Ақжан: Желтоқсан көтерілісі туралы көркем дүниелер көп деп айта алмайсыз. Бірақ ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды. Желтоқсан туралы түсірілген көркем фильмдер дегенде «Қызғыш құс» пен «Аллажар» еске түседі



бет2/2
Дата25.12.2022
өлшемі22,74 Kb.
#164356
1   2
Байланысты:
сценарий
Situatsionnyy-keys, Наурыз тәрбие сағаты (1)
Дильназ: Жынды Жұрнақ ешкімге тиіспеген де, ешқандай қауіп те төндірмеген. Қамшының сабынан айнымайтын, алайда қоңыр бұжыр арматура таяқты сол екі айқайлағанында-ақ шеңберлей майыстырып, Қамбар ата әулиенің кесенесі тұрған биіктен терең жардың түбіне қарата лақтырып кеп жіберген. Өзімен-өзі боп, өзіне-өзі сөйлеп: «Сол. Сол. Сол ғой, сол. Сол арматура... Менің басыма тиген... Алмаға тиген..Іштен тепті... Іштен тепті Алманы... Ішінен тепті... Шашы жұлынған Алматай... Арматура-а-а-а! — деп жүрді. Деді де жүрді. Деуден шаршамады.
Ақжан: Жастарым шаршы алаңда қанға батты
Батты ғой сол көрініс жанға қатты
Жаныштап, шырылдатып сұм жауыздар
Ұлтшыл деп , нашақор деп таңба тақты
Жансая: қып қызыл қанға батып жатқанда алаң
Қым қуыт қасіретке батқан далам
Кеткенде байғыздарың бас сауғалап
Қайран боздақтарым жасқанбаған
Дильназ: Жазылмай жанға батқан жараларың,
«Байтал түгіл бас қайғы» даналарың.
Қапыда кеткен, қыршын, білмедің-ау,
Адам кеп, жыртқыш болып жан
аларын.
Ақжан: Өшкенше жас ғұмырын жанбай
жатып,
Құрбан болу елі үшін қандай бақыт?!
Жастардың ерлігіне қайбіреулер
Тағында отырды ғой таңдай қағып.
Жансая: Кім өлтірді, қырған кім боздақтарды?
Сонда кімді қанды қол қорғап қалды.
Ботасынан айрылған бозінгендей,
Қанды алаңда мұңды әуен боздап қалды.
Дильназ: Сол қыршындар қан төгіп қозғап
кеткен,
Тәуелсіз күн бұл күнде маздап көктен.
Рухтарың мәңгі өлмес кеудемізде,
Боздақтарым, елім деп боздапкеткен.
Дильназ: Жынды дей алмайсың. Дегің келмес. Кесілгір тілің тартынбайды, алайда. Көке де дей алмайсың. Шіркін-ай, дейсің жанарың ашып. Тағдыр-ай, деп жас тығылар тамаққа. Жұрнақ, мынау мүсәпір халдегі жынды Жұрнақ сол Жұрнақ па, шынымен?! Сезім сорлының сенгісі келмес, сана бейшараның қабылдағысы жоқ. Сенесің де, көнесің де. Қабылдамай, қайда барарсың?! Жұрнақ Қонақбайұлы ма бұл, шынымен?! Бір кездері Мәскеудің ең мықты, маңызды оқуын тәмамдап, Текеметке келгелі жатыр екен, бірер апта демалып, одан соң Алматыдағы Алма дейтін Қазақ университетінде оқитын, қара шашты, ақша маңдай, қызыл шие ерінді әдемі қызға үйленіп, әйдік қызметке тұратын көрінеді деген Жұрнақ көке осы ма ?! Иә-иә, тек Текемет кенті мен Айқұмырсқа аулы ғана емес, Қазығұрттың төңірегі түгелдей, ауданыңыздың айналасы тұтастай таңырқай мақтан тұтатын Жұрнақ көкеңді көріп тұрсың. Таңданба. Соқыр болғыр көзіңмен. Ағып түскір жанарыңмен...
Қош енді, қош бол, күрең күз,
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем, түнердім
Білермін, қалай білермін?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет