38
көріп тұрмын, бірақ оған шыға алмаймын», – дегенде, соқыр:
«Бері кел! Менің үстіме шық!» – дейді. Соқыр келіп мүгедекті
көтеріп, екеуі жемістерді жинайды. Періште
(рух пен тәнге
осы мысалды айтып)
: «Енді екеуінің қайсысы жазалану керек?» –
деп сұрағанда, олар: «Екеуі де», – деп жауап береді. Періште
оларға: «Сендер өздеріңе үкім шығардыңдар!» – дейді. Яғни тән
рухқа көлік сияқты»
, – деген сөздер риуаят етілген.
Біздің бұдан ұғарымыз, адам рух пен тәннің бірлестігінен
тұрады. Адам баласының ісіне ол екеуі бірдей атсалысады.
Демек, мәселе кейбіреулер айтып жүргендей, адамның істеген
істері үшін ол екеуінің біреуі ғана жауап береді емес, керісінше,
екеуі де (яғни рух та, тән де) бірдей жазаланады немесе нығметке
бөленеді.
Достарыңызбен бөлісу: