рухтың не екенін сұраңдар», – дейді. Надр мен Уқба
құрайыштарға келіп: «Ей, құрайыш қауымы! Біз сендерге өздерің
мен Мұхаммедтің арасына төрелік ететін нәрсе алып келдік.
Яһудилердің дінбасылары бізге одан бір нәрселер жайлы
сұрауымызды тапсырды», – деп, дінбасылардың айтқандарын
айтып берді. Сөйтіп, барлығы Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Ей,
Мұхаммед! Бізге хабар бер», – деп (яһуди дінбасыларының)
тапсырғандарын сұрайды.
Осы кезде Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) Аллаһ тағаладан Кәһф
(үңгір) иелері жайындағы сүрені әкеледі. Онда (құрайыштар)
сұраған жас жігіттердің жай-жапсары мен (жер бетін) шарлаған
кісінің хабары бар еді және: