түгендепті», – дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын күйінде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды» 1 , –
деген.
Төртінші қағида: Сауаптар еселеніп, күнәлар сол күйінше
қалады
Сол күні Аллаһ тағала Өзінің пенделеріне деген жалпы
мархабаты ретінде, олардың ізгі амалдары еселеніп арттырылады,
ал жаман амалдары еселенбей, сол күйінше қалады. Пенденің
жақсы амалдарын асырып, жаман амалдарын сол күйінде
қалдыру – Жаратушының бізге деген теңдессіз кеңшілігі мен
жомарттығынан туған игілік. Ол жайлы Аллаһ тағала: