Егер Маған серік қоспай жер беті толы күнәмен жолықсаң да, Мен сені сонша кешіріммен қарсы аламын» , – деген
1
.
Сонымен қатар Құран оқыған адам оның әр әрпіне он есе
сауап алатыны туралы хадистер келген. Сол сияқты парыз
намаздардан кейін және ұйқыға жатар алдында тәсбих
(«субханаллаһ» деген сөз), тахмид («әлхамду лилләһ» деген сөз)
және тәкбир («Аллаһу әкбар» деген сөз) айтқан пендеге де
оларды әр айтқаны үшін он есе сауап бар. Тағы басқа хадисте бес
уақыт намаздың да он есе болып жазылатыны айтылған.
Ал кейбір амалдар одан да көп еселеніп жазылады. Кімде-кім
Аллаһ жолында малын сарп етсе, жеті жүз есеге дейін немесе
одан да көп есеге көбейеді. Бұл жайында Аллаһ тағала:
«Аллаһ