«Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне, Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ – өте Кешірімшіл, аса Рақымды» 2 , – деген.
Бесінші қағида: Пенденің істеген әрбір ісіне куә, айғақ
келтіру
Куәлардың ең ұлысы – пенделерінің ешқандай жағдайы
назарынан тыс қалмайтын Аллаһ тағаланың Өзі. Алайда адам
баласына еш үзір қалмау үшін Аллаһ тағала періштелерді және әр
үмбеттің пайғамбарларын өз үмбетіне куә қылады. Аллаһ тағала:
«Қандай да бір іспен шұғылдансаңдар да, одан (яғни
Құраннан)
бір аят оқысаңдар да, қандай да бір іс қылсаңдар – Біз сендерге осыған кіріскен сәтте Куә боламыз. Жердегі және көктегі тозаң түйірінің салмағындай нәрсе әрі одан кіші не үлкені Раббыңнан жасырын қалмайды. (Оның барлығы да)