21
«Сондай-ақ олардың барлығы Қиямет күні Оған жеке-жеке
келеді»
1
, – деген.
Сонымен қатар адам баласы тек өз басының күнәларына ғана
жауап беретіндігі жайлы Құран Кәрімнің «Нәжм» сүресінде
Аллаһ тағала:
«Ешбір күнәкар басқаның күнәсін көтермейді.
Адамзат үшін өз амалы ғана
(пайда береді)
. Сөз жоқ,
амалы
(ның нәтижесі)
таяу арада көрінеді. Содан соң оған
(амалының)
есесі толық беріледі»
2
, – дейді.
Сондай-ақ Аллаһ тағала Өзіне иман келтірмегендер мен
мүшріктерге әзірлеген тозақ отынан әр мұсылман өзін және
жақындарын сақтандыруды ескертіп:
Достарыңызбен бөлісу: