Аңызға айналған, тылсымға толы Ақмешіт әулие үңгірі



Дата13.01.2022
өлшемі18,52 Kb.
#111734
Байланысты:
Мақала Мененбай Аида


Аңызға айналған, тылсымға толы Ақмешіт әулие үңгірі.
Қазақстанның киелі жерлерінің ертеден келе жатқан тарихы бар.

Бұл тарихи және археологиялық ғылымға енген киелі нысандармен қатар, діни ескерткіштер мен қасиетті жерлер яғни ерекше көз тартар жаңалары да пайда болып жатыр.

Қазақстанның киелі нысандарын анықтау мәселесінің өзектілігі сонда, ғалымдар қазіргі кезде еліміз бойынша касиетті жерлерді жүйелеу жұмыстарымен тиянақты түрде айналысуда. Мұндай жүйелеуден соң тарихи-мәдени мұра саласында ауқымды жаңалықтар,зерттеулер жалғасуда.Яғни белгілі бір өлшемдер негізінде киелі жерлерді жүйелеу табиғи және басқа да киелі мекендердің тарихи-мәдени сараптама механизмін жасап шығаруға мүмкіндік туады.
Бұл киелі жерлерді қайта зерттеудің мақсаты ,қазақ халқының әлі де киелі жерлерінің барын дәлелдеу және де болашақ ұрпаққа көрсете білу.Бұл Қазақстанның өсу, гүлдену жолы десекте болады.

Аңызға айналған ерекше қасиетті ,үлкен тарихы бар Ақмешіт үңгірі.Кез келген адамның ең бірінші ойына Ақмешіт үңгірінің атауы.Алдымен шығу тарихына тоқталатын болсам,бұл үңгір туралы аңыздар жетерлік.Көп тараған,әрі ерекшесі Есіркеп Қойгелді батырға қатысты айтылған аңыз.Батырымыз өз жауынгерлерімен қалмақтарға қарсы жорыққа шыққанда кенеттен жаңбыр жауып,осы үңгірді паналаған деседі.Және осы үңгірде намаз оқыған.Сондықтан бұл үңгір киелі Ақмешіт деп аталып кетіпті.

Келесі бір аңыз-деректерде былай дейді: бұл жер жыланның ордасына айналып, айдаһар мекендеген екен. Қараша халықтың төрт түлігіне тыныштық бермесе керек. Әбден ызаланған халық Ақмешіт әулиеге келіп «ілім-біліміңнің күшімен айдаһарды байлап, матап тасташы» деген өтініш айтады. Сонда Ақмешіт әулие «айдаһарды бағындыруға күшім жетеді ғой, бірақ ұрпақсыз өтем бе?» деп қамығыпты. Кейін қара басын емес, елінің қамын күйттеп, айдаһарды ілімінің күшімен бағындырған деседі. Сол Ақмешіт әулие өмірден озарында денесін осы үңгірдің ішіне жерлеуді аманаттайды. Айтқанындай оны осында арулап көмген деген дерек айтылады.

Ақмешіт әулие үңгірі –Орталық Азия бойынша ауқымды үлкен үңгір. Ақмешіт әулие үңгірі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұзындығы 254,ені 65, биіктігі25 м. Бұл үңгірге бес мыңнан астам жауынгер мекен еткен.
Жарқабақ саңылауларынан меззгіл сайын су тамып тұрады. Ішінен қарағанда кумбез секілді көрінеді. Сәулетінде көз тоймас сұлулық бар.Адамның көзіне суретте кішкентай ғана болып көрінгенмен,дәл алдына барғанда адам сенгісіз ғажайыпты көресің.Алланың құдіреті шексізғой шіркін!

1973 жылы Мәскеуден келген геологтар үңгір метеоридтың түсуінен пайда болған деген жорамал жасаған. Тарихшылардың зерттеуінше, үңгір тастары Энеолит дәуірінде қалыптасқан әктастан тұрады. Ол Орта Азиядағы ең үлкен үңгірлердің қатарына еніпті. Ғалымдар табиғаты ерекше орынды зерттеу жұмыстарын әлі де жалғастырып келе жатыр. Айта кетерлігі, үңгірдің қай ғасырда пайда болғаны туралы әлі күнге дейін нақты дәлел жоқ.



Үңгірді ұзақтан қарасаң сондай бір көлемді үңгір бар деп ойламайсың,жақындап қарасаң көз тоймас таңғажайыпқа куә боласың.Бұл жерде менде болып көрдім. Үңгірге төмен түсетін баспалдақтар орнатылған , үңгірдің іші күмбез іспеттес. Ені 60-80, ұзындығы 120 метр. Іші қоңыр салқын. Далада +35, +40 градус ыстық болса да, іште +18-20 градустан бір өзгермейді. Үңгір ішіне күн сәулесі батыстан тек кешқұрым уақытта ғана түседі.

