жолында мал-мүлкін сарп қылғандар жеті сабақ шығарған,
әр сабағында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Аллаһ
қалаған пендесіне
(сауабын)
еселеп қайтарады. Аллаһ Кең,
бәрін Білуші»
2
, – деген.
Сондай-ақ келесі бір амалдар есепсіз еселенеді: мысалы, ораза.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Адам баласының барлық амалы өзі үшін.
Адам баласының әрбір ізгі амалы дәл сондай
(яғни сол
амалындай)
оннан жеті жүзге дейін немесе одан да көп есеге
көбейеді. Ал ораза бұдан тысқары. Аллаһ тағала: «Расында, ол
Мен үшін! Оның сыйын Өзім беремін!» – деп айтады»
, –
деген
3
.
Оразаға есепсіз сауап берілудің мәнісі – оның сабырлылық
ұғымын толық қамтығандығынан болса керек. Ал сабыр етушілер
болса есепсіз сауап алады. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: |