«Қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ. Сөзсіз, Аллаһ әр нәрсеге Құдіретті» 1 , – деп
айтылғанындай, Аллаһ тағала Қияметті қас қағым сәтте-ақ алып
келуге және жаратқан пенделерін жинап, амалдарының есебін
әділетпен айыруға толығымен құдіретті. Аллаһ тағала Өзінің
аяттарында:
«Адам баласы Біз сүйектерін жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине, Біз оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасауға Құдіреттіміз» 2 , – деген.
Осы аятта меңзелгендей, қайсыбір адам болсын оның
саусақтарының ізіне ешбір жанның саусақ ізі сәйкес келмейді,
тіпті олар егіздер болса да. Бұдан асқан қандай құдірет болуы
мүмкін?! Аллаһ тағала:
«Міне, (бұл құдыреттер Иесі)
– Аллаһ хақ. Расында, Ол өліктерді тірілтеді және Оның әр нәрсеге құдіреті жетеді. Сондай-ақ Қиямет күдіксіз келеді. Онда (яғни