Бұл жерде осы үңгіге қарайтын шырақшы бар,ол өз міндеті бойынша келген туристтерді қонақтарды күтіп алып,осы үңгір туралы мәлімметтерімен бөліседі.Кеәбкр адамдар шырақшыға құран оқытады.

Айта кететін тағы бір ерекшелік Ақмешіт әулие үңгірінде көптеген жылдар бойы үкі мекен еткен.Өкінішке орай жөндеу жұмыстарынан кейін ұшып кеткен және қайта оралмаған.Үкінің жүздеген жылдар бойы жиналған сыңғырығы бар.Үңгірдің іші өте үлкен,бірақ бұл үңгір қазаіргі жағдайынан да керемет үлкен болған.  1966 жылы Ташкентте болған қатты жер сілкінісінің әсерінен үңгірдің бір бөлігі опырылып, 120 метрге қысқарып, шөгіп кеткен.

Жаңа айта кеткендей бұл үңгірге көптеген адамдар келеді.Үңгір әдемілілігімен қоса қауіптілігі де бар.Сақтық шаралары да ескерілген.Сондағы ақсақал "Келушілерге тас құлап кетпесе екен, аяқтары сүрініп қалмаса екен деп отырамын. Ол үшін арнайы бас киім де (каска) бар. Жан-жақтың бәрі жырақ, тас. Ниет етіп келушілер келгенде алдымен сақтық шараларын түсіндіремін. Кейін тарихын сұрайды. Оны айтып беремін. Кейде ақсақал деп бата сұрайтындар бар. Батамды да беремін. Осылай бірі келіп екіншісі кетіп жатады",- дейді

Ал ерекшелігіне тоқталатын болсам,адамның денсаулығына да әсер етен энергия бар . "Негізі үңгірге түскен адамның тынысы кеңейіп, ерекше күшке ие болады. Қан қысымы деп жатамыз ғой, сол қалпына келеді екен. Оны осында келіп кеткендерден естимін. Қант диабеті, тыныс жолдары ауруларына да шипа іздеп келгендерді білемін.Егер де бұл үңгірде 15 минуттан аса уақыт тұрса ,адам өзін жайлы еркін сезінеді.Бұлда бір Алланың құдіреті шығар. Ал жарты сағаттай аралаған адамның денесі жаман энергиядан толықтай тазарғаны анықталған.

Бұл арнайы зерттеу қорытындысымен дәлелденген көрінеді. Айта кетерлігі, тарихи деректерде Ақмешіт құлшылық және құрбан шалу орны болғаны айтылады. Ақмешітке келушілер саны жыл сайын артып отыр. Бірақ, олардың саны туралы нақты дерек жоқ. Тек болжам ғана. "Тарихи-табиғи мұраны қорғау және пайдалану орталығы" мекемесінің жүргізген жұмыстары бойынша, үңгірге жылына жүз мыңнан аса адам ниет етіп кетеді екен. Олардың көбі өз отандастарымыз болса, қалғаны Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен арнайы іздеп келіп, тілек тілейтіндер.

Кейбір адамдар үңгірдің қасиетіне сеніп ,үңгірдің тастарын жағалап сүйеніп,сипап жатады.Үңгірге келушілердің қатарында тіпті өсіп тұрған талға ырымдап тілек орындалады деп, байлап кетеді.



Қорыта айтсам Қазақстанда оның ішінде Түркістан облысында киелі жерлер өте көп.Бұл бізге берілген сый десекте болады.Ақмешіт әулие үңгірі өз тарихымен ,таңғажайып тылсымымен,көз тартар көркімен ерекшеленеді.Сонымен қатар адамдардың назарынан ешқашан тыс қалмайтын киелі жер.

2017 жылдың сәуірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланды. Онда халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау туралы айтқан болатын.Яғни біз киелі жерлерді зерттеп қана қоймай, әрі қарай дамытуымыз керек.Бұл біздің басты мақсатымыз болу керек. Елбасымыздың бұл сөзі біздің елге ,дерге деген сүйіспеншілігімізді арттыруы тиіс. Әрбір азамат рухани бай болу үшін өз халқының әдебиеті мен мәдениетін білуге міндетті. Сонда ғана дені – сау, рухы – биік ұрпақты тәрбиелейміз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет