берген.
Әбу Умәма әл-Бәһили (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте:
«...Дәжжалдың фитнасының бірі – ол бір бәдәуиге:
«Егер әке-шешеңді тірілтсем, менің Раббың екеніме сенесің
бе?» – дейді.
(Әлгі кісі)
: «Иә», – деп жауап берсе, оның әке-
шешесінің бейнесіне кірген екі шайтан оған келіп:
«Балақайым, оған ілес! Расында, ол – сенің Раббың!» – деп
айтады»
, – деген
3
.
Осындай себептермен адамдар топ-топ болып оның соңынан
ереді. Ел арасына іріткі сала жүріп, Дәжжал ең соңында
Мәдинаға кіруге әрекет жасайды. Мәдина халқы толқып,
Дәжжалға қосылу үшін ондағы кәпірлер мен мұнафиқтардың
жетпіс мыңы қаладан шығып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